Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет56/85
Дата14.02.2023
өлшемі6,68 Mb.
#168709
түріМазмұндама
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   85
Байланысты:
Вавилондағы ең бай адам

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
118
он сан пәле-жаланы айдап әкелетінін жас әрі өмірден 
түйгенім аз болғандықтан, әрине, білмедім. Содан да 
орынсыз тілектеріме бой алдырып, қымбат киімдер 
алдым, әйеліме зергерлік бұйымдар әпердім.
Әупірімдеп жүріп, қарыздарымнан әрең құтыла-
тынмын. Біраз уақыт жаңбыр-жаңбырдың арасы-
мен жүре алдым. Соңырақ өз табысымның тіршілік 
етумен бірге қарыздарымды жабуға жетпейтінін тү-
сіндім. Несие берушілер ізіме түсіп, қымбатқа алған 
нәрселерімнің ақысын төлеуді талап ете бастады. 
Өмір сүру қиынға айналды. Достарымнан қарыз сұ-
рауға көштім. Бірақ оны төлеудің реті келмей қой-
ды. Жағдайым барған сайын ауырлай түсті. Әйелім 
төркініне кетті де, өзім Вавилоннан гөрі, жас адам-
ның өмір сүруіне қолайлы басқа қалаға қоныс ауда-
руды жөн көрдім.
Екі жыл бойы кірешінің ауыр халін бастан кеш-
тім. Сөйтіп жүріп, елсізде қару-күзетсіз керуендерді 
тонайтын қарақшыларға қосылдым. Бұндай іс-әре-
кеттің абыройлы әкенің ұлына лайық еместігі белгі-
лі, бірақ ол кезде дүниені түрлі түсті асыл тастардың 
жарқылымен бағаладым, өзімнің қаншалықты құл-
дырағанымды ұқпадым.
Біздің алғашқы керуен тонауымыз сәтті болды. 
Алтын, жібек, тағы басқа да қымбат тауарларды 
қолға түсірдік. Гинир қаласына мол олжамен барып, 
қолда барды оңды-солды шаштық.
Келесі тонау әрекеті сәтті шықпады. Керуенге 
лап қойғанымыз сол еді, күшті қарсылыққа тап бол-
дық. Әлгі керуенді қорғауға келісім берген жергі-
лікті тайпа өкілдері бет қаратпай, быт-шытымызды 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
119
шығарды. Біздің екі басшымыздың бірін өлтіріп, 
қалғанымызды Шам қаласына айдап әкелді де, онда 
бар киімімізді сыпырып алып, өзімізді құлдыққа са-
тып жіберді.
Сириялық тайпаның көсемі мені екі күміс тиынға 
сатып алды. Шашымды сыпырып тастады да, беліме 
лыпа болар мата байлады. Сөйтіп, кәдімгі құл бол-
дым да шықтым. Қамсыз-мұңсыз жас емеспін бе, бұл 
өткінші ғана күлкілі жайт деп ойладым, бірақ бір 
күні қожайын өзінің төрт әйелінің алдына шығарды 
да, олардың мені әтек ретінде алуларына рұқсат бе-
ретінін жеткізді.
Жағдайымның тым мүшкілдігін сонда ғана ұқ-
тым. Шөлейтте өмір сүретін бұл тайпа жабайы әрі 
аса жауынгер болатын. Не қаруым, не қашуға тит-
тей де мүмкіндігім жоқ болғандықтан, толығымен 
солардың билігіне өттім.
Үрейім ұшқан мені төрт әйел елемеді де, тіпті бай-
қамағандай. Олардың маған аз да болса аяушылық 
танытар-танытпасын білмедім. Сира бәйбіше жас 
жағынан басқаларынан үлкен еді. Ол маған қарады, 
бірақ жүзінен еш өзгеріс көрінбеді. Одан аяушылық 
күту бекершілік деп ойладым. Келесі әйел тәкаппар 
сұлудың өзі екен. Ол маған балшықтағы құртқа көзі 
түскендей селқос көз салды. Екі жас тоқал себепсіз 
жырқылдап күлумен болды.
Маған тиісті үкім шыққанша тік тұрдым, уақыт 
жылжымай қойды. Әйелдердің қай-қайсысы да өз-
дері шешім айтудан гөрі, басқаның сөзін тыңдауға 
бейім сияқты. Ақыр соңында Сира зілді үн қатты:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет