Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет42/86
Дата06.11.2022
өлшемі6,68 Mb.
#156706
түріМазмұндама
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   86
Байланысты:
Вавилондағы ең бай адам

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
89
АЛТЫННЫҢ ТӨРТІНШІ ЗАҢЫ
Өзі жай-жапсарын білмейтін іске салған 
адамның алтыны қолынан сусып кетеді.
Алтыны бар, бірақ оны тиімді пайдалануды біл-
мейтін адамға көптеген мүмкіндіктер өте пайдалы 
болып көрінеді. Алайда олар қор жинағына жоғалу 
қаупін төндіреді. Егер оны тәжірибелі кісілер сарап-
тайтын болса, онда олардың пайда әкелер мүмкіндігі 
шамалы екеніне көз жеткізер еді. Сондықтан да өз 
бетінше беймәлім іске қол артатын жинақ иесі көбі-
не тәжірибесіздігі салдарынан қолда барын шашып 
тынады. Істің мәнісін білетіндердің кеңесіне жүгі-
ніп, алтынын орнымен іске қосқандар ғана барма-
ғын шайнап, өкінбейді.
АЛТЫННЫҢ БЕСІНШІ ЗАҢЫ
Қолынан келмейтін іске ұрынған немесе 
алаяқтар мен жылпостардың қармағына түскен 
немесе болмашы тәжірибесі мен 
тез баю туралы бос қиялына сенген 
адамнан алтын іргесін аулақ салады.
Алтын иесіне ылғи да сиқырлы ертегіге ұқсас елік-
тірер ұсыныстар түседі. Ондайда ұшқары әсер пайда 
болады, байлық сиқырлы күшке айналып, шексіз 
табыс әкелетіндей болып көрінеді. Бірақ ондай ұсы-
ныстарды білікті адамдар сараптайтын болса, жыл-
дам баюға жеткізеді дейтін әр жоспардың тасасында 
қауіп тұрғаны көрініп қалады.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
90
Бұл орайда ниневиялық байлардың негізгі қор 
жинағын нар тәуекелмен еш уақытта күдікті істерге 
жұмсамайтынын ұмытпаңдар.
Алтынның бес заңы осындай. Сабақ болар оқиға-
ларды айта отырып, сендерге өз байлығымның құ-
пиясын да аштым.
Алайда бұл шын мәнінде байлықтың құпиясы 
емес, ақиқат шындық. Күйкі тіршіліктен құтылғы-
сы, аш шибөрілер сияқты қарын тойдыруды ғана 
ойлауға бас қатырғысы келмейтін әр адам бұларды 
білуге тиіс.
Ертең біз Вавилонға жетеміз. Әне, Ваала шіркеуі-
нің төбесінде өшпейтін оттың жарық сәулесін көр-
діңдер ме? Алтын қала қол бұлғап тұр. Ертең әрбірің 
қалтқысыз қызметтерің үшін алтын аласыңдар.
Он жыл өткен соң ертең қолдарыңа тиетін алтын-
дар туралы не айта аласыңдар?
Араларыңда Номасир секілді қолдағы алтынды 
Аркадтың даналығына сай байлыққа апарар ал-
ғашқы қадамға айналдыратындар табылса, онда он 
жылдан кейін олар Аркадтың ұлы сияқты ауқатты 
да құрметті адам санатына қосылады.
Біздің саналы іс-әрекеттеріміз өмірде тура жолға 
бастап, көмектесіп және қуанышқа бөлеп отырады. 
Сол сияқты, асығыс қадамдарымыз мазамызды қа-
шырып, үрейлендіреді де тұрады. Өкінішке қарай, 
оны киім секілді шешіп тастап, ұмытып кете алмай-
сың. Қолға алған ісіңді аяқсыз қалдырғаның туралы 
естеліктер үнемі қос өкпеңді қысып, тынысыңды 
тарылтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет