«Ветеринария» факультеті «Ветеринариялық – санитария және гигиена»


Ешкілерді азықтандыру мен бағуды дұрыс ұйымдастыру



бет4/7
Дата07.02.2022
өлшемі28,32 Kb.
#97720
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ешкі және бал арасы

Ешкілерді азықтандыру мен бағуды дұрыс ұйымдастыру
Солтүстік-шығыс Қазақстан жағдайында ешкілерді жайылымда - қолда бағу жүйесі қалыптасқан. Жайылым көктем-жаз-күз кезеңдерінде пайдаланылады. Жыл мезгілдеріне байланысты ешкілер әр түрлі жайылымдарда бағылады; көктем мен күзде жусанды раңды жайылымдарда, жазда тау жайылымдарында. Жайылымның орташа өнімділігі: көктемде 5,7ц/га, күзе - 2,7ц/га, жазда - 1,6ц/га (құрғақ зат салмағы бойынша). Ешкілер күні бойы орта есеппен көктемде 4,7кг, жазда - 6,65кг, ал күзде 2,63кг жайылым шөбін пайдаланады. Зерттеулер қоңыр күз бен ерте көктемде ешкілердің жайылымды қоректік заттар мен қамтылу дәрежесі қуаттылық бойынша 67,1-73,5% қорытылатын протеин бойынша 67,4-90,4% болатынын көрсетеді. Осы кездегі жайылым шөбінің құнарлығы мен қуаттылығының жетіспеушілігін толықтыру үшін әр ешкіге тәулігіне 200-300г қосымша жем берілуі қажет. Жүнді ешкілердің асыл тұқымды төлдері барынша суық қыс және ерте көктемге сәйкес келетін 8-12 ай аралығында өсіру кезеңінде оларды азықтандыруды қазіргі қалыптасқан деңгейден 15-20% көтеру керек. Бұл жағдайда еркек төлдердің тірілей салмағы 1,32-3,83кн, ешкілердікі 1,0-1,2кг, жүн түсімі тиісінше 170-290 және 10-180г (шаруашылықта қалыптасқан деңгейде, азықтандырғандармен салыстырғанда) жоғары болады. Қ.Т. Қасымов және /1,2/ зерттеулері нәтижесінде жүнді ешкі тұқымы текелерінің ұрығын жыл бойы тоңазытып дайындау мүмкіндігі анықталады. Және оны тозандатудың криопротектортасы жасалды. Тоңазытылған ұрықпен ұрықтандырылған ешкілердің ұрықтану қабілеті - 47,1-56,1%. Ұрықтандырудың парацервикальды әдісі жасап шығарылды. Соның нәтижесінде ешкілердің ұрықтануы 80,6% болды. Қылшық жүнді ешкілердің қазақ тармағы жоғарыда аталған отандық советтік күнді ешкілер тұқымын шығаруда бастапқы негіз ретінде қолданылды. Ешкілердің бұл барлық аймағында өсіріледі, бірақ олардың көпшілігі Қазақстанның оңтүстік, батыс және орталығында шоғырланған. Бұл ешкілердің бітімі берік, көпшілігі мүйізді (орақ мүйізді) салпы құлақты болып келеді. Түсі негізінен қара (80% шамасында), жүні қысқа түбіт пен ұзын қылшықтан тұрады. Жүннің морфологиялық құрамындағы үлесі, 23,6-32,2% аралығында, түбіт түсі көбінесе қара, ішінара ақ түбіт ақ, сұр және сарғыш түсті ешкілерге тән болады. Бұл түсті және қоңыр, сары және басқа түсті ешкілердің кем болады: Әртүсті ешкілерде - 143-147г, қара түстілерде - 190-266г. Қылшық жүнді ешкілер біршама бағыттағы өнімділігі бойынша ерекшеленеді, олардан ет, сүт, тері, түбіт және әр текті қылшық жүн алынады. Сондықтан олар мамандандырылған жүнді, түбітті және сүтті бағыттағы табындарын құру ісіндегі тұқымаралық будандастыру кезінде негізінен бастапқы жақсартылушы табын ретінде пайдаланылады. Сонымен бірге олардың түбітінің сапасы, оның ішінде жінішкелігі (16- 17млн) әлемдік нарық кеңестерінің талабына толығырақ сай келеді. Бұл республикамыздың нарық әлеміне жіңігалшықты калимир түбіті тәріздітүбіт шикізатын ешкілердің осы ежелгі тармағын таза өсіру жолымен сатуға шығаруға ішкі мүмкіншіліктердің зор екендігін көрсетеді. Жүнді ешкілер табының қылшық жүнді ешкілер советтік жүнді ешкі тұқымы текелерімен сіңіре будандастыру негізінде құру тәсілдері жасап шығарылады. Алматы облысы аймағында өсірілетін жүнді ешкілердің қазіргі күнгі табындарын қылшық жүнді ешкілерді сапалық негізде өзгерту жолымен құрылған. Бұл бағыттағы зерттеулер 1978-1980 жылдары Панфилоль ауданындағы «Гвардейский», Шелек ауданындағы «Согеті» және Кеген ауданындағы «Таушелек» шаруашылықтарында жүргізілді. Сіңіре будандастыру III-IV будандарын алуға дейін жүргізіледі. Зерттеулерде будандардағы советтік ешкі тұқымының қан үлесі жоғарлаған сайын олардың жүн өнімділігі мен жүн сапасының жоғарлауымен қатар көбею қабілеті, тұлғасы және тірілей салмағының төмендегіні байқалды. Осына ескере отырып республиканың оңтүстік- шығысындағы ешкі шаруашылығына лайықталған осы саланы дамыту технологиясының кейбір элементтері жасап шығарылып, оның ішінде ешкілерлің шағылысуы мен лақтау, жүнін қырқу, төлдерді бордақылау мен өсірудің қолайлы мезгілдері тағайындалады. Бұл технология төмендегі шаралардан тұрады: - ұзақтығы тиісінше 60 және 120 күндік, құнарлығы 0,65 азық әлшемі және 72г қорытылатын протеинге тең түйіршіктелген азық беру негізінде өсіру мен бордақылау арқылы уша салмағы 9.4-9,6 және 14,8-15,1кг болатын лақ етін өндіру; - Өсімге қалдырылған төлді өсіп дамудың ең қиын кезеңдерінде, яғни 6 айлығынан 8 айлық, 10-12 айлықтан 14 айлыққа дейін қолда бағып күтуге қою, бұл кезде құнарлығы тиісінше 0,62 және 0,72 азық өлшеміне 70 және 72г қорытылатын протеинге тең тәуліктік рационмен қамтамасыз ету; - - Ешкілерді қыста және ерте көктемде лақтату көктемгі лақтатуға қарағанда бір басқа шаққанда қосымша салмақтың 21,8-10,7%, жүннің 10,8- 10,3% және ешкі басының өсу қарқының 1,23-0,54 есе жоғарлауына мүмкіндік туғызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет