«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
103
Ол, мәселен, мынаны айтты дейік: «Иә, сауда-
герлерге жәрдемдестім. Смирнуға барып, ол жақ-
тан арзан кілем сатып әкелуді білемін. Сондай-ақ
Вавилондағы
көптеген бай адамдарды танимын,
оларға тауарды жақсы пайда әкелетіндей бағамен өт-
кізе аламын». Бұл жағдайда оның ниеті нәтижелі бо-
ларын мойындап, қолдау көрсетер едім. Егер қарыз-
ды қайтаруға кепілдік бере алса,
елу алтын ақшаны
қолына ұстата саламын. Бірақ ол: «Адал адаммын,
қарызымды қайтаруға уәде беремін, бұдан басқа ке-
пілдігім жоқ» десе, менің: «Әрбір тиынды қадір тұ-
татын адаммын. Смирнуға барар жолда қарақшылар
алтыныңды тартып алса немесе қайтарыңда кілем-
деріңді
тонап кетсе, қарызыңды қайтаратындай еш-
теңе қалмайды, менің алтыным да құрдымға кете-
ді», – деп жауап қайтаратыным анық.
– Көрдің бе, Родан, өсімқорлық та – сауданың бір
түрі,
басқаша айтқанда, тек ақшаны айналдыру.
Қарыз ақша беру қиын емес, бірақ негізсіз берілген
ақшаны кері қайтару – қиынның қиыны. Білікті
өсімқор ақшасын тәуекелге тікпейді, оған қайтарым
кепілі керек.
Иә,
бақытсыздыққа ұшырағандарға, тағдырдың
соққысына төтеп бере алмағандарға көмектесу қа-
жет. Жұмысын енді бастап, қоғамда абырой мен құр-
метке бөленгісі келетіндерге де көмектескен абзал.
Бірақ көмекті ақылға сүйеніп берген мақұл,
әйтпесе
бөгденің міндетін өзіне артып алған есектің күйін ке-
шуің әбден мүмкін.
Көздеріңнен тағы бір сұрақты оқып тұрмын,
Родан. Оған жауабым мынадай: алтыныңды өзіңде