2.2.Бал араларын күтіп – бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары Ара, үй арасы, бал арасы (Apis mellifera) - жарғаққанаттылар отрядының өкілі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ара топталып, үлкен ұя болып тіршілік етеді. Бір ұяда бір ұрғашы Ара. (аналық Ара), бірнеше жүз еркек Ара және ондаған мың (100 мыңға дейін, «жұмысшы» Ара болады. Ұрғашы ара ұяда ұрпақ өсіреді. Ол аралардың ішінде төн ірісі, жыл маусымына қарай денесінің ұз. 20 - 25 мм, ал салм. 150 - 300 мг-ге жетеді. Тәулігіне 2 - 3 мың, маусымына 200 мың ұрықтандырылған жұмыртқаға дейін (кейде ұрықтандырылмаған жұмыртқа да) салады. Ұрықтанған жұмыртқадан ұрғашы, жұмысшы және аналық Аралар, ал ұрықтандыру. маған жұмыртқадан тек еркек Аралар ғана шығады.
Аналық Ара ұяның анасы болып есептеледі, ол 3 - 5 жыл, кейде 10 қолға дейін өмір сүреді. Күзде салқын түсісімен жұмыртқа салуды тоқтатып, оны қайтадан ақпанның 2-жартысынан бастайды. Еркек Ара денесінің ұзындығы 15 - 17 мм, салмағы 250 мг болады. Ол негізінен ұрғашы Араны ұрықтандырады да, одан кейін өліп қалады. Омартаның негізін қалайтын жұмысшы Аралардың денесінің ұзындығы 12 - 15 мм, салмағы 90 мг болады.
Аралар кобею мүшелері жетілмеген ұрғашы Аралар, Олар жұмыртқадан жаңа шыққан ұрпақты қоректендіреді, балауыз ұяшықтардың тазалығын, ауа алмасуын қадағалайды, тәтті шырын мен гүл тозаңдарын жинайды. Жұмысшы Аралар 7 8 ай тіршілік стеді. Ұяда тұратын әрбір Ара өзінің қызметі мен міндеттерің жақсы біледі және оны мүлтіксіз орындайды. Аралардың ішінде дербес тіршіл к стетін түрлері де бар. Қазақстанда Іле Алатауының етегінде Араның антофора деген түрі дара иршілік етеді. Ара ұясынан емдік, тағамдық қасиеті бар бал алынады. Арадан алынатын ара балы, араның уы, перга, аналықсүтше, балауыз және ара желімі (прополис) медицинада және техникада кеңінен қолданылады.
Бал арасын өсіру
1. Жалпы ақпарат. Ара өсіруге негізделген бизнес - бұл негізінде балара ұясын және омартаны ұстауға жататын бизнес. Бұл бизнеспен айналысу арқылы балара балы, балауыз, ара желімі, тозаңы және басқа да балара өнімдерін алуға болады. Табиғи жас балара өнімі азық-түлік саласында да, медицина саласында да әрқашан үлкен сұранысқа ие.
2. Түрлері. Араның түрлері шамамен 25 мыңға жуық. Араның бал жинау мен гүлденген дақылдардың өнімділігін арттыру үшін ең көп тараған ортаресейлік, карпаттық және қиыр шығыстық түрлерін өсірген дұрыс. Ортаресейлік аралар, Ірі болады, салмағы 110 мг жетеді. Тұмсығы қысқа - 6,35 мм. Түсі қара-сұр. Араның бұл түрі өте долы болып келеді. Қысқа өте төзімді. Аналығының өнім беруі 2 000 жұмыртқаға дейін жетеді. Карпат аралары таза сұр реңді. Олардың мөлшері ортаресейліктен кіші, бірақ кавказдықтан үлкен. Салмағы 100 мг дейін, Тұмсығы 6,7 мм. Аралар бейбітсүйгіш, тыныш. Қысқа төзімділігі орташа. Өнімділігі 800 жұмыртқаға дейін. Қиыр шығыстық аралар. Сұр түсті. Салмағы 105 мг. Тұмсығының ұзындығы 6,7 мм дейін. Бұл аралар да бейбітсүйгіш, тыныш. Қысқа төзімділігі орташа. Аналығының өнімділігі 1 800 жұмыртқаға дейін, Неден бастау керек? Омарта орналастыратын жерді таңдаудан (ара ұясымен бірге бірнеше омарталар) және қажетті құрал жабдық алудан бастау керек. Омартаны ұйымдастыру үшін құрғақ жерде арна тасқан, желден жақсы қорғалған шағын жер учаскесі қажет, сонымен қатар оның маңында орман, бақша, балды өсімдіктер өсетін шалғындар мен алаңдар болуы керек. Омарталар конструкциясы да үлкен мәнге ие, оның сапасы күшті, жұмысқа қабілетті аралардың тобын құруға және омарташының еңбек өнімділігінің артуына тікелей әсер етеді.
3. Құрылғылар мен технология. Ең алдымен сізге омарта алу қажет. Әрине, тәжірибесі мол омарташылардың өздерінің ағаш өңдейтін құралдары бар және олар омартаны өздері жонып жасай алады. Сіздің қолыңыздан омарта жасау келмейді, сондықтан сатып алуға тура келеді. Омартаның бұрын қолданылғанын әрі онша тозбағанын алу керек. Бұл олардың кемшіліксіз болатынын білдіреді, және сізге де оны түзету үшін қолыңызға балға алудың қажеті болмайды. Бірақ бұндай жағдайда баға мен сапаның үйлесімдігі өте қолайлы болып табылады. Ондай омарталарды 1 500 - 2 000 теңгеге сатып алуға болады. Бірақ бір ғана ара отбасын асырау - «бұл бизнес емес». Күзде өнімді сату үшін ең жоқ дегенде 5 омарта сатып алып, ең кемі 5 ара отбасын асырау керек (бұдан да көп болса болады, бірақ тәжірибе болмағандықтан сіз үлкен омартаға қарау барысында проблемаларға ұрынуыңыз мүмкін). Сондықтан да 5 омарта сатып алсаңыз, барлығы шамамен 10 000 теңге болады. Енді аралар, Оларды омартамен бірге сатып алуға болады, бұл өте қарапайым, бірақ есесін ең Қымбат тәсіл болып шығады. Аралар отбасының құны орта есеппен 11 000-13 000 тенге: Құрал жабдықтар. Сізге бетжақ перде, мұржа және ең керегі омарташы қашауын алу керек, онсыз омартаға жақындай алмайсыз. Сонымен қатар, ашық түсті, түксіз киім керек, араларды ұйпау үшін щетка (қаздың қанаты) және қажеттілікке қарай басқа да жабдықтар керек.
4. Жем. Аралар үшін негізгі тамақтану көзі - гүл шырыны (гүлдің арнайы мүшелерінен бөлінетін тәтті сұйықтық). Аралар өздері жемін тауып қысқы азық қорларын өздері әзірлейді. Олар жемді өңдейді, өсімдік шырынын балға, ал гүл тозаңдарын балтозаңға, яғни ұзақ мерзімге сақтауға болатын және ара ағзасымен жақсы игерілетін өнімге айналдырады. Араларды сонымен қатар қосымша қант шәрбатымен (жүзім тұнбасы қышқылы қосылған суға араласқан құрақ қант) азықтандыру қажет;
5. Көбейту, Бал аралардың көбеюі екі түрлі жолмен болады: шағылысу және аралардың үйірлену жолымен (бұл ара отбасыларын жеке жайғастыру жолымен аналық отбасын аралардың жартысынан бөлу - роя болып табылады), Үрдіс, Аналық - бір өзі үлкен отбасының жалғыз анасы. Шағылысудан кейін 3-4 күн өткен соң аналық ара жұмыртқа сала бастайды. Жұмыртқалау кезеңінде ол тәулігіне 2-3 мыңға дейін жұмыртқа салады. Аналығы 30 күн бойы шағылысу қабілетін сақтайды. Үйірлесуге дайындалу барысында аралардың отбасы кәріздер құрылысын тоқтатады, бірден шырын мен тозаң жинауды төмендетеді. Аналықтың алмасуы отбасының үйірлесуі үшін ынталандыру бола алады. Бұл жаздың ортасында, бал өсімдіктері гүлдеуі азайғанда байқалуы мүмкін. Үйірлесу 2-ден 6 аптаға дейін жалғасады. Жаңадан жарып шыққан араның жұмсақ хи енді сүйегі болады, денесін жүн жауып тұрады, сондықтан түрі ұлпаға ұқсайды. Ал ашқы үш тәулікте барлық личинкалар ақуыз жемімен - аналық сүтімен тамақтанады.