Респираторлы алкалоз мал организімі күн көзінде көбірек қалғанда, анемияда, организм түтінмен уланғанда, энцефаломиэлитте, мидың ісігінде организмнен СО2 көптеп шығарылады. Сондықтан малдың қанындағы қышқыл сілтілік көрсеткіштердің ауытқуына байланысты, соған қарай малға беретін жем-шөптің сапасын, көлемін, түрін ауыстырып беріп тұру арқылы, жалпы қолдағы малдарды сәтті емдеуге болады.
Каротин мен витамин А организдегі әсері мен оны анықтау жолдары. А витаминнің негізін қалаушы –каротин болып саналады. Каротин малдың жем –шөбінде, сүтте, уызда, бауырда, балық мйында көп мөлшерде кездеседі. Каротин бауырда, және ащы ішекте каротиназа ферментінің әсерінен витамин А-ға айналады. Витамин А организмде, ұлпаларда тотығу процесстеріне қатысады, көздің көру ұлпаларының құрамына кіреді, холестериннің синтезіне қатысады, фосфор қосылыстарын алмасуын тездетеді, белоктардың, майлардың, қанттардың алмасу процесстеріне қатысады, организмнің түрлі инфекциялы, инвазиялы ауруларына қарсы тұруына көмектеседі, организмде антителаның пайда болу процесстеріне қатысады, қанның фагоцитарлық қасиеттерінің күшеюіне қатысады, малдың тікелей өсіп, ұлғаюына қатысады, сперматогенез, овогенез процессіне қатысады, плацентаның, төлдің нығайып өсуіне, жыныс мүшелерінің, желіннің жетілуіне тікелей қатысады.
Жас малдарда каротин мен витамин А жетіспегенде, олардың өсіп-өнуі тежеледі, демалу, ішек қарын, жыныс бездерінің, бүйректің, зәр шығару жүйелерінің клегейлі қабықтары мен малдың терілері қабынады, көздің көру қабілеті нашарлап, нерв жүйелері қабынып ксерофтальмия, кератоконъюнктивит және кератомаляция ауруына ұшырайды. Сол себепті мал қараңғыда көру қабілетінен ажырайды. Мал түрлі аурулармен ауыра береді. Осы аурудың себебінен малдардың жыныс мүшелерінің қаблеті нашарлап, малдар қашпай қалады, малдың қашу циклдары сақталмайды, малдың шуы түспей қалады, ұрғашы малдардың жатыры өспей кішрейіп кері кетеді,, қашқан мал көп ұзамай іш тастайды, малдардан алынатын өнімдер күрт төмендейді, төлдеген төл жетілмей түрлі аурулармен туады, кейде нышаналы төлдерді туады. Каротин мен витамин А жетіспеуінен әсіресе бұзаулар, торайлар және құстар көп шығын береді.
Достарыңызбен бөлісу: |