ФЕРМЕНТПЕН ЕМДЕУ ӘДІСІ. Көбінесе пепсин препараттары (жасанды және табиги асқазан сөлдері) және асқазанның Ішкі қабатының сөлдерінен жасалған препараттар қолданылады.
Пепсин асқазанның ас қорыту бездерінің негізгі торшаларының секреті. Ол тұз қышқылының эсері арқылы белсенді түріне айналады. Аптекадагы сатуға арналган пепсин препараттары тазартылмаган белок түрінде болады.
Табиғи асқазан сөлі дегеніміз мал дәрігерлік мақсатта дені сау жылқыдан алынган асқазан сөлі. Оның құрамында тұз қышқылы мен пепсиннен басқа: ұлтабардың ферменті, липаза, гастромукопротеин, хлоридтер, фосфаттар, кейбір витаминдер болады.
Жасаиды қарын сөлішң құрамында:
5 мл химиялық таза тұз қышқылы; 10 г медициналық пепсин; 1 л дистілденген, немесе қайнатылған су. Табиғи және жасанды асқазан сөлдері диспепсия және түрлі асқазан ауруларында қолданылады.
Малдардың асқазанының ішкі қабатынан дайындалган ферментті препараттар - пепсиноген, химозиноген және т.б. Бұлардың құрамында пепсин, полипептидтер, әртүрлі экстрактивті заттар бар, Олар асқазан бездері мен ұйқы бездерінің жұмыстарын жақсартады.
Нақтыланбаған қуаттандырушы (стимульдық) емдер. Ауруды емдеу мақсатында қанды, әртүрлі белокты заттарды, тіндердІ бөлшектеу, немесе еріту арқылы алынған - тін препараттарын қолдану. Ондай емдеу әдісінің бірнеше түрлері бар:
Достарыңызбен бөлісу: |