Аурулардан жалпы және дара сақтандырудың теориялық және ұйымдастырушылық негізі.
Ішкі жұқпалы емес аурулар басқа ауруларға қарағанда өте кең тараған. Бұл аурулардың ерекшеліктері олардың қатарына көптеген клиникалық сау, бірақта организмдегі зат алмасу деңгейі бұзылған малдар да жатады. Ондай малдарға да емдік көмек көрсетуге тура келеді.
Малдәрігерлік тәжірибеде жалпы және жеке сақтандыру шаралары жүргізіледі.
Жалпы сақтандыру шаралар - дені сау, жоғарғы өнімді малдардың табынын жасақтауға бағытталған жоспарлы жұмыс жүйесі.
Жеке сақтандыру шаралары жекелеген ішкі жұқпалы емес аурулардың пайда болуына жол бермеуге бағытталған.
Жалпы сақтандырудың теориялық негізі - организм мен сыртқы ортаның бірлігі туралы жалпы биологиялық заң. Ауылшаруашылық малдары үшін сыртқы ортаға жататындар:
Шаруашылықтағы жер мен климат ерекшелігі;
Азыққорының, оның саны мен сапасының жағдайы;
Азықты дайындау және сақтау әдістері;
Шаруашылықтағы малды күтіп-бағу, дұрыс пайдалану ерекшеліктері.
Бұл факторларды реттеуде адамның атқаратын роль өте зор. Жеке сақтандыру шараларын жүргізгенде зат алмасуының метаболизмінің салдарынан болатын ұқсас ауруларды топтап емдеу мүмкіншіліктері де кездеседі. Ондай әдістер кейбір шаруашылықтарда диеталық құрама азықтар, минеральды жемшөп беру арқылы да жүзеге асырылады. Шаруашылықтарда таптап емдеумен қатар жеке емдеу әдістері де жүргізіледі. Мұндай әдістер көбінесе жоғарғы өнім беретін, аса қымбат малдарды емдеуде қажет.
Ішкі жұқпалы емес аурулардан сақтандыруда жыл мерізімі мен малдардың өсу ырғағын ескерудің маңызы өте зор.
Жаздағы және қыстағы кездесетін қолайсыз жағдайлар бірқатар әсер факторларын тудырады. Осындай әсерлердің салдарынан көптеген шаруашылықтарда клиникалық сау деген малдардың организмінде зат алмасу процесінің бұзылғандығын байқауға болады. Олар:
организмдегі фосфор-кальций қосындыларының мөлшерінің төмендеуі салдарынан сүйектердегі минеральды заттардың азаюы;
қан құрамындағы сілтілік қордың, гемоглобин, каротин, Авитаминдердің мөлшерінің; эритроциттер мен лейкоциттер санының төмендеуі;
жаңа сауылған сүттің қышқылдығының жоғарылап, тығыздығының төмендеуі;
сауын сиырларда жиі кездесетін кетоз ауруының клиникасыз түрін дәлелдейтін гиперкетонемияның, кетонурияның, кетонолактияның анықталуы.
Ішкі жұқпалы емес аурулардың алдын алуды жоспарлауда төлдердің туғаннан кейінгі кезеңдегі жетілуін және соған сәйкес физиологиялық процесс ырғағьш ескеру керек. Төлдердің жатырда өсу заңдылықтарын, аналық малдың азықтануын қадағалап отырған жөн.
Туғаннан кейінгі алғашқы кезеңде гуморальды иммунитеттің болмай тек қана клеткалық иммунитеттің болуы организмнің қорғаныс қабілеттілігінің нашарлығының бір белгісі. Бұл жерде төлдердің алғашқы рет қабылдайтын уыз сүтінің сапасының жоғары болуы қажет. Өйткені жоғары сапалы уыз сүті тез арада гуморальды иммунитетті жандандырып, организмнің резистенттілігін жоғарлатады.
Бірінші жұмада төлдер организмінің клинико-биохимиялық көрсеткіштері әртүрлі болып келеді де, келесі жұмада сыртқы ортаның факторларына байланысты не жағымды, не жағымсыз жаққа қарай бейімделіп өзгереді.
Сүттен шығарып қатқыл тамаққа көшірілген төлдердің организмінде белоктардың, углеводтардың, майлардың, минеральды заттардың, витаминдердің алмасулары жоғарылайды да, қарсы денелердің түзілуі жақсарады. Жалпы клиникалық физиологиялық көрсеткіштері тұрақтанады. Бұл процесс тек организмге сыртқы ортаның қолайсыз жағдайлары әсер етсе ғана бұзылады. Мұндай жағдайда әуел баста тотығу процесі нашарлайды да организм қышқылдық реакциясына тап болады. Ол сілтілік қордың азаюына апарып соғады. Олардың екі түрін ажыратуға болады:
Заттардың толық тотығып үлгермеуінің салдарынан болатын - метаболдық;
Өкпе мен тіндерде көмірқышқыл газының шоғырлануынан болатын - респираторлық.
Организмдегі сілтілік-қышқылдық тепе-теңдік қандағы буфер жүйесі арқылы реттеліп отырады және толық тотығып үлгермеген заттар уақытында организмнен тысқа шығарылып отырылуы тиіс. Ондай болмаған жағдайда қышқылдықтың созылмалы түрі зат алмасу процесінің барлық түрлерінің деңгейін төмендетеді. Солардың кейбіреулеріне тоқтала кетейік.
Көптеген ғылыми зерттеулердің нәтижесінде орагизмнің мұқтаждық қажетін қамтамасыз ету үшін және иммунобиологиялық статусы қалыпты төл алу үшін рациондағы бір азық бірлігінде 100-120 г қорытылатын протеин болуы шарт. Осыған байланысты мал азығының құрамында белокты және толыққанды амин қышқылдары бар тағамдар болуы керек. Сонымен қатар малды бірыңғай жеммен азықтандыруға да болмайды. Себебі оның құрамындағы күкірт және фосфор қышқылдары қанға сіңгеннен кейін организмдегі қышқылдықты үдетеді. Қажетті амин қышқылдары талқандалып, мочевинаның синтезі көбейеді де, белоктың метаболизмдерінің организмнен шығуы тежеледі. Бауырдағы, бұлшық еттердегі гликогеннің қоры азаяды, ағзаларда майлы дегенерация құбылысы байқалады. Бауырдың негізгі бейтараптау қызметі бұзылуы салдарынан организмде кетон заттары шоғырланып, өт түзілу процесі бұзылады. Қанда билирубин және оның туындыларының мөлшері (биливердин, билигумин, билифусцин) көбейеді. Рационда белок пен углеводтардың қатарынан жетіспеуі бауырдың гликоген түзу функциясын бүлдіреді.
Құрамында май қышқылы басымырақ болатын сүрлеммен азықтандыру да зат алмасу процесін бұзатыны анық. Жақсы дайындалған сүрлемде 80% сүт және 20% сірке қышқылдары болуы шарт. Ал май қышқылы жалпы болмауы керек. Бола қалған жағдайда кетонурия, кетонолактия құбылыстарымен сипатталатын ацидоздың ауыр түрі дамиды.
Күйіс қайыратын малдардың месқарнында жүретін асқорыту процесі ондағы микроорганизмдердің қатысуымен ұшқыш май қышқылдарының түзілуі арқылы ерекшеленеді.
Сірке қышқылы ары қарай май түзілуі үшін және энергиялық ингридиент ретінде; пропион мен сірке қышқылдары бауырда гликогеннің жинақталуы үшін пайдаланылады. Ал май қышқылы кетон заттарын түзеді.
Организмде ацидоз тек рацион дұрыс болмағанда ғана емес, малдарды күтіп-бағу гигиенасы бұзылғанда да байқалады. Малдың уақытында серуенге шығарылмауы, қоражайда желдеткіштің жұмыс істемеуі, ультракүлгін сәулесінің жеткіліксіздігі т.б. қолайсыз жағдайлар, өсіресе қыста малды қоражайда қамап ұстағанда жиі байқалады.
Жалпы малды ішкі жұқпалы емес аурулардан сақтандырудың негізі диспансеризация болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |