«Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасы «жануарлардың ішкі аурулары клиникалық балауымен» пәніне арналған


Катетрді несеп жолдарын емдеу үшін пайдалану



бет66/68
Дата02.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#116834
түріСабақ
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Катетрді несеп жолдарын емдеу үшін пайдалану.

Ауру малдың несеп жолдарында орын алған қабыну процесстерін біліп анықтау үшін малдың гинекологиялық органдарынан анамнез, клиникалық тексерулерді жүргізіп анықтаған жөн. Малды тексеруден, кейін емдеуден өткізу үшін, алдымен оларды жақсылап фиксация жасайды, немесе станокты пайдаланады. Малды көру, емдеу жұмыстары кең, таза, жарық бөлмеде, не далада жүргізеді. Анамнезді толық алып болған соң, малдың сыртқы жыныс мүшесін, ал ұрғашы малдың қынабын, клиторын, , қынабтың кіреберіс бөлігін, зәр шығатын тесігінің клегейлі қабығының қаншалықты қабынған, қабынбағанын тексереді, одан бөлініп шыққан зәрдің, қанның, іріңнің құрамына көңіл бөледі, жарақаттар болса, оның қай жерде, қаншалықты екенін, көлемін, қабыну стадияларын анықтайды. Арнайы қынап айнасымен влагалищаны жарық түсіру арқылы оның жалпы жағдайын, қабыну процесстерін анықтайды. Керек болған жағдайда, тік ішекті тазалап, қуықтағы зәрдің көлемін, қуықтың аумағын, орын алған патологияны оң қолдың саусақтарымен, тік ішек арқылы сипалап (пальпация жасап), аздап басып, немесе саусақтармен қысып тексеріп көреді. Тік ішек арқылы ірі малдардың сол бүйрегін (2 бүйректен 5-6 бүйрекке дейін бел омыртқалардың сол жақ астында жатады), одан зәр шығатын трубка (мочеточниктің) көлемін, қабыну процесстерін пальпация жасап анықтау болады. Қара малдың оң бүйрегі 12 қабырғадан 2-3 бел омыртқалардың оң жағында, жылқыда 14-15 қабырғалардан 1-ші бел омыртқаның оң жағында орналасқандықтан, тік ішек арқылы тексеру қиынға түседі, қол үші жетпейді. Қойлардың, ешкілердің, бұзаулардың, иттің бүйректерін екі қолдың саусақтарын ең соңғы бел омыртқаның астынғы жағына кіргізіп, малдардың алдынғы омыртқасына қарай саусақтарды жылжытады. Иттің сол бүйректері 2-4 бел омыртқаның астында, оң бүйрегі 1-3 бел омыртқалардың астында орналасқан.

Несеп жолдары, қуық әртүрлі қабыну процесстеріне ұшырағанда стерильді ветеринариялық катетрлерді, ал ұсақ малдарға медициналық катетрларды пайдаланады. Несеп, зәр шығатын жолдарға катетрді енгізу үшін стерильді вазелинмен майлайды, катетр стерильді, әрі жылы болуы тиісті. Айғыр, бұқа, қабан шошқасына катетрді енгізгенде, жайлап солдан оңға қарай бұрап енгізеді.

Негізінен катетрлерді ұрғашы немесе еркек өндіргіш малдарға зәр жүретін жыныс мүшелері, қуықтары, немесе бүйректері түрлі қабыну процесстерінде пайдаланады. Несеп жолдарын алдымен жылы физиологиялық ертіндімен (дене температурасымен сәйкес болуы керек), фурацилинмен бірнеше рет шайып тазалайды. Кейде ірі малдардың қуығындағы зәрді тік ішек арқылы саусақтармен басып шығаруға болады, ал майда малдардың екі бүйірін екі қолдың жұдырығымен қысып тұрып шығаруға болады. Ірі малдардың қуығын шаюға 300-500 мл, кейде оданда көп, ал майда малдарға -100 мл ертінділерді жіберіп қабыну ұлпаларын залалсыздандырады. Несеп жолдары, қуық қабынғанда стерильді бор қышқылын қуыққа жіберіп, мал табиғи зәр шығарғанша қуықта қалдырады.



Малдың организмінен мал қиналғанда, зәр шығара алмағанда, немесе жылқы малдары далада жүріп жайылғанда шаншу (колики) ауруларымен ауырғанда малдың организімінен зәр де шықпай қиналады. Осындай ауруларда малды жылы қораға кіргізіп, тері астына 1,0% күкірт қышқылы атропин ертіндісін жібереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет