«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
33
бірден жинап алып, лақтырып тынсайшы», – дегім
келсе, жоқ, олай айтпас та, істемес те едім. Егер ал-
дыма міндет қойсам, оны орындаймын. Сол себепті
күрделі, орындалмайтын мақсатқа ұмтылмаймын.
Сонда екінші бір досы орнынан тұрып былай деді:
– Сенің айтқандарың рас және бәрі сондай жеңіл
болса, неге айналаңда кедей-кепшік толып жүр?
– Адамдар еңбегін жұмсаса ғана байлық еселене тү-
седі, – деді Аркад. – Егер бай өзіне жаңа сарай салса,
құрылыс үшін төленген барлық алтын жойылып кете
ме? Жоқ. Қыш құюшы мен қалаушы да, суретші де
өз үлестерін алады. Құрылыста еңбек еткен әр адам-
ның өз үлесі бар. Сарай пайдалануға берілгенде оның
құны жұмсалған барлық қаржыдан артық болмай
ма? Сондай-ақ сарай тұрғызылған жер мен оның ай-
наласындағы жер телімдерінің бағасы қымбаттамай
ма? Байлық
сиқырлы жолдармен еселенеді, ал бұл
жолдар ешкімнің рұқсатын, келісімін қажет етпейді.
Финикийліктер өздерінің ірі қалаларын сауда кеме-
лерімен теңіздің арғы жағынан әкелінген байлықтың
есебінен құнарсыз жерге салып алды емес пе?
– Ал енді біздің де баюымыз үшін сен қандай ке-
ңес берер едің? – деп сұрады үшінші дос. –
Жылдар
жылжып, біз қартайып барамыз, күтуге уақыт жоқ.
– Альгамиштің даналығын пайдаланыңдар да, өз-
деріңе мынаны айтыңдар: «Мен тапқан барлық ақ-
шаның бір бөлігі өзіме тиесілі». Содан соң барлық
табыстарыңның жұмсамауға
болатын бір бөлігін жи-
нап, сақтауға тырысыңдар. Ол табыстың кемінде он-
нан бір бөлігі болсын. Бұл үшін қажетті барлық шы-
ғыстың есеп-қисабын жасаңдар. Бірақ алдымен өз