«Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасы «жануарлардың ішкі аурулары клиникалық балауымен» пәніне арналған


Ультра жоғарғы жиіліктегі тоқпен емдеу (УЖЖ)



бет41/68
Дата02.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#116834
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68
Байланысты:
Шыны ыдыстар, ыдыстарға күтім Нарикбай М.Ж, Түрмеден кейінгі тағдыр ⋆ Aikyn.kz Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары, 1513530128
Ультра жоғарғы жиіліктегі тоқпен емдеу (УЖЖ) - ауру мал тіндеріне ультра жоғарғы жиілікті тоқтың электромагниттік өрісімен әсер ету (жиілігі 30 - 300 мгц, толқын үзындығы 1-10 м).

Малдөрігерлік тәжірибеде емдік үшін стационарлық (УЖЖ300) және ықшамды (УЖЖ-4, УЖЖ-66) аппараттары қолданылады.

Емдеу процедурасын жүргізгенде электродтар денеге тимейді, денеден ара қашықтығы 2 см-дей болады. Оны неон лампасы арқылы анықтайды. Осындай жағдайда тоқтың электромагниттік ерісі организмге жақсы әсер етеді.
Процедураны жүргізу үшін:


  1. электродты таңдап алып, оны апараттың электрод ұстайтын тетігіне бекітеді;

  2. қолайлы электромагниттік өрісті неон лампасы арқылы реттейді;

  1. ауру малды ағаш станокта ұстайды.

УЖЖ тоғының биологиялық әсері төменгі жағдайларға байланысты болады:

  • тоқтың жиілігі мен кернеуіне;

  • дене мен электродтың ара қашықтығына;

  • есер етілетін дененің келеміне;

  • әсер ететін уақыттың ұзақтығына;

  • малдардың жеке ерекшеліктеріне.

УЖЖ тоғының ерекше, селективті-таңдамалы әсері бар. Ол әсері әрбір тіндердің диэлектриктік тұрақтылығына тура пропорцонал:
2% = v .Е, мүнда § - тіндердің өткізгіштігі;

v - тоқтың толықсу жиілігі; Е - диэлектриктік түрақтылық. Әрбір тіннің, әрбір заттың өзіне тән диэлектриктік түрақтылығы болады. Мәселен, УЖЖ тоғының әсерінен судың ішіндегі май, су қайнамай тұрып одан бұрын қайнайды. Мұздың ішіндегі жүмыртқаның белогі мұз ерімей жатып үйып қалады.

УЖЖ тоғы сүйек пен буын аппаратарының ауруларыида жиі қолданылады.

Тоқтың жүрек пен қан тамырларына әсері:



  • Аз уақыт әсер еткенде журектің соғуы бәсеңдейді, ал көп уақыт әсер еткенде - жиілейді;

  • тоқтың жылулық өсерінен қан тамырларының өзегі кеңейеді.

Қанның құрамына және зат алмасу процесіне әсері:

  • ақ қан түйіршіктері көбейеді - лейкоцитоз;

  • көп уақыт әсер еткенде әритроциттер мен моноциттер де көбейеді;

  • қанның үюы жылдамдайды;

  • қанда қант көбейеді;

  • аз дозасы белоктың ыдырауын жылдамдатады, зөрмен бөлініп шығатын азот көбейеді;

  • тотығу-тотықсыздану процесі жақсарады;

  • Газ алмасу процесі жақсарады: тыныс алу коэффициенті ұлғаяды, көмірқышқыл газын бөлу көбейеді;

  • қанда альбуминдер көбейеді, альбумин мен глобулиннің ара қатынасы үлкейеді.

Ультра қысқа толқынды тоқ "көрінбейтін өлім сәулесі" деп текке аталмаған. Тоқтың үлкен дозасымен әсер еткенде микробтар, паразиттер, уақ саңырауқұлақтар, кейбір лабораториялық малдар өліп қалады.

Өндірісте ормадағы ағаштарды, тамақтарды залалсыздандыру үшін кеңінен қолданылады. Жүйке жүйесінің қызметіне әсері:



  • аз дозасы жүйке жүйесінің қоздырғыштық және өткізгіштік қасиеттерін үлғайтады, ал көп дозасы керісінше әсер етеді.

  • ауырсынғандықты басады;

  • бас мидағы кейбір орталықтарға әсер етеді: жүрек етінің қызметі, қан қысымы өзгереді; тыныс алу жиілейді; сілекей бөліну ұлғаяды.

Қабыну процесіне өсері:

  1. қабыну процесінің жазылуына жақсы өсер етеді: қан мен лимфа айналысы, фагоцитоз құбылысы жақсарады; улы заттар усызданады; антителалар көбейеді;

  2. жарақаттанған жер тез жазылады;

  3. жабық іріңді процесстер тез жетіліп, жарылады.

УЖЖ тоғы мен диатермия тоқтарының айырмашылықтары:

  • олардың толқу үзындықтары әртүрлі;

  • диатермияда сіңірілетін энергия тіндердің меншікті кедергісіне байланысты және жылу Ом, Джоуль-Ленц заңдарына сәйкес түзіледі. .Ал УЖЖ тоғында оған байланысты емес. Ол тоқ өзінің бағытындағы организмнің барлық қабаттарына біркелкі әсер етеді. Ешқандай заңға бағынбайды. Электрод денеден белгілі бір қашықтықта түрады.

Бұл тоқты диатермия тоғымен емдеуге болатын барлық ауруларда қолдануға болады. Бірақ тоқ әсерінің кейбір ерекшеліктері бар. УЖЖ тоғын жедел іріңдеген ауруларда (сыздауық, шихан, мал шоқтығындағы іріңді жансызданған процестерде), жараларда, мал күйіп-үсінгенде, сүйек, қан тамырлары (тромбофлебиттер), бас сүйек қуыстарының (гаймориттер, фронтиттер) ауруларында жақсы нөтиже береді.

Тоқты таз қарын, іш қуысы, жүрек қабы темір заттармен жарақаттанғанда; залалды ісіктерде; геморрагиялық диатез ауруларында; орны толмайтын жүрек ақауларында; өкпе, бас ми ісінгенде; сепсис жағдайында қолдануға болмайды.

Ультрадыбыспен емдеу әдісі дегеніміз 20 000 гц және одан да жоғарғы жиіліктегі ультрадыбысты пайдаланып емдеу.

Адамның қүлағы 16 - 20 000 гц жиіліктегі дыбыстарды. қабылдайды. Жиілігі одан жоғары, не төмен дыбыстар қабылданбайды. Сондықтан жиілігі 15 гц және одан төмен дыбыстар - инфрадыбыстар деп, ал 20 000 гц және одан жоғарғы жиіліктегі дыбыстар - ультрадыбыстар деп аталады.

Бұл құбылысты бірінші рет ашып, тәжірибе жүзінде дәлелдеген орыс физигі П.Н.Лебедев, Француз ғалымы П.Ланжевен ультрадыбыстың балықтарды өлтіретінін, бір клеткалы организмдердің денесін бөлетінін дәлелдеді.

Табиғатта жарқанаттар, киттер, дельфиндер ультрадыбысты өздері шығарады және қабылдай алады.

Ультрадыбыстар арқылы мұхиттардың, теніздердің тереңдіктерін, металлдардың саңылауларын (дефектілерін) анықтауға, күнделікті қолданылып жүрген тағамдарды қайнатпай-ақ залалсыздандыруға болады.

Ультрадыбыстың негізгі биологиялық және емдік әсерлері:



  • жылулық - УД энергиясы тіндерде жылуға айналады;

  • физикалық жөне химиялық;

  • рефлекторлық;

  • механикалық (әсер еткен жерде қысымның бірде ұлғайып, бірде төмендеп түруы салдарынан болатын микромассаж).

Ультрадыбысты алудың негізінде кері пъезоэлектрлік эффект (КПЭЭ) жатыр. Ол қағида бойынша кейбір криссталдардардың (кварц, титанат, барий) әсер ету бетінде, механикалық деформация кезінде, электр заряды мен потенциалдық айырмашылық пайда болады. Осы құбылыстардың әсерінен ол жерде бірде қысылу, бірде босаңсу процестері кезектесіп отырады.

Ультрадыбысты алу үшін УТП (ықшамды, портативті), УТС - стационарлық, ВУТ- малдәрігерлік аппараттары қолданылады.

Ультрадыбыстың әсері оньщ толықсу жиілігіне, әдістің түріне (импульсті, үздіксіз), қосқыш затқа (су, вазелин, май, глицерин), вибратордың орналасуына, процедураның үзақтығына байланысты болады.

Егер УД жиілігі 400 кгц болса 10 см, 800 кгц - 5 см, 2,5 мгц - 1,5-2 см тереңдікке сіңеді. Көбінесе секундына 50-100 импульсті ритмді қолданады.

Дозасы: ақырын денемен қозғап отырғанда 2 вт/см -ге дейін, ал денеге жабыстырып қойғанда - 0,6 вт/см -ге дейін. Үзақтығы 10 минут, күніне 1 рет, не күн аралатып, 10-15 процедураға дейін.

Ультрадыбысты қолдануға болатын жағдайлар:



  • буындар, сүйектер, тамырлар ауырғанда;

  • соққыдан пайда болған еттердің қабынуында;

  • лимфодениттерде;

  • алдыңғы қарыншақтардың жирылуы нашарлағанда. УД - ты қолдануға болмайтын жағдайлар:




  1. бас сүйектің ауруларында, әсіресе көздің түсына;

  2. жыныс бездерінің ауруларында;

  3. буаз малдардың жатыр тусына;

  4. жүректің толықтырылмайтын ауруларында;

  5. залады ісіктерде.

Жалпы ультрадыбыстар бактериологияда, иммунологияда, ферментологияда жиі қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет