Тақырып: Физикалық факторлармен емдеудің және аурудың алдын алудың негізі.
Сумен және температурамен емдеу.
Шипалы және саз балшықпен, шымтезекпен емдеу.
Парафинмен және озокеритпен емдеу.
4. Физиотерапия - гр. Рһузіз - табиғат; тһегареіа - емдеу.
Организмге сыртқы ортаның кейбір табиғи, немесе қолдан жасалған физикалық факторларының өсерін және сол факторларды ауруды емдеу үшін, не алдын алу үшін қолдану әдістерін оқытатын ілім.
Табиғи физикалық факторларды қолдану өте ерте кезде іске аса бастаған. Бірақ ол кезде емдеу әдістеріне ғылыми негіз салынбаған. Ол факторлардың негізін түсініп, ғылыми түрғыдан дәлелдеп қолдану біздің арамыздың ХУП ғасырынан басталады.
Ал физиотерапия жеке пән болып жоғарғы оқу орындарында XX ғасырдан бастап оқытыла бастады.
Мал дөрігерлерінің тежірибесінде физикалық факторлармен емдеу 1930-шы жылдардың аяқ кезінен бастап кең өріс ала бастады.
Физикалық факторларды қолданудың негізі:
физикалық факторлар мал организміне терінің және кілегей қабықтың рецептерлері арқылы әсер етеді;
қандай физикалық факторларды алмасаңдарда оларда белгілі бір энергияның қоры болады. Ол энергия мал организміне беріледі;.,
энергия организмге сіңірілгенде тітіркену пайда болып, рефлекс құбылысы іске қосылады.
Физикалық емдеу әдісін тандап алу аурудың жағдайына байланысты жүргізіледі.Қандай ауруга қандай түрін қолдануға болатынын, қандай әдіс қайшы келетінін жекелей шешіп отыру қажет. Мал дерігерлерінің тәжірибесінде кең өріс алған әдістер:
ыстық-суықтықпен емдеу;
механикалық әдістермен емдеу;
электр тоғының пайдалы қасиеттерімен емдеу;
жарық сәулесімен емдеу.
Ауруды емдеуде ыстық-суықты қолдану өте көп тараған, ертеден келе жатқан өдістердің бір түрі. Бұл едістің негізгі мақсаты мал организмінде ауырған кезде болатын физиологиялық өзгерістерді қалпына келтіру.
Ыстық-суық ең бірінші терінің рецептеріне өсер етеді де, ол есер шартты және шартсыз рефлекстер арқылы барлық организмге тарайды. Мал организмінің сыртқы ортаның ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай тугызады.
Емдік ретінде су мен жылулықтың табиғи және жасанды түрлерін қолданады. Суды пар, қар, мүз ретінде де қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |