Протеинотерапия - құрамында әртүрлі белок бар заттарды ауыз қуысынан басқа жерлерге жіберу аркылы емдеу әдісі. Оның өзінің бірнеше түрлері бар: серотерапия - қанның сары суымен емдеу; лактотерапия - сүтпен емдеу; аутогемотерапия - малдың өз қанымен емдеу; гетерогемотерапия - басқа малдың қанымен емдеу. Белокты заттарды ауру малға парэнтеральды эдіспен жібергенде ондағы белоктар бөлшектеніп, биологиялық белсенді заттарға айналады. Ондай заттар торшалар мен тіндерде болатын процестерге әсер етеді, жүйке жүйесінің реттеушілік қызметін жақсартады, организмнің ауруға қарсы тұру қабілеттілігін жоғарлатады.
Препараттардың әсері екі сатыда жүреді:
Реактивті фазасы;
Қалпына келу, немесе емдік фазасы.
Бірінші фазада ауру малдың жағдайы нашарлайды, дене қызуы көтеріледі, ауру шиленісе түседі. Өте үлкен доза - жүйке жүйесінің әлсіреуіне, тыныс алу процесінің бұзылуына, қан айналысының нашарлап малдың өліп кетуіне дейін апаруы
мүмкін. Сондықтан дәріні берерде ауру малдың жалпы жағдайына көңіл аудару керек.
Бұл эдісті сыздауық, шиқан, іріңді ісік, плевраның қабынуы, жыныс жолдарының, буындардың, зәр шығару ағзаларының кабынуларында, тері ауруларында тиімді пайдалануға болады.
Белокты препаратты көбінесе тері астына жібереді. Венаға жібергенде организмге катты әсер етуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |