«Ветеринария» факультеті «Ветеринариялық – санитария және гигиена»


Сүтті бағыттағы ешкілерді азықтандыру



бет3/7
Дата07.02.2022
өлшемі28,32 Kb.
#97720
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ешкі және бал арасы
Диктанттар жина ы (9-11 сыныптар шін) растыр ан Кизембева. А
2.2.Сүтті бағыттағы ешкілерді азықтандыру
Сүтті бағыттағы ешкілердің рационы негізінен пішеннен және жем араластырған тамыр-түйнектілерден құралады, ал азықтың мөлшері ешкінің өнім беру көлеміне тікелей байланысты болады. Қыста және жазда азықтандыру екі түрге бөлінеді. Қыста ешкінің рационына негізінен пішен мен жем араласқан тамыр түйнектілер не болмаса сүрлем кіреді. Төменде ешкіге қыс айларында берілетін рационына шамалас үлгісі беріліп отыр. Рационның негізгі құрамы пішеннен тұрғанда, рацион негізінен 2,5кг жоңышқа пішеннен құралған. Тәулігіне 1,5 кг сүт беретін ешкіге жоңышқаға қосымша арпа, не болмаса сұлы жемін қосады. Егерде ешкі 4 кг жоғары сүт беретін болса, жоңышқа пішеніне қосымша қоспа жем оның бір азық өлшемінде 160 г қорытылатын протеин болу керек.
Ешкіні жазда және қыста азықтандырудың ерекшеліктері Ешкіні жазда азықтандыру. Табиғи жайылымдағы балауса көк шөп ешкінің ең құнарлы да, нәрлі азығы Көк пюпте 20 25 процент протеин, 10 15 процент клетчатка, 4- 5 процент май және 35 50 процент арасында азотсыз экстрактивті заттары бар. Жайылым шөбінің протеині биологиялық жағынан өте құнды келеді. Ешкі минералдық заттарды, витаминдерді, әсіресе каротинді көк шөптен алады. Оларды ешкі сүйсіне жейді және жақсы сіңіреді. Көк шөптегі органикалық заттарды ешкі майы 75 85 процентке дейін сіңіреді. Ешкіні жайған кезде жайылым уақыты мен демалыс кезін дұрыс ұйымдастыра білу өте қажет. Мысалы, ешкіні жайып жүрген кезде ешкінің көпшілігі айтын болса, ол ешкілердің демалысын бұзбау керек. Бұл кезде ешкілер күйіс қайтара бастайды да, азықтың сіңімділігі артады. Жаз айларындағы жайылымда ешкіні дер кезінде суаруда кеп мән бар. Егер жайылымда шөп құрғақ болса, ешкіні күніне екі рет суарған жөн, ал ауа 1 райы салқын, шеп шырынды болса бір рет суарса да жарайды. Күн ыстық кезде ешкіні желге қарсы жайып жүрген пайдалы. Ал ең тиімдісі күн ыстығы қайтқан кезде, әсіресе таң қылаң бере, не кеште тіпті түнде жаю. Сонымен бірге тус кезінде ешкіні лапас астына, не болмаса ешкіні жел соғатын биіктеу жерге иірген жөн. Ешкіні аш қарында алдымен өте шамалы өріске жайып, бірте-бірте оты қалың шұрайлы жерге ауыстырады. Республикамыздың оңтүстік аймақтарында ешкіні қыста бір мезгіл жайылымда бағуға болады. Мұндайда не күздің сыйы кездерінде малды жайылымға шығару алдында аздап пішен немесе сүрлеммен азықтандыру керек. Егер ешкі жайылымнан тоймай қайтса, оған қораға қамар алдында қосымша пішен, құнарлы жем беріледі. Ешкіні қыста жаю биологиялық, экономикалық жағынан да тиімді. Мысалы, ашық күні таза ауада көп жүрген мал жақсы жетіледі, денесі сергек, қолайсыз жағдайларға төзімді келеді. Сонымен қатар мұндай кезде өз аяғымен жайылған мал керекті қоректік заттарға, яғни минералдық заі4 пен витаминдерді көптеп табады. Ешкіні қысқы жайылымдарға жаю үшін қары аз, оты мол, күнгей учаскелерді пайдаланған жөн. Боранды немесе қар қалың түскен, болмаса мұздақ күндері ешкіні жайылымға шығармай, аулада жемшөп беріп ұстаған ыңғайлы да пайдалы. Ешкіні мұздақ жайылымға жайса, онда жайылым шөбімен бірге ешкінің ішіне мұз түседі де, буаз ешкілер іш тастауына әкеліп соғады. Stud, Ешкіні қыста азықтандыру. Ешкіні қыста азықтандыру, күтіп-бағу әрі ауыр, әрі ең жауапты кезең. Жайылымдағы ешкіні қолда бағуға бірте-бірте көндіреді. Күзгі қара суық түскеннен бастап, ешкіні өріске шығарар алдында, оларға таңертең шөп пен сүрлем беріледі. Егер ешкі өрістен жақсы тойынбай келсе, онда кешке жақсы пішен береді. Қолда бағуға ең алдымен лақтарды, ал ең соңында серкелерді көшіреді.
Қыстың бастапқы кезеңінде ешкіге пішен мен сүрлем азықтарының сапасы орташаларын жегізеді. Қатты аязды күндері олардың өзі де сояулы азықты жақсы жейді. Ең сапалы, нәрлі азықтар қыстың екінші жартысында - желінлеген және лақтаған ешкілерге бөлінеді. Лақтаған ешкілердің сүттілігіп арттыру үшін, лағын жақсы тойындыру үшін азықтарды көбірек берген жөн ырінші жыл қыстатылатын марка лақтар мен тушалардың тез өсіп-жетілуі үшін оларға жемшөптің ең сапалысын береді. Ешкіні азықтандыру тәртібі мынадай: таңертең ешкіге түннен желінбей қалған жемшөпті немесе сабанды, сонан кейін пішенді береді. Сүрлемді талтүсте, суарар алдында, ал жемді суарғаннан кейін береді. Кешке қарай пішен береді де, түнде алдына сабан тастайды. Ешкіні ашық қорада азықтандырады, мұның езі шөпті жақсы жеуге едәуір әсер етеді. Тек жауын-шашынды, қарлы боранды күндері ғана жабық қорада азықтандырады. Ешкі күндіз көбінесе беті ашық қорада тұруы немесе жайылуы керек. Мұның өзі ешкінің денсаулығының жақсаруына, әрі оның жүнінің шығуына, түбіттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Жабық қорада көп тұрған ешкінің организмі әлсіреп, суыққа шыдамсыз келеді, әрі ( төлі де нашар болып туады. Ешкіні қыста тәулігіне бір рет - талтүсте суарады. Оларға суық тигізіп алмас үшін суды жылытып беру керек. Бүл кезде әсіресе лағы бар ешкілерді суаруға айрықша көңіл бөлген жақсы. Олай болмаған жағдайда олардың сүті кеміп, лағын жақсы тойындыра алмайды.
Қыстың алдында қора жайды тиянақты дайындау керек, ол үшін қораның тесік, саңылауын бітеп, жөндейтін жері болса жөндеп, қидан тазартады және дезинфекциялайды. Қораның табанын ойып, оған сабан немесе құрғақ топырақ төсейді. Сабан немесе құрғақ топырақ ешкінің несебін тез сіңіріп алады да, қора ауасының құрғақ, әр түрлі иіс-қоңыстың аз болуына береді. Әр ешкігесептегенде тәулігіне 0,5 -1 килограммдай сабан төселеді. Осы беріліп отырған рационды 1,5-нан 2 кг сүт беретін ешкілердің тәулігіне қажетті қоректік заттармен камтамасыз етеді. Ал сүтті жоғары мөлшерден кеп беретін ешкілерге 1 кг сүт мөлшеріне, 0,4 кг қоспа жем, оның бір азық өлшемінде 160 гқерытылатын протеин болу керек. Ешкі сүтінің химиялық құрамы мен кейбір - қасиеттері жағынан сиыр сүтінің құрамына ұқсас келеді, бірақ та ешкі сүті қуатты болады, құрамында құрғақ қалдық, май, белоктар және минералды тұздар көп болады. Ешкі сүтінің қой сүпнен айырмашылығы оның құрамында май мен белоктың аз болуында. Мысалы, ешкі сүтінде орта есеппен" алғанда 4,49% белок, 4,37% май болса, сиырдікінде осыған сәйкес 3,30 және 3,9, ал қойдікінде б және 6,18%. Ешкі сүтінің қоректілігі ете жоғары болу себебі, оның құрамында мал мен адам организмінің өмір сүруі және қалыпты өсуі үшін қажетті барлық заттар, оның ішінде таптырмайтын амин қышқылдарының келетін үлесіне көп байланысты. Ешкі сүтіндегі А витаминінің мөлшері жағынан сиырдікінен кем емес. Ешкі сүті С және Д витаминдеріне өте бай болады.
Минералдық заттар сүтте органикалық түз жануары қышқылдар түрінде кездеседі. - және органикалық емес Ешкі сүтінің химиялық құрамы үнемі бір қалыпты болмайды. Сүт құрамы мал тұқымына, бағып-күту жағдайына, сауын маусымына және көптеген факторларға байланысты өзгеріп отырады. Сүтте қандай витаминдердің қанша мөлшерде болуы, ешкіге берілетін азықтардың құрамындағы витаминдерге байланысты. Қысқа қарағанда жазды күнгі сауылған сүтте витаминдер көп болады. Ешкінің сүтіндегі май түйіршіктерінің көлемі сиыр сүтіндегі түйіршіктерге қарағанда өте майда болып келеді де, ішекте өте жақсы сіңіріледі. Ешкі сүтіндегі белоктар, лактоза мен глюкозалар қарында жақсы сіңіріледі) Сүтті ешкі тұқымдары басқа ешкілермен салыстырғанда сауу мерзімі едәуір ұзақ болады, ол 9 10 ай мерзіміне дейін сауылады. Жергілікті қылшық жүнді ешкілердің сауын мерзімі 4 6 айға дейін созылады. Жүнді және түбітті ешкілердің тұқымдары жақсы азықтандырғанда туғаннан кейін 8 -10 күннен бастап саууға болады. Ешкінің сүттілігі сауу тәртібіне және күніне бірнеше рет сауылуына, желінінің күтіміне байланысты. Жеке меншіктегі оншақты ешкіні желілерге көгендеп барып сауады. Ешкі сауымы алдында желіні мен емшегін жылы сумен жуып, құрғағанша сүртеді, жеңіл массаж жасайды. Сауыншы адамда қолын сабындап жууға тиіс.
Сүттің көбеюіне және майлылығына сауу шапшаңдығының әсері мол. Ал ақырын сауу сүт шығымын кемітеді және ондай сүтте май аз болады. Ешкі сүтін май, ірімшік және кілегей дайындауда пайдаланады. Қыс кезінде ешкіні күніне 2 мезгіл сауу керек, сағат ертеңгі 8 және кешкі 20, ал жаз айларында күніне мезгіл - ертеңгісін 7, түсте - 14, кешке - 22 сағатта Ешкіні азықтандыру алдында сауып алу керек. Сауыр алдында қолдыжақсылап тазартып, ешкінің емшегін жылы сумен тазалап жуып, кептіріп сүртукерек. Ешкіні сиырды сауғандай сауады. Алғашқы сүтті бөлек ыдысқа тезде іп сауып және соңында саууды бәсеңдету керек. Ешкіні сауғанда сүтін түгел алған жақсы әйтпесе ешкінің желіні бұзылады. Сауылып алынған сүтті қолма-қол марлі арқылы сүзіп алып және содан кейін тез салқындату қажет Кейбір жағдайда ешкінің сүтінде өзгеше иіс болады Бұндай малды бракқа шығару керек. Бұл малды анықтау киын емес, егерде ешкінің басынан ұнамсыз иіс шығып тұрса, онда сауылып алынған сүтте заңды түрде ұнамсыз текенің иісі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет