«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
95
жақсылыққа құлшындырады, алайда кез келген қа-
йырымды істің аяғы жағымсыз нәрсеге ұрындыруы
мүмкін.
Сен хайуандар тілін
білетін ниневиялық шаруа
жайындағы хикаяны естіп пе едің? Естімеген болар-
сың, себебі ондай әңгімелер ұстаның көрігі жанын-
да айтылмас болар. Саған соны әңгімелеп берейін,
сонда қарызға ақша беру дегеннің жай ғана алтынды
қолдан-қолға өткізу еместігін түсінерсің.
Әлгі хайуандардың бір-біріне не айтатынын түсі-
нетін шаруа кешкісін ауласында отырып, түрлі жан-
жануарлардың әңгімесін тыңдауды жақсы көреді
екен. Бір күні
өгіздің өз тағдырына налып, есекке
шағынғанын естіпті:
– Бозала таңнан қара кешке дейін ауыр соқаны
сүйретемін. Күннің ыстық екенімен де, аяғымның
шаршағанымен де, мойынтұрықтың қажағанымен
де ешкімнің ісі жоқ. Менікімен салыстырғанда өмі-
рің жеңіл ғой. Үстіңе
жабу жабылады, қожайынды
баратын жеріне жеткізуден басқа жұмысың жоқ. Ол
ешқайда бармаса, күні бойы көк шөпті күйсеп, бос
тұра бересің.
Есектің қиқарлығы болғанмен, табиғатында қа-
йырымды еді, өгізді аяп кетті.
– Тыңдашы, досым, – деді ол, – рас, жұмысың
ауыр, сенің жағдайыңды жеңілдеткім келеді. Күні
бойы демалу үшін не істеу керектігін саған айтайын.
Таңертең құл сені соқаға
жегуге кіріскенде жата қал
да, аянышты мөңіре, ол сені ауру, жұмысқа жара-
майды деп ойласын.