«Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасы «жануарлардың ішкі аурулары клиникалық балауымен» пәніне арналған


шаруагаылық жерлершің тогшрағыньщ, өсімдіктерінің картасын жан-жақтьі зерттеуге



бет9/68
Дата02.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#116834
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68
Байланысты:
Шыны ыдыстар, ыдыстарға күтім Нарикбай М.Ж, Түрмеден кейінгі тағдыр ⋆ Aikyn.kz Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары, 1513530128
шаруагаылық жерлершің тогшрағыньщ, өсімдіктерінің картасын жан-жақтьі зерттеуге;

  • малдарға қыета берілетін азықтардың қүнарлылығьш жазда берілетін азықгарға жуықгап сәйкестеңдіруге;

  • малдарды күтіп бағъш үстауда зоогагиеналық қалынтастықты сақтауға.

    Диспансеризащіяльщ жоспардың орьпщалуының барысы мал мамандарьшьщ аудандьгқ кеңестеріңде тьпщальш, қортьшды жасалады.
    Мал мамандарының диспансерлік жоспарларында малдарда жыл мезгіліне байланысты пайда болатын аурулар, олардан сақтандыру шаралары да ескерілуі керек. Жоспарланған шаралардың орындалуын үнемі бақылап, қорытындылап отыру қажет. Ол үшін күнтізбелік жоспарлардың көмегі жақсы тиеді.

    Толыққанды диспансеризация жүргізу үшін төмендегідей үлгіні толық орындаган дұрыс:

    1. Шаруашылықтагы мал көрсеткіштері мен жүргізілген мал дәрігерлік шаралардың деңгейі;


    1. Малдарды мал дәрігерлерінің қарап, тексеру нәтижелері;

    2. Толық клиникалық тексерудің нәтижесі;

    3. Қанды, зәрді, сүтті лабораториялық зерттеу нәтижелері;

    4. Малдарды азықтандыру мен кутіп-бағу тәртібі;

    6. Алынған нәтижелерді талдау, қорытынды шыгару, шаруашылыққа ұсыныс еңгізу.

    Ішкі жұқпалы емес аурулар көбінесе төлдердің арасында жиі кездесетіндіктен, оларға диспансеризацияны жүргізуге ерекше көңіл бөлген дұрыс.

    Сүт фермаларында жүргізілетін сақтандыру шаралары:


    • күнделікті клиникалық тексеру белгілі бір уақытта, малдарға азық беру кезінде жүргізілуі керек;

    • малдарды егу оларды өлшеу кезеңімен сәйкес болуы шарт;

    • мал қораларын тазалау, залалсыздандыру оларды бір қорадан екінші қораға ауыстыру мезгілдерімен дэл келуі керек;

    ■ қорадағы микроклимат үнемі тексеріліп отырылуы қажет;

    • азықтардың құрамын оның сапалылығына және тазалыгына тексеріп отыру шарт;

    • табындагы малдардың синдроматикасын білу керек. Малдардың клиникалық-физиологиялық статусын ай сайын бақылау тобындагы малдарды тексеру арқылы анықтайды.

    Сондай-ақ ірі қараның, шошқаның еттерін өндіретін шаруашылықтарда тиісті ұсыныстарға сай шаралар үнемі жүргізіліп отырылады.

    Қой шаруашылықтарында жүргізілетін аурудан сақтандыру шаралары өз ерекшеліктерімен айқындалады. Табындағы малдардың синдроматикасын анықтау үшін қажетті көрсеткіштер:

    ■ жазғытұрымғы және күздеп қырқылатын жүннің мөлшері;

    ■ саулықтардың жаздағы және қыстағы салмақтарының. айырмашылығы;

    ■ қозылардың туғандағы және енесінен бөлінердегі салмағы;

    ■ ауруға шалдыққан малдардың пайызы;

    ■ әр жылдағы өлі туған төлдердің пайызы;

    ■ әр жылдағы қысыр қалған саулықтардың пайызы. Белоктардың, витаминдердің, минеральды заттардың

    жеткіліксіздіктерінде малдарды топтап емдеу және аурулардаи сақтандыру шараларын колданады. Керек бола қалган жагдайда жеке малдарға дара емдеу әдістерін қолданады. Жазылмайтын малдарды дер кезінде шығысқа шығарып отыруды қадағалайды.

    Диспансеризация жүргізу саласында малдың қанын лабораториялық зерттеудің маңызы өте зор. Ондағы жалпы көрсеткіштерге гемоглобинді, лейкоциттерді, сілтілік қорды, жалпы белокты, кальцийді, органикалық емес фосфорды, каротинді анықтаулар жататын болса; арнайы көрсеткіштерге кетон заттарын, қантты, магнийді, сілтілік фосфатазаның белсенділігін, тиісті микроэлементтердің, А,Д,Е витаминдерінің мөлшерлерін анықтаулар жатады,

    Қандағы гемоглобиннің азаюы азық құрамында белокты, минеральды заттардың жеткіліксіздігінің, созылмалы уланудың, организмде зат алмасуының патологиясының (әсіресе кетоздың) айғағы.

    Егерде қан құрамында лейкоциттердің саны 10 мыңнан артық болса, онда лейкоцит клеткаларын жіктей (дифференциация) тексеру лейкоз ауруын анықтауга мүмкіншілік тудырады.

    Қандағы жалпы белоктың мөлшерінің өзгеру (азаюы гипопротеинемия, көбеюі - гиперпротеинемия) аминқышқылдарының, макро- микроэлементтердің,

    витаминдердің жеткіліксіздіктерінде; сүйек дистрофиясында; ас қорыту жүйесінің созылмалы ауруларында; бауыр, бүйрек ауруларында байқалады.

    Қандағы сілтілік корды қалыпты мелшерде ұстап тұруға төрт буфер жүйесі міндетті. Олар:

    ■ гемоглобин буфер жүйесі; " бикарбонат буфер жүйесі;



    • фосфат буфер жүйесі;

    • белок буфер жүйесі.

    Бұлардың ішінде организмге ең қолайлысы, әр өзгеріске тез реакция беретіні - бикарбонат буфер жүйесі. Олардың қызметтері бұзылғанда организмде ацидоз және алкалоз құбылыстары пайда болады.

    Мал организмінде кальцийдің атқаратын қызметі ерекше. Оның азаюы Д витамині жетіспегенде, қалқан безінің қызметі бұзылганда, кальций мен фосфор қатынасы бұзылғанда, сүйек дистрофиясында, жайылымда кездесетін тетания ауруында, туғаннан кейінгі ларезде, бауыр ауруларында, организмге фосфор қосылыстары қалыптан көп түскенде байқалады. Егер мал қаныпда кальцийдің мөлшері 7 мг %-дан төмендесе қалшылдапдірілдеу клиникасы біліне бастайды. Ал кебеюі организмге Д витамині көп түскенде, қалқан безінің қызметі жоғарылағанда, панкреатиттің жіті түрінде білінеді.

    Мал қанында фосфордың кебеюі мен азаюы ас қорыту жүйесі мен бауыр ауруларында, сүйек дистрофиясында, қалқан безінің функциясы өзгергенде, кальций мен фосфор ара қатынасы дұрыс болмағанда, бүйрек ауруларында кездеседі.

    Гипогликемия кетозда, сүйек дистрофиясында гипокабольтозда, бауыр ауруларында анықталады. Ал гипергликемияның тұрақты және аз уақытқа білінетін түрлері бар. Тұрақты түрі қант диабетінде, үйқы безінің функциясы төмендегенде; уақытша түрі қантты тағамды көп жегенде, стрессте, жоғарғы температурада, қатты қорыққанда байқалады.

    Қанның құрамындағы кетон заттарын йодометриялық әдіспен және Лестрада реактиві арқылы анықтауға болады. Оның көбеюі кетоз ауруында, майлардың қатты ыдырауында, қалқан безінің гиперфункциясы мен ұйқы безінің гипофункциясында, әсіресе қышқылдығы жоғары, құрамында ұшқыш май қышқылы көп сүрлем, сенажмен азықтандырғанда байқалады. Кейбір ауруларда: жарақатты перикардит, ретикулоперитонит, алдыңғы қарыншақтардың гипотониясы, шудың уақытында бөлінбеуі, іріңді эндометрит, хирургиялық індеттер, септикалық процестерде екінші қатардағы кетонемия анықталады.

    Кейбір ауруларда патологиялық өзгерістер қаннан гөрі зәрде жылдамырақ білінеді. Тексеруге тәңертеңгі зәр алынып, оның қышқылдығы бірден тексеріледі, ацетон заттарын анықтайды.

    Сүттің құрамындағы ацетон заттарын Лестрада реактиві арқылы оңай анықтауға болады. Кетоз ауруында сүттің құрамында 20 мг% - ға жуық кетон заттары шоғырланады.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет