«Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасы «жануарлардың ішкі аурулары клиникалық балауымен» пәніне арналған


Шипалы және саз балшықиен, шым тезекпен емдеу



бет46/68
Дата02.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#116834
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68
Шипалы және саз балшықиен, шым тезекпен емдеу

ертеден келе жатқан су, минеральды және органикалық заттардан тұратын қоспалармен емдеу әдісі.

Шипалы балшықтардың құрамында антибиотиктерге, витаминдерге, гормондарға, ферменттерге, бактериофактарға, гистаминдерге ұқсас қосылыстар болады. Кейбір балшықтарда газдар мен радиоактивті заттар да болуы мүмкін.

Шипалы балшықтардың., емдік қасиеттері осы қосылыстардың организмге тигізетін әсерлерімен сипатталады.

Шипалы балшықтардың 4 түрі бар:

* Лай, өлі балшық (ил) - ащы және түщы көлдердің, теңіздердің түбінде кездеседі.



  • Сапропель, немесе өлі балшықтың шіріген түрі - ашық су қойнауларында (көлдерде) кездеседі.

  • Шым тезек (торф) - түщы су қойнауларында, батпақты жерлерде өсімдіктердің ыдырауынан пайда болады.

  • Вулканнан, жанар таулардың қопарылысынан пайда болатын шипалы балшықтар. Олар ыстық күкіртті су көзі бар жерлерде кездеседі.

Шипалы балшықтар 3 бөліктен түрады:

■ Кристалл қаңқасы - минеральды заттардың ерімеген ұсақ бөлшектері.

• Коллоидты фракциясы - кристалл қаңқасының ұсақ бөлшектерін біріктіріп түратын жартылай сүйық зат.

■ Шипалы балшықтың ертіндісі (рапа) - миеральды заттардың судағы ертіндісі. Балшықтардың химиялық құрамы осы ертіндінің аз-көптігіне байланысты.


Шипалы балшықтың бөліктерінің езара проценттік қатынасы

Қүрамы

ил

торф

сапропель

Кристал қаңқа

10

39

-

Коллоиды

20

13




Рапа

70

48

90-96

Гумификация - батпақты жердегі өсімдіктердің тереңде, ауаның жеткіліксіздігінен шіруі. Осыдан барып шым тезек пайда болады.

Жақсы сапалы, емдік шым тезек қолмен сыққанда саусақтың ара-арасынан шығып тұрады, құрамында су болмайды. Олардың емдік және биологиялық қасиеттері ондағы механикалық, жылулық және химиялық факторлардың жүйке жүйесі арқылы организмге тигізетін әсеріне байланысты. Ондағы механикалық қасиеті микромассаж түрінде, жылулық қасиеті өткізгіштігі түрінде (жылулықты өте нашар өткізетіндіктен өте жоғарғы температураны пайдалануға болады), химиялық қасиеті құрамындағы химиялық заттармен түсіндіріледі.

Бұл әдістерді бұлшық еттердің, буындардың, сіңірлердің созылмалы ауруларында; ревматизмдерде; сүт бездері ауырғанда; іріндеген, өлі тіндер пайда бола бастаған процестерде; жүйке, сүйек ауруларында; аяқ жараларында қолданады. Қолдануға болмайтын жағдайлар:

жүрек-қан тамырларының қызметтерінің жеткіліксіздігінде бүйрек ауруларында;өкпе, сүйек жөне буын туберкулездерінде;жыныс ағзаларының ісіктерінде;жүйке жүйесінің органикалық өзгерістерінде;жедел қабыну процестерінде;қан ағуға бейімділік кездерінде;өте арықтаған малдарға. Шипалы балшықтармен емдеу үшін әртүрлі ванналар; жапсыру (аппликация), орау әдістері; тік ішек, қынап арқылы тампон ретінде қолданады.

Емдеу жерлерінде табиғи жағдайға жуықтатылған, балшықтарды дүрыс сақтауға болатын арнайы, көлемді орындар болуы керек. Оларды әдейілеп жасалған ағаш күбілермен, бет жағына рапасын (түздығын) құйып, тасиды. Қыста жылы жерде сақтайды. Қолданар алдында су ваннасында (55 градус) қыздырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет