«Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасы «жануарлардың ішкі аурулары клиникалық балауымен» пәніне арналған



бет39/68
Дата02.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#116834
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68
ЭЛЕКТРОФОРЕЗ - дәрілік заттарды тұрақты электр тоғының көмегімен, ион түрінде, жарақаттанбаған тері және кілегей қабық арқылы организмге еңгізу.

Бұл әдістің тиімділігі - организмге жіберілген дәрінің өсерімен қатар тұрақты тоқта әсер етеді. Торшаның мембранасы арқылы өткен тоқ электролиттердің өткізгіштігін күшейтеді. Иондардың негізгі массасы тері бездерінің түтікшелері арқылы өтеді де, лимфа мен қан тамырларының капиллярлары арқылы қан ағысына келіп қосылады. Аздаған белігі еңгізген жерде қалып, коллондтарға сіңеді де атомдарға айналады және ұлпалардың электрод аралық кеңістігінде диффузия, осмос, электроосмос және ионофорез заңдары бойынша қозғалысын жалғастырады. Электродтардың төңірегінде керексіз, паразитті иондардың шоғырлануы да мүмкін. Ондай йондар катодтың маңайында анодқа қарағанда әлдекайда көбірек болатын көрінеді. Процедура кезінде оны да ескерген жөн.

Емдеуді жүзеге асыруда катиондарды анод арқылы, ал аниондарды катод арқылы еңгізеді. Бүған далел ретінде күкірт қышқыл стрихнинмен, цианды калиймен жасаған Ледюкхың және йодты калиймен бақаға жасаған Энштың тәжірибелерін келтіруге болады.

Күрделі дәрілер кейде түрақты тоқтың әсерінен денеге тармауы да мүмкін. Сондықтан кез келген дәріні тоқ арқылы денеге кіргізудің қажеті де жоқ.

Көп дәрілік заттардың пайдалы әсері олардың белсенді электродтардың төсеніштеріндегі концентрациясына байланысты болып келеді.

Ертінділерді дайындау технологиясы:



  1. олардың құрамында паразитті иондардың (сутегі, гидроксил, натрий, калий, кальций, магний, көмір қышқылы және т.б.) болмауын, бола қалған жағдайда өте аз мөлшерде болуын қадағалау керек;

  2. ең керекті еріткіш тазартылған су. Кейбір оқулықтардағы 1-5 % соданы сульфаниламидтерді ерітуге, физиологиялық ерітінді мен глюкозаны антибиотиктерді ерітуге қолдану керек деген қағида негізінен дүрыс емес.

  3. еріткіште ерітілетін зат толық еруі керек. Сульфаниламидтер мен тетрациклин қатарындағы антибиотиктер тазаланған суда нашар ериді. Оны жақсарту үшін суға 1-3 % концентрация мөлшерінде түз қышқылын қосу керек.

  4. дәрілік заттардың таза криссталды түрін пайдалану керек. Мәселен, таблеткалар таза емес.

Бұл әдістің ерекшелігі:

  1. дөрілік затты бірден ауырған жерге жіберуге болады;

  2. теріні зақымдап, ауру малға күш түсірмейді;

  3. дәрілік зат пен түрақты тоқтың әсерлері қатар жүреді;

  4. дәрілік заттар мен дәрігердің уақыты ( күніне 1 рет) үнемделеді.

Процедураны дүрыс жүргізу үшін төмендегі мәселелерді дүрыс шешу керек:

  • электр полюсын дүрыс таңдау;

  • белсенді электродтың көлемін, тосенішін дүрыс дайындау;

  • ербір ертіндінің концентрациясын қадағалау;

  • емдеу мерізімі мен ара жиілігін сақтау.

Емдеу әдісін қолдану, қолданбау жағдайлары Гальвани тоғымен емдеудегі талаптарға саЙ.
Фарадей тоғымен емдеу.

• бірде бәсеңдеп, бірде ершіп тұратын ете төменгі жиіліктегі айнымалы тоқты емдік ретінде пайдалану.

Бұл тоқтың әсерінің айырмашылығы - бұлшық еттердің жирылу қабілетін қоздыру.

Әртүрлі күшпен өсер ететін тоқ, бұлшық еттерді бірде қатты жирылтып, бірде кенеттен босаңсытып, оларға келетін қан мен лимфаның айналуына әсер етеді. Осының салдарынан бұлшық еттердегі бұзылған зат алмасу процесі дұрысталып, қалпына келеді.

Мұндай тоқты алу үшін АСМ-2, АСМ-3 аппараттары қолданылады.

Емдеу кезінде төмендегідей жағдайларды ескерген жөн:



  • бұлшық еттердің жирылу қабілетін;

  • олардың жирылу мен дем алу ара қашықтығын;

  • емдеу процесінің ұзақтығын.

Бұлшық еттердің жирылуы малды тынышсыздандырмау керек. Жирылу ритмі минутына 40-тан аспауы керек. Емдеу уақыты 20-60минут, күніне 1 рет. Бұл тәртіп аурудың даму сатысына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.

Емдеу бұлшық еттерде зат алмасу процесі төмендегенде, сал ауруларында, алдыңғы қарыншақтардың жирылу қабілеті нашарлағанда қолданылады.

Кейбір малдардың тоққа сезімталдығы жоғары болғанда, жіті қабыну процестерінде, аурулардың асқынған түрлерінде қолдануға болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет