Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет13/86
Дата06.11.2022
өлшемі6,68 Mb.
#156706
түріМазмұндама
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   86
Байланысты:
Вавилондағы ең бай адам

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
34
үлестеріңді былай бөліп қою керек. Көп ұзамай өзде-
рің ғана жарататын ақша жиналғанын көріп, бұның 
соншалықты жағымды екенін сезінесіңдер. Алтын 
көбейген сайын, жағымды сезім де арта түседі. Өмір 
басқа қырынан танылады. Сендер көбірек қаржы та-
буға мүдделі боласыңдар, себебі үлестерің де өседі.
Содан соң ақшаны бос жатқызбай, жұмысқа жегу 
керек. Оны өздеріңе құл етіңдер. Олар балалайтын 
болсын, балалар да балалауға тиіс, айналып келген-
де, олардың барлығы қожайынның игілігіне қызмет 
етеді.
Өз келешектеріңді қамтамасыз еткен жөн. 
Қарияларға назар аударып, уақыт келгенде сендер 
де сондай болатындарыңды ойлаңдар. Сондықтан 
ақшаны бір іске жұмсағанда сақтық қажет, босқа 
кетпесін. Ақшаны өсім үшін қарызға беру – тәуекел 
тірлік, әлдеқайдан естілген құлақ жарар қатты ды-
быстың дұрыс жол көрсету орнына аңғал теңізшіні 
жарға апарып соқтыруы да мүмкін.
Тапқаның таусылып, о дүниеге аттанғанда отба-
сыңның ештеңеге мұқтаж болмауын алдын ала ой-
ластырған дұрыс. Бұл үшін аздаған соманы тұрақты 
түрде бөлек жинап отыру керек.
Жан-жақты хабардар адамдармен кеңескен жөн. 
Кеңесті ақшамен күнделікті жұмыс істеп жүрген кі-
сілерден алу керек. Олар сендерді бір кезде қыш құю-
шы Азмурға ақшамды сеніп тапсырған қателігімнен 
сақтасын. Нартәуекелден гөрі, ақшаны сенімді адам-
ға шамалы өсіммен берген әлдеқайда пайдалы.
Жер басып жүргенде өмірдің қызығына бөленің-
дер. Ақшаны тым көп жинауға ұмтылмаңдар. Егер 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
35
табыстың оннан бір бөлігін сақтау жеңіл болса, соған 
қанағаттанған мақұл. Табысқа сай өмір сүріп, ақша 
жұмсаудан қорықпаңдар. Қызыққа толы өмір жанға 
да жайлы.
Достары алғыс айтып, жөндеріне кетті. Кей-
біреулері үн қатпады, өйткені бәрін бірдей түсіне 
қоймаса керек. Бірқатары сонша бай адамның жұрт 
алдында бар сырын жайып салғанын қабылдай ал-
май, күдікке берілді. Дегенмен кейбірінің көздерін-
де от ұшқындады. Альгамиштің әр жолғы келісі өзі-
нен ақыл сұраған жанның қараңғы түнектен жарық 
сәулеге қарай қалай сүрлеу салғанын бақылағаны 
екен. Егер бұл адам түнектен жарыққа шыға алса
онда оның іске дайын болғаны-да.
Аркадқа әсіресе осы соңғы топ жиі келгіштеді, ол 
әр жолы достарын құшақ жая қарсы алды. Олармен 
ашық әңгімелесіп, тәжірибеге бай адамдардың әде-
тімен өз білгенін бүкпесіз жайып салды. Сөйтіп, ке-
лушілерге ақша жинаудың, оны босқа жұмсамай, 
табысты тұрақты түрде еселеудің жолдарын ерінбей 
үйретті.
Бұл адамдардың өміріндегі дұрыс бағытқа қадам 
жасаулары әуелі Альгамиш – Аркадқа, ал Аркад, өз 
кезегінде, өздеріне берген даналықты бойларына сі-
ңіру сәтінен басталған еді.
яяяяяя
СЕНДЕР ТАПҚАН БАРЛЫҚ ҚАРЖЫНЫҢ 
БЕЛГІЛІ БІР БӨЛІГІ ӨЗДЕРІҢЕ ТИЕСІЛІ
яяяяяя




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет