«Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасы «жануарлардың ішкі аурулары клиникалық балауымен» пәніне арналған


Организмде кальцийдің атқаратын ролі мен маңызы, оны тексеру



бет17/68
Дата02.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#116834
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68
Байланысты:
Шыны ыдыстар, ыдыстарға күтім Нарикбай М.Ж, Түрмеден кейінгі тағдыр ⋆ Aikyn.kz Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары, 1513530128
Организмде кальцийдің атқаратын ролі мен маңызы, оны тексеру. Кальций сүйектің құрамын құрайды, қанның үюына қатысады, организмнің қорғаныс қызметін күшейтеді, қанның фагоцитарлы қасиетін күшейтеді, ұлпадағы мембрананың жұмысын күшейтіп, улы заттарды жібермейді, ет, жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады, жүрек құлақшасының сығу жұмысын күшейтеді, қан тамырларының тесіктерін бітеп жұмысын нығайтады, симпатикалық нерв жүйесінің жұмысын жақсартады, әртүрлі ферментациялық процесстерге қатып, ферменттердің қаблеттілігін арттырады. Кальции ащы ішектің бас жағында организме еніп, тоқ ішектен, бүйректерден, бауырдан, ал сауынды сиырлардан негізінен сүт арқылы денеден шығарылады. Жалпы кальцийдің көлемін Вичев және Каракашова әдістерімен анықтайды. Гипокальцемия, немесе қанда жалпы кальций мөлшерінің төмендеуі, ол- рахит, остеодистрофия, уремия, нефроз, нефрит, туғаннан кейінгі парез, бронхопневмония, эксудатты плевритте, анемияда, лейкозда, қант диабетінде, жас малдардың диспепсиясында, сепсисте, жіті панкреатитте, жұқпалы плевропневмонияда, қара малдың созылмалы гематуриясында, торайлардың ісінген ауруларында, туберкулезде, қара малдың паратуберкулезында, қойдың фасциолезында, фторит натримен, төрт хлорлы углеродпен уланғанда байқалады.

Фосфор сүйек ұлпасында 80 пайыз, етте 8-9 пайыз, жүйке тамырларында 1 пайыз, ал қанда 0,2 пайызды құрайды. Қанда фосфатты буфер қосындыларын құрайды. Олар көп ферменттердің құрамына кіріп, қант, май және белоктың алмасу процесстеріне қатысады, олардың қызметін жандандырады. Фосфор организмде ащы ішек арқылы организмге еніп, зәр, сут және малдың жапасы арқылы сыртқа шығарылады.

Организмде фосфордың алмасуын қалқан безі, витамин Д, және қос қалқан бездері қадағалап тұрады. Қандағы неорганикалық фосфорды Пулс, Коромыслов және Кудрявцева әдістерімен анықтайды. Клиникалық тәжірбиеде гипофосфатемия, немесе неорганикалық фосфордың көлемінің төмендеуі рахит, остеодистрофия, жылқының жұқпалы анемиясында, қара малдың созылмалы гематурия ауруларында болады

Қанда неорганикалық фосфордың көбеюі, мал жұмыстан зорыққанда, гипервитаминоз Д, сынған сүйектің жазылу фазасында,, бүйрек, бауыр ауруларында, лейкозда, хлорлы натриймен уланғанда орын алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет