Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет57/85
Дата14.02.2023
өлшемі6,68 Mb.
#168709
түріМазмұндама
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   85
Байланысты:
Вавилондағы ең бай адам

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
120
Бізде әтектер жеткілікті, ал түйе айдаушылар 
аз, барының өзі түкке жарамайды. Бүгін ауру шеше-
ме барып, халін білуім керек еді, ал түйені сеніп тап-
сыратын бірде-бір құл жоқ. Мына құлдан сұрашы, 
түйе бағуға қалай екен.
– Түйе жөнінде не білесің? – деп сұрады қожайын.
Оны шөгере аламын, қомдаймын, ұзақ жолды 
шаршамай жүріп өтуіне қажетті жағдай жасаудан 
хабардармын. Егер қажеттілік туса, түйені емдей 
аламын.
– Мына құлдың әңгімесі түзу екен, – деп бағалады 
қожайын. – Сира, қаласаң, осыны айдаушы етіп ал.
Осылайша Сираның қарауына өтіп, сол күні шал-
ғайдағы сырқат шешесіне оның түйесін айдап бар-
дым. Сәті түскен жағдайды пайдаланып, оған тағды-
рыма араша түскені үшін ризашылығымды білдірдім 
және өзімнің тумысымнан құл емес, Вавилондағы 
беделді шебердің, ерікті адамның ұлы екенімді айт-
тым. Басымнан кешкен жайтты да баяндап едім, 
алайда оның жауабы етімнен өтіп, сүйегіме жетті.
– Егер осалдығың осындай жағдайға дейін құлды-
ратса, сен қалай өзіңді ерікті адамның ұлымын деп 
санай аласың? Егер адамда құлдың жаны болса, ол 
қайда және кімнен туылғанына қарамай, ойпаң жер-
ді қуалай ағатын су секілді түбінде құлдыққа түседі. 
Егер сенде ерікті адамның жаны болса, өз қалаңда 
жүріп-ақ, тағдырдың тәлкегіне қарамастан, құрмет 
пен абыройға бөленер едің.
Бір жылдан астам уақыт құл болдым, құлдармен 
бірге тұрдым, бірақ олардың біріне айнала алмадым. 
Бір күні Сира маған сұрақ қойды:


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
121
– Басқа құлдар қолдары босай қалса, бір-бірін із-
дейді, сен неге шатырда жападан-жалғыз отырсың?
– Бір кезде айтқан сөзің мені әлі толғандырып 
жүр, – дедім. – Менде құлдың жаны жоқ екен. 
Олармен бірге жүре алмаймын, сондықтан жалғыз 
отырмын.
– Маған да жалғызсырауға тура келеді, – деді ол.
– Жасауым орасан мол болғандықтан, қожайын ма-
ған үйленген. Бірақ ол мені сүйген емес. Әйел де өзін 
сүйгенді қалайды ғой. Сол себепті де бедеу болдым, 
ұрпақсызбын, ұлым да, қызым да жоқ. Үйде жалғыз 
отыруға мәжбүрмін. Егер еркек болсам, құлдықтан 
гөрі, өлімді лайық санар едім, бірақ тайпамыздың 
әдет-ғұрпы әйелдерді еріксіз күңге айналдырады.
– Бұл жолы мен туралы не ойлайсың? – деп сұра-
дым. – Мендегі рух кімге лайық, ерікті адамға ма, 
әлде құлға ма?
Өз кезегінде, ол:
– Вавилондағы қарызыңды өтегің келе ме? – деп 
сұрады.
– Иә, сол ой мазалап жүр, бірақ оған мүмкіндік 
жоқ қой.
– Егер бірнеше жыл өтіп, сен оған талпынбасаң, 
онда жаның бұрынғысынша құлға тән болғаны. Ер 
адам өзінің абыройын ойлауы керек, ал қарызын 
өтемейтін адамды сыйлауға бола ма?
– Қолымнан не келеді? Сирияда, құлдықта жүр-
ген жоқпын ба?
– Ендеше Сирияда құл болып қала бер, босбелбеу.
– Әлсіз емеспін, – деп қызбалана ақталдым.
– Дәлелде соны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет