Вестник казнпу им. Абая, серия «Физико-математические науки», №4(72), 2020 г. 180 Мрнти



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата27.12.2022
өлшемі1,2 Mb.
#164592
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
136-Текст статьи-588-1-10-20210610

 
Ключевые слова
: нейронная сеть, искусственный интеллект, компьютерное моделирование, обучение с 
учителем. 
 
Abstract 
TO THE QUESTION OF LEARNING MODELING A NEURAL NETWORK 
IN SCHOOL COURSE OF INFORMATICS 
Issabayeva D.N.
1
, Abdulkarimova G.A.

1
Kazakh National Pedagogical University named after Abai, Almaty, Kazakhstan 
 
The article describes an approach to computer modeling of a neural network. To simulate a neural network, it is 
necessary to collect a large amount of data about the simulated object, identify its features, create an algorithm that is a 
set of operations performed on a computer. The function of neural networks is based on classification (sorting), 
prediction and recognition of objects or events. Modeling neural networks can be carried out by collecting data about an 
object, highlighting its distinctive features and creating an algorithm using the example of Iris-Fisher flowers. 
The article also includes a description of the execution of a neural network design task and the use of machine 
learning algorithms for data mining in an MS Excel spreadsheet processor for teaching lessons. 
Keywords: 
neural network, artificial intelligence, computer modeling, supervised learning. 
Кіріспе 
Ақпараттық технологиялар саласы адамның еңбек және тұрмыстық жағдайларын түбегейлі 
өзгертеді. IT-индустрияның дамуының ең алдыңғы қатарлы бағыттарының бірі - жасанды интеллект 
болып табылады. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №4(72), 2020 
181
Жасанды интеллект анықтамасы интеллектуалды жүйелердің күрделі тапсырмаларды орындау 
қасиеті; интеллектуалды машиналарды, интеллектуалды компьютерлік бағдарламаларды жасау 
ғылымы мен технологиясы ретінде әр түрлі нұсқада кездеседі . Келтірілген анықтамаларда жасанды 
интеллект тұжырымдамасы бір жағынан бұл адамға ұқсас машиналар жасау туралы ғылым ретінде 
бейнеленсе, ал екінші жағынан есептеу технологиясының қасиеті ретінде беріледі [1-4]. Қазіргі кезде 
«Жасанды интеллект» ұғымының бастапқы анықтаманың мейлінше өзгеріске ұшырағаны анық . 
Осыған орай, қазіргі кезде жасанды интеллект бірқатар заманауи технологияларды қамтитын және 
компьютерлік ғылымның мүмкіндіктерін кеңейтетін көлемді ғылыми ұғым болып табылады. 
Жасанды интеллект жүйелерін құрудың өзектілігі бүгінгі күні қазіргі қоғамның шешуге тиісті 
мәселелердің күрделілігімен байланысты. Өнеркәсіп, бизнес, қаржы, білім, спорт, ойын-сауық және 
басқа да салаларға енгізілген жасанды интеллект жүйелері бұрынғы әдістерге қарағанда жоғары 
тиімділікті, жылдам өтелімділікті және айқын артықшылықтарды көрсетуде. 
Қазіргі кезде жасанды интеллект бағыты инновациялық экономиканың ең дамыған салаларының 
біріне айналуда. Ол қызықты әрі шешілмейтін мәселелерге толы, оларды шешу технологиялардың 
артуына, жаңа нарықтардың ашылуына, қоғам әл-ауқатының өсуіне әкеледі. Алайда жасанды 
интеллектіні дамытудағы тағы бір кедергі болатын мәселе - кадр мәселесі, бұл әлемде жасанды 
интеллектіні құруға қабілетті білікті мамандардың жеткіліксіздігімен түсіндіріледі [5]. 
IT саласын дамытудың қазіргі жағдайында кез-келген мемлекеттің болашақ әлеуеті қазіргі мектеп 
оқушылары жасайтын кәсіби таңдауымен, олардың IT-мамандықтарын таңдауға қаншалықты түрткі 
болатындығымен, олардың өзектілігін қаншалықты түсінетіндіктерімен, жеке тұлғаның өзін-өзі 
анықтауы және Отанның алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарында қуатын нығайту стратегиялық 
маңыздылығын түсінумен анықталатыны анық. Сондықтан мектеп, әсіресе, біздің елімізге және 
жалпы адамзатқа қатысты мәселелерді шешуден тыс қалмауы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет