ЖАЛПЫ ЕМДЕУ НЕГІЗДЕРІ
Жалпы терапия емдеу әдістері мен ережелерін оқылатын ілім. Жалпы емдеу биология ғылымдарының соңғы жетістіктеріне, оның ішінде фармакология, физиология және зоогигиена ілімдерінің әдістеріне сүйенеді.
Малдәрігерлік терапевтердің негізгі сүйенетін зандылықтары:
организм мен сыртқы ортаның бірлігі;
организмнің біртұтастығы; » нервизм принципі.
Жалпы терапия ережелерінің негізі:
■ С.П.Боткиннің нерв жүйесінің аурудың дамуына әсері жөніндегі қағидасы;
■ И.М.Сеченовтың сыртқы ортасыз организмде тіршіліктің болуы мүмкін емес екендігі туралы қағидасы;
■ И.П.Павловтың өз зерттеулерінің натижелеріне сүйене отырып аурудың алдын алу жвне емдеу салаларында еңгізген физиологиялық негіздері жөніндегі қағидасы.
Сондықтан да "Жеке ауруды емес, ауру организмді емдеу керек" - деген С.П.Боткиннің қағидасы өте орынды.
Емдеудің ең негізгі ережелерінің бірі - емге физиологиялық тұрғыдан қарау. Ол үшін организмнің өзін-өзі қатерден қорғайтын және аурудан немесе басқа себептердің салдарынан бұзылған физиологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге тырысу қабілеттілігін толық пайдалана отырып емдеу керек. Организмнің өзін-өзі қорғайтын күшті қабілеттіліктері бар. Оларға жататындар:
■ әртүрлі қорғаныс рефлекстері;
фагоцитоз құбылысы;
организмде иммунитеттің түзілуі;
қайта құрылу - регенеративті процестер;
ішек, бүйректер, тыныс алу жолдары, сүт бездері, тері арқылы улы заттарды бөліп шығару;
улы заттарды қанда, тіндер мен ағзаларда, әсіресе бауырда усыздандыру;
бөгде-зиянды заттардың бейтарапталынуы - қапталуы (капсульденуі, секвестрленуі), немесе организмде ұсақталып сорылып таралуы;
нерв жүйесі мен гормондардың эсерлерінің арқасында ішкі ортаның белгілі бір тепе-теңдікте (гомеостаз) болуы.
Бұл күрделі жүйе малда ұзақ уақыт, филогенез процесі кезінде пайда болады. Ауырған малдың организмінде бірінші кезекте зат алмасу процесі бұзылатыны сөзсіз. Оны қалпына келтіру үшін организмге арнайы қорек, жақсы күтім керек.
Физиологиялық емдеуді жүзеге асыру үшін қолданылатын дәрі-дәрмек организмнің физиологиялық қорғану реакцияларын жоймай, керісінше үдетуі керек. Сондықтан да қолданылатын препараттардың мөлшерін, ерекшеліктерін үнемі қадағалап отырған дұрыс. Бұл бағытта ауру малға қолайлы жағдай туғызу өте орынды:
организмде жетіспейтін белокты, майды, углеводты, витаминдерді, миеральды заттарды әдейілеп дайындалған азықтар (диеталық) арқылы толықтыру;
ауру малды ерекше жагдайда күтіп-бағу;
■ колданылатын дәрілердің құрамы мен сапасын, берілетін мөлшерін әр малдың түріне, салмағына, жасына қарап анықтау.
Екінші бір жағдай - емдеу белсенді түрде жүргізілуі керек. Қолданылатын дәрі-дәрмектер аурудың өрбуіне жол бермейтіндей болуы керек. Мысал ретінде: егер антибиотикті қолдану керек болса, онда оған ауру организмдегі микробтардың сезімталдығын анықтау арқылы ең белсенді деген препаратты қолданған дұрыс.
Үшінші ереже - емдеу процесі неғұрлым ерте басталуы және жан-жақты кешенді түрде жүргізілуі керек. Емдеу барысында тек бір ғана әдіс емес, түрлі әдістер мен дәрідәрмектер қолданылса ғана ауру малды сақтап қалуға болады, Ауру бірден пайда болмайды, организмдегі өзгерістер, ауытқулар бірден сырт көзге бөлінбейді. Сондықтан да ең негізгі мақсат аурудың алдын алу болып табылады. Бұл үшін алдын ала" емдеудің маңызы өте зор.
Төртінші ереже - мүмкіндік болған жағдайда малды топтап емдеу әдісіне ерекше көңіл бөлу. Оған жататындар:
ультракүлгін сәулесімен емдеу әдісі;
витаминдерді, немесе минеральды заттарды азыққа қосып беру әдісі;
әдейілеп дайындалған диеталық тамақпен емдеу әдісі;
физиотерапевтік әдістер - аәрозольмен, оттегімен байытылған ортада дәріні шашыратып емдеу және т.б.
Бесінші ереже - емнің экономикалық мақсатқа сәйкес болуы;
Осындай ережелерді сақтай отырып, аурудың алдын алу сақтандыру шараларына ерекше көңіл бөлген жен.
Дәрілер дегеніміз өсімдіктерден, микробтардан, мал ағзаларынан немесе химиялық заттардан әдейілеп дайындалған, ауруларды емдеу үшін қолданылатын препараттар.
Емдеу жабдықтары дегеніміз табиғи заттардан тұратын, организмге механикалық, физиологиялық, химиялық немесе биологиялық әсер ететін факторлар. Оған мысал: әртүрлі уқалау әдістері, элетрожылытқыштар, компресстер, сәулемен емдеу, диетамен емдеу әдістері.
Дәрілер мен емдеу жабдықтарын ғылыми негізде қолдануды емдеу әдістері, немесе терапия әдістері деп атайды.
Қолданылатыи дәрілердің және жабдықтардың қасиеттеріне байланысты емдеу әдістері әртүрлі болып келеді.
Емдеудің негізгі әдістеріне аурудың себептеріне қарсы этиотроптық және аурудың дамуына қарсы - патогенетикалық емдеу жатады.
Себепті емдеу, этиологиялық фактор (қоздырғыш) организмде болып, оған патогендік әсерін тигізуін жалғастыра берген кезде қолданыдады. Бұл кезде, бірінші кезекте, ауру қоздыргышы әрекетін жаныштайтын, организмнің ерекше қорғаныш механизмін жүмылдыратын сарысу, антибиотик, немесе химиялық препараттар сияқты ерекше емдеу қолданылады.
Патогенетикалық емдеу этиотроптық емдеумен бірлікте, сондай-ақ алғашқы ауру тудырған себепті фактор әсері жойылғанда тағайындалады. Бұл емдеудің мақсаты тіндер мен ағзалардың қызметтері қалыпты жағдайға түсулеріне ықпал ету, ішкі орта құрамын қалыптастырып, аурудың тезірек жазылуына жағдай туғызу.
Патогенетикалық емдеудің бір түрі аурудың негізгі белгілеріне қарсы күресу, немесе нышандық емдеу әдісі. Бұл әдіс өзге эдістермен қатар тэжірибеде кең қолданылады. Сонымен қатар нышандық емдеу әр кезде тиімді бола бермейді, өйткені белгілер тобы тек аурудың сыртқы көрнісі ғана болып табылады.
Биологиялық ілім және фармацевтикалық химия соңғы кезде көптеген емдік препараттар, емдеу жабдықтарын және нешетүрлі емдеу әдістерін тэжірибе жүзіне еңгізді. Сондықтан да қазіргі малдәрігерлерінің алдында тұрған ең қиын сұрақ дұрыс емдеу әдісін таңдап ала білу болып табылады. Әсіресе бірнеше емдеу әдістерін қатарынан қолданғанда олардың өзара эсерлерін білу өте қажет.
Ауруды емдеудің әдістері бір-бірімен тікелей байланысып жатыр. Кейбір емдеу әдістері бірде аурудың себебіне қарсы күресу болып табылса, ал енді бірде аурудың дамуына қарсы күресу болып табылады. Мысал ретінде гормонмен емдеу әдісін келтіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |