«Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасы «жануарлардың ішкі аурулары клиникалық балауымен» пәніне арналған


Тақырып: Диспансеризацияның мақсаты мен міндеттері, өткізу мерзімі мен әдістері



бет4/68
Дата02.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#116834
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Тақырып: Диспансеризацияның мақсаты мен міндеттері, өткізу мерзімі мен әдістері.

Сабақтың мақсаты. Малдарды диспансеризациядан өткізудің тәртібі мен жұқпалы емес ауруларды болдырмауда жүргізілетін негізгі ветеринариялық профилактикалық іс шаралар. Малдарды емдеудің жолдары мен әдістері.

Сабақ жүргізілетін орын. Кафедра клиникасының манежі, лабораториясы, жақын орналасқан шағын шаруашылықтар.

Керекті құжаттар: мүмкіншілігінше әртүрлі әртүрлі малдар (жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, шошқа, ит, мысық). Малдарды ұстайтын арқан-жіп, тұсау, ноқта, басқұр, ауыздық және т.б. Студенттерге халат, бас киім, жаулық, қолғап, етік. Ірі малдарды жығуға қолданылатын аспаптар, залалсыздандыратын дәрілер.

Сабақты жүргізу әдістемелігі. Сабақты толық топқа (15-20 студент) екі оқытушы жүргізеді. Алдымен студенттерді сабақтың мақсатын және жүргізу барысымен таныстырады. Әртүрлі малдарды қалай ұстап, қалай оларға жақыпау керек екенін түсіндіреді. Студенттердің жеке бастың қауіпсіздігіне аударады. Студенттер бірнеше топтарға бөлініп, кезек-кезек, әрбір малды ұстау, байлау және т.б. әдістерімен айналысады. Сабақтың барысында студенттер өз жұмыстарына оқытушьшың қатысуымен қорытынды жасап, бір-бірімен пікір алысады. Сабақ жүргізуші оқытушының сұрақтарына жауап береді

Еске алатын жай: ауру малды тексергенде тексеруші малдәрігеріне ешқандай кедергі болмауы керек (айғай-шу, мотордың жұмысы, басқа да стресс тудыратын жағдайлар). Әрбір малды ұстамас бұрын кісінің келе жатқанын білдіріп барып жақындау керек. Малдарды жуасыту үшін әртүрлі әдістер қолданылады. Ол әдістерді сөйлей жүріп іске асырған жөн, Мысалы: астыңғы жақ сүйектерінің аралығын, жылқылардың жалының астын, жауырын-жанбас тұстарын, иттер мен шощқалардың әр жерлерін сипалау, мысықтардың құлақтарының арасын, арқасын қасу және т.б. әдістер.

Ауру малды тексеру барысында, тексергеннен кейін студент өз басының гигиенасын толық сақтауы керек. Ол үшін су, зарарсыздандыратыға ертінділер және т.б. керекті құжаттар кеңінен қолданылады.

Сабақ аяғында студенттерді кафедра бөлімдерімен, лабораториямен, аспиранттардың жұмыстарымен, радиобиология, физио-, рентген кабинеттерімен, топтап емдеуге арнайы жасалған бөлмелермен таныстырады. Әрбір студент техника қауіпсіздігі журналына қол қояды. Келесі сабаққа үйге тапсырма беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет