«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-233-72-57
124
күні түйеден сыпырылып түстім де, оған қайта мі-
нуге күшім жоғын білдім, енді елсіз шөлейтте ажал
құшу ғана қалды.
Жерде жатқан күйі ұйықтап кетіппін. Таң ата
шыққан күн сәулесі оятты.
Сүйретіле тұрдым да, жан-жағыма көз салдым.
Таңғы ауадан салқын леп сезіледі. Түйелерім алысқа
ұзамай шөгіпті. Қимылсыз. Айнала тас аралас құм,
әр жерден тікенді шөп көзге шалынады. Су да, адам
мен түйеге жарайтын қорек те жоқ.
Осындай елсізде ғұмырымның біткені ме? Басым
қай кездегіден де жақсы істеп тұр, ал денем өзінің
маңызын жоғалтқандай. Жарылған әрі қан қатқан
ерінде, құрғап ісінген тілде, аш қарында ешқандай
мән қалмады.
Алысқа көз тастап, өзімнен-өзім тағы сұрадым:
«Жаным кімге тән – құлға ма, ерікті адамға ма?».
Сол сәт миымда айқын ой жылт етті: «Егер құл бол-
сам, онда жата кетіп, мына елсізде арам қатуым ке-
рек. Қашқын құлға лайық ажал – осы.
Егер тәуелсіз адам болсам, Вавилонға апарар жол-
ды қалай да тауып, маған сенім артқан адамдарға бе-
решегімді қайтарып, сүйікті жарым мен туыстары-
ма аман-есен оралуым керек».
«Сенің дұшпаның – ол сенің қарызың. Сені
Вавилоннан сол қуды емес пе?» – Сира осылай деп
еді-ау. Шын сөз. Неге ер адамға лайық әрекет етпе-
дім? Неге әйелімнің төркініне кетуіне жол бердім?
Осы кезде таңғаларлық жайт болды. Кенет дү-
ниенің түсі кенет өзгеріп кетті, бұған дейін оған
түрлі түсті тастар арқылы қарап келіппін, соны бір
«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
125
ғажайып күш көз алдымнан сырып тастағандай
болды. Мен сол сәтте өмірдің шын бағасын айқын
сезіндім.
Шөлде өлемін бе? Жо-жоқ! Не істеу керегін түсін-
дім. Біріншіден, Вавилонға жетуім, екіншіден, қа-
рыз берген әр адамға жолығуым керек. Оларға ұзақ
жылға созылған қаңғу мен бақытсыздықтан кейін
елге оралдым, енді қарызымды қайтару үшін әрекет
ететінімді айтамын. Содан соң әйеліме арнап үй са-
лып, ата-анам мақтаныш етердей қаланың абырой-
лы тұрғыны болуға тиіспін.
Қарыздарым маған нағыз дұшпан екен-дағы, қа-
рыз берген жандар достарым болып шықты, өйткені
олар сенім артты ғой.
Өлермендікпен орнымнан тұрдым. Аштыққа да,
шөлге де назар аудармадым. Олар Вавилонға барар
жолымда кедергі келтіре алмады. Бойымда еркін
адамның рухы оянды, ол мені достарымды қай-
тарып, жауларыммен беріспей шайқасуға қайрап
бақты.
Қырылдаған даусымнан тәуелсіз адамға тән ерік-
жігерді сезінген түйелерімнің тұманданған көзде-
рінде тіршілік ұшқыны пайда болды. Шөккен тү-
йелерім бірнеше рет ұмтылыстан кейін төртаяқтап,
бойларын тіктеді де, ішкі түйсігімнің болжауына
сәйкес оларды Солтүстікке, яғни Вавилонға қарай
бағыттадым.
Ұзамай біз су көзін таптық. Жеткен жеріміз құ-
нарлы екен, өсімдік пен жеміс ағаштары да жетерлік.
Вавилонға барар жолды да таптым, өйткені ерікті
жан өмірдің түйінді мәселелер тізбегінен тұратынын
|