Қандағы сары судың сілтілік қорының организімде атқаратын ролі мен оны анықтау
Каротин мен витамин А организдегі әсері мен оны анықтау жолдары.
Организмде кальцийдің атқаратын ролі мен маңызы, оны тексеру
Организмде фосфордың атқаратын ролі мен маңызы, оны тексеру
Қандағы сары судың сілтілік қорының организімде атқаратын ролі мен оны анықтау. Малдың қанында қышқылды-сілтілі тепетеңдік аниондар мен катиондардың ара қатынасы тұрақты сақталады. Сондықтан ауыл шаруашылық малдардың қанындағы рН -7,30-7,45, немесе шамалы сілтілі болып келеді. Сілтілі тұздар организмге жаз кезінде көк шөппен бірге, ал қышқыл қоспалар малға даярланған жем – шөптермен бірге барады. Одан басқа , қышқыл мен сілті қосындылар организмде әр түрлі ауруларда, патологиялық өзгерістерде болады. Қандағы рН тұрақтылығы, ондағы буферлі қосындылардың, атап айтқанда бикарбонатты, фосфатты, гемоглобин мен белоктардың ара қатынастарымен, бүрек , өкпе, ас қорыту аппараттарының, терінің, желіннің қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
Қандағы қышқыл-сілтілі бұфер тұрақтылығы кейде қышқыл құрамының ұлғаюымен, немесе сілтілердің көлемі тіптем азайғанда ацидоз, ал кейде қанда сілті көбейіп, керісінше қышқыл көрсеткіші азайғанда алколоз процессі орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |