«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-233-72-57
160
деп ойлай бастадым. Бірақ біздің соңғы кездескені-
міз есіме түсіп, ол ойымның бұрыстығын түсіндім.
Жаудың аты – жау, реті келсе, оны өлтіру керек
деп есептейтін Қарақшыны да есіме аламын. Оған
ақ өлім бұйырмады, демек, оның пікірі де біржақты
екен-дағы.
Кейде Мегиддоны еске аламын. Оның қолдары
ауыр жұмыстан күс-күс болып,
жарылып кеткен,
бірақ оның жүрегі тыныш еді, жүзі қуаныштан бал-
бұл жанады. Шамасы, ең үздік жоспар сонікі болса
керек. Бірақ жұмыс неге маған бақ пен қуаныш сый-
ламайды? Неліктен
өз жоспарым мен мақсаттарым-
ды ұмытып, соңғы демім біткенше жұмыс істеуіме
тура келеді? Бұл сауалдарға менде жауап болмады,
жаным жай таппай, әрі-сәрі күй кештім.
Бірнеше күннен соң, бойдағы күшім сарқылуға
айналып, мазалаған сұрақтарға жауап таппай жүр-
генімде, Саси мені шақыртты.
Бұрынғы қожайыным
мені Вавилонға қайтаруды өтініпті. Мен әмиянымды
қазып алдым да, үстіме қалған-құтқан киімімді іле
салып, жолға түстім.
Жол бойы мені ары-бері қаңбақша домалатқан құ-
йын тағдырым туралы ой мазалады.
Менің өмірім,
қарап отырсам, туған қалам Харрунда айтылатын
әннің сөзін еске түсіреді екен.
Адамды құйын үйірер,
Құмдауыл айдар алысқа.
Жол таппай байғұс күйінер,
Қол жетпей мақсат, табысқа.