7 дәрістік сабақ.
Тақырыбы: Серпіндіруші емдеу: протеинмен емдеу, қанмен емдеу, гистолизаттармен емдеу, цитотоксиндермен емдеу. Арнайы шаруашылықтар мен өндірістік мал шаруашылығы кешендерінде, жеке және жалпы емдеудің тиімділігін қамтамасыз ететін жағдайлар.
1. Протеинотерапия
2. Қанмен емдеу
3. ГИСТАЛИЗАТОТЕРАПИЯ.
4. ЦИТОТОКСИНОТЕРАПИЯ
Протеинотерапия - құрамында әртүрлі белок бар заттарды ауыз қуысынан басқа жерлерге жіберу аркылы емдеу әдісі. Оның өзінің бірнеше түрлері бар: серотерапия - қанның сары суымен емдеу; лактотерапия - сүтпен емдеу; аутогемотерапия - малдың өз қанымен емдеу; гетерогемотерапия - басқа малдың қанымен емдеу. Белокты заттарды ауру малға парэнтеральды эдіспен жібергенде ондағы белоктар бөлшектеніп, биологиялық белсенді заттарға айналады. Ондай заттар торшалар мен тіндерде болатын процестерге әсер етеді, жүйке жүйесінің реттеушілік қызметін жақсартады, организмнің ауруға қарсы тұру қабілеттілігін жоғарлатады.
Препараттардың әсері екі сатыда жүреді:
Реактивті фазасы;
Қалпына келу, немесе емдік фазасы.
Бірінші фазада ауру малдың жағдайы нашарлайды, дене қызуы көтеріледі, ауру шиленісе түседі. Өте үлкен доза - жүйке жүйесінің әлсіреуіне, тыныс алу процесінің бұзылуына, қан айналысының нашарлап малдың өліп кетуіне дейін апаруы мүмкін. Сондықтан дәріні берерде ауру малдың жалпы жағдайына көңіл аудару керек.
Бұл әдісті сыздауық, шиқан, іріңді ісік, плевраның қабынуы, жыныс жолдарының, буындардың, зәр шығару ағзаларының кабынуларында, тері ауруларында тиімді пайдалануға болады.
Белокты препаратты кобінесе тері астына жібереді. Венаға жібергенде организмге катты әсер етуі мүмкін.
Қанмен емдеу - гемотерапия. Бұл емнің ерекшелігі организмге қан сұйығындағы белоктың бөлшектері (пептондар мен пептидтер) мен қан элементтері қатарынан әсер етеді. Бұл да белокпен емдеудің бір түрі болып саналады.
Ауру малдың өз қанын өзіне жіберіп емдегенде оның құрамындағы бактериялар мен токсиндер де өз эсерлерін тигізетінін шығармау керек. Организмде зат алмасу процесі үдейді, әсіресе қан элементтерін түзетін ағзалардың жұмыстарын жақсартады.
Қанды терінің астына, немесе еттің ішіне бірнеше жерден жіберуге болады. Оны аз мөлшерден бастап, ақырындап толық дозасына жеткізеді. Мысал ретінде ірі қара малға орта есеппен 50 мл-дей қан жіберуге болады. Ондай мөлшерді бір жерге жіберу мүмкін емес.
Қанмен емдеу мерізімі 4-5 ретке дейін, 2-3 күн аралатып.
Басқа малдың қанын қолданғанда анафилаксия болмас үшін ол қанды 1%-ді хлораминмен өңдеп барып жіберу керек (1 бөлігі хлорамин, 3 бөлігі қан).
Қанды сақтап қойып барып жібергеннің нәтижесі жақсы болады. Ол үшін дені сау малдан алынған қанды натрий цитратының 4%-ды ертіндісімен өңдеп (орта есеппен 100 мл қанға 10 мл ертінді) 3 күндей 2-4 нольден жоғары температурада сақтау керек. Ірі малдарға 10-12 мл, ұсақ малдарга 1 -5 мл 2-3 күн аралатын жіберіп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |