Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет67/85
Дата13.09.2023
өлшемі6,68 Mb.
#180904
түріМазмұндама
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   85
Байланысты:
2 5355048207715931999

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
140
осындай. Біздің қарызымыз мұқият төленуде, ал 
жинағымыз сонымен бірге жарыса молаюда. Оның 
үстіне біздің қаржылық ахуалымыз айтарлықтай 
жақсарды. Ақыры біз тіршілік ағысымен жүзе бер-
геннен гөрі, қаражат жоспары бойынша өмір сүрудің 
арасында орасан айырма барын ұғындық.
Келесі жылдың соңында, бар қарызымыздан құ-
тылған кезде, біздің салымымыз еселене түсіп, 
тіпті саяхаттау мүмкіндігі туады. Біз енді бұдан 
былайғы жерде шығысымызды табыстың жетпіс 
пайызынан асырмауды шегелеп тұрып шештік.
Өз жоспарымыз арқылы бізді «жер үстіндегі то-
зақтан» құтқарған ежелгі вавилондыққа ерекше 
алғыс білдіру ниетімізді енді түсінген боларсыз.
Ол осының бәрін біліпті. Ол бәрін басынан кеш-
кен. Осы бір ащы тәжірибесінің өзгелерге сабақ бо-
луын қалапты. Сол себепті де ол ұзақ сағаттар 
бойы сазтақтаға түйінді ойларын ойып жазыпты.
Оның тағдырлас бауырларына айтары бар болып 
шықты және ол қалдырған мәліметтің маңызы 
арада бес мың жыл өткен соң да сазтақтаға жазба 
түскен күндегідей өзектілігін жоғалтпапты.
Шын жүректен
сіздің Альфред Шрузбериіңіз,
археология бөлімшесі


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
141
х
Вавилондағы ең 
бақытты адам
К
еруеннің басында Вавилон саудагерлер королі 
десе жарасар Шарру Нада шауып келеді. Ол 
сәнді киінгенді ұнатады, сондықтан да үстінде қым-
бат әрі ыңғайлы киім. Ол сұлу жылқыларды жақсы 
көреді, қазір ойнақтаған арабы сәйгүлікте қаққан 
қазықтай тік отыр. Сырткөз оның егде тартқан кісі 
екеніне сенбес еді, сондай-ақ оның мазасыз ой кешіп 
келе жатқанын да ешкім байқамас.
Дамаскіден шөлейт арқылы өтер жол ұзақ әрі 
қиын болды. Бірақ оны бұл жай мазалаған жоқ. 
Арабтың жабайы тайпалары керуенге шабуыл жа-
сап, тонауға дайын тұрады. Бұл да оны үрейлендіре 
алмайды, оның атты күзеті қандай қарақшылардан 
да сенімді қорғай алады.
Оны Дамаскіден жанына еріп келе жатқан жас 
жігіттің жайы мазалайды. Ол – бұрынғы серікте-
сі Арад Гуланың немересі Хадан Гула. Шарру Нада 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет