«Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасы «жануарлардың ішкі аурулары клиникалық балауымен» пәніне арналған


Жарық организмге тері және көру аппараты арқылы әсер етеді



бет33/68
Дата02.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#116834
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68
Байланысты:
Шыны ыдыстар, ыдыстарға күтім Нарикбай М.Ж, Түрмеден кейінгі тағдыр ⋆ Aikyn.kz Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары, 1513530128
Жарық организмге тері және көру аппараты арқылы әсер етеді. Оның биологиялық өсері терімен, оның астындағы тіндермен және нерв талшықтарымен сіңірілгенде ғана білінеді. Әсіресе белсенді әсер ететін - ультракүлгін сәулесі.

Көзге кәрінетін сәуленің әсерінен малдардың жыл мерізіміндегі езгерістерін байқауға болады. Негізінен кез арқылы әсер етеді. Нерв талшықтары арқылы ішкі секрет бездеріне әсер етеді. Теріге және ол арқылы басқа ағзаларға жылулық әсері бар.

Сүт сауылатын, жүмыртқа салатын уақыттарда күн сәулесінің организмге көбірек, ал малдарды семіртуге қойғанда азырақ әсер еткені дұрыс.

Инфрақызыл сәуленің басты әсері қызу, жылулық әсері. Жылдам қызару пайда болады да, жылдам қайтады. Тіндерде қан айналысы, онымен қоса зат алмасуы жақсарады. Олардың резистенттілігі артады. Әсіресе созылмалы ауруларда пайдасы жақсы. Ал жедел ауруларда керісінше ісік пайда болып, жергілікті қан айналысы бүзылуы мүмкін. Басқа емдеу әдістеріне ((компресс, парафин, озокерит, шипалы балшықтар) қарағанда жылулық есері тереңірек орналасқан тіндерге толық жетеді.

Дененің ылғалды жерлерін кептіру өсері (суланған есек жемде, бертпелерде, күйіктерде, үсіктерде) тиімді қолданылады. Әсер ету нүктесінен алыс орналасқан ағзаларға рефлекс арқылы әсер етеді,

Ультракүлгін сәулесінің әсерінен тіндерде физикалық, химиялық. езгерістер пайда болып, ол организмге жан-жақты, күшті биологиялық есер етеді.

Теріге өсері. Терінің жүні мен мүйізді қабаты сәуленің өтуіне кеп кедергі жасайды.

Ультракүлгін сәулесінің жасырын-латентті уақытынан (5-12 сағат) кейін теріде қызару (әритема) пайда болады. Ол қызару 4-6 күнге дейін созылады және ең күшті қызаруы 2-3 күн еткеннен кейін болады. Ондай қызару теріде асептикалық қабыну процесін тудыруы салдарынан онда ісік пайда болады. Егер гистологиялық зерттеу жүргізілсе, онда қабынудың барлық белгілерін, елі клеткаларға дейін, анықтауга болады.

Теріде қызару әритеманың пайда болу себебі: сәуленің фотохимиялық әсерінен терінің үстіңгі қабаты бұлінеді де, одан босаған белоктар белсенді (гистаминге ұқсас) заттар түзеді. Сол заттар белгілі бір мелшерде жинақталғанда жергілікті қабыну процесіне ұқсас қызару (әритема) пайда болады. Қызарудың белсенділігі малдардың жеке ерекшеліктеріне, сәуленің дозасына, терінің мүйізді қабатының қалыңдығына, жүйке жүйесінің жағдайына тікелей байланысты болып келеді. Теріні сәулемен қыздырғанға дейін, не қатарынан салқындатып отырса сәуленің әсері бәсеңдейді, ал қыздырғаннан кейін салқындатса - артады. Сондай-ақ кальций, күкірт иондары (электрофорез арқылы) - бәсеңдетеді; ал калий, йод йондары үдетеді.

Ультракүлгін сәулесінің әсерінен терінің мүйізді қабаты қалындап, жүннің өсуі жақсарады; мал азығындағы әргостерин белсенді Д-витаминіне айналып, организмде минералды заттардың алмасуы реттеледі. Ол процесс әсіресе телдердің тез өсіп, жетілуіне өте қолайлы. Тері майларының бактериоцидтік қасиеті жоғарлайды, ондағы белсенді оттегінің мөлшерІ көбейеді.



Жүйке жуйесіне әсері 2 фазада жүреді. Бірінші фазасында симпатикалық, екінші фазасында парасимпатикалық жүйелердің тонустары жоғарылайды. Қан тамырларының өзектері кеңейіп, қан қысымы төмендейді, ондағы қант азаяды, лейкоциттер мен кальцийдің мөлшерлері көбейеді.

Қатты ауырсынғандықты басатын әсері де бар. Орталық жүйке жүйесінің барлық бөліктерінің жұмыстарын реттейді.

Ішкі ағзаларға әсері рефлекс арқылы және гуморальды түрде тарайды. Ол үшін ішкі ағзаларға иннервация жасайтын нерв талшықтарының түсына сәулемен өсер ету керек (ЗахарьинХед аймақтары).

Қанға өсері, Ондағы әритроциттер мен гемоглобиндерді көбейтеді және қанның түрлі-түсті көрсеткіші ұлғаяды. Аурудың салдарынан болған ауытқулар қалпына келеді. Бактериоцидтік, иммундық қасиеттері жақсарады, организмнің ауруға қарсы түру қабілеттілігі жоғарылайды.

Зат алмасуына әсері:


  • ферменттердің қызметтері реттеледі, тотығутотықсыздану процесі жақсарады;

  • белок жақсы бөлшектенеді, зәр арқылы бөлінуі ұлғаяды;

  • майдың алмасуы реттеледі;

  • газдың алмасуы жоғарылайды;

  • организмдегі қанттың мөлшері азаяды;

  • минералды заттардың алмасуы реттеледі: қан сары суындағы кальций мен фосфордың мөлшері көбейеді, кальций тұздарының калий тұздарына ара қатынасы артады. Мешел, сүйек дистрофиясы ауруларын емдеуде маңызы өте зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет