Қынаптың ұзындығы 22-30 см., жатырдың денесі 8-15 см, жатыр мен мүйізінде төл өседі. Ұрғашы итттің аналық ұрық безі 1-2 см., ол 3-4 бел омыртқа тұсында орналасқан. Жатыр түтікшесі 4-10см, мүйізі 9-14 см. Жатыры айыр. Мысықтың аналық ұрық безі 1-2 см, түтікшесі 4-5 см, мүйізі 7-10 см, қынап -3 см., қынап кіреберісі 2 см. Жатыры айыр. Жатыр арқылы ұрықтанатын малдарға бие, шошқа, қаншық жатады. Қынап арқылы ұрықтанатын малдарға сиыр, қой ешкі, мысық және бағалы аңдар жатады.
Еркек малдардың жыныс мүшелеріне ен, еннің қосалқысы, ұрық түтікшесі, жыныстық бездер, қамшысы (аспабы) және үрпегі жатады. Еркек малдың қамшысы ( аспабы) үш бөлімнен тұрады – басы, денесі және айыр тамыры астынғы жамбас сүйегіне каудальды, латеральды жабысып бекітіледі. Еркек малдың қамшысы шаптың артымен төмен түсіп қамшының денесіне, қарынның артқы жағымен төмен және алға қарай түсіп қамшының басымен бітеді, сыртында үрпекпен қапталады. Малдардың қамшысы байланыс ұлпалары мен көптеген қан тамырларынан тұрады, ортасында малдың зәрі мен ұрығы жүретін түтікшесі орналасқан. Еркек малдың қамшысының (аспабы) басында, сыртқы клегейлі қабықтарында жүйке тамырларының көптеген сезімтал рецепторлары орналасқан.
Ұрық жүретін түтікшелері ұрық тамырымен (канатик) бірге шаптың тесігі арқылы еніп іш қуысына кіріп, қуықтың мойнына екі жақтан жалғасады да ұрық түтікшесінің кіреберісін (ампуласын) құрайды. Ұрық жүретін түтікшелер үш қабықтан тұрады: ішкі клегейлі, ортаңғы ет ұлпаларынан және сыртқы байланыс ұлпаларынан тұрады.
Қуықтың ұстінде көпіршік, бадана, тамыр бездері орналасқан. Ол бездерден шығарған сұйықтар малдың ұрығымен араласып, олардың өміршеңдігін, қозғалысын арттырады.
Малдың үрпегі жұқа терілерден тұрады, онда өте көп май және тері шығаратын бездерден тұрады. Үрпек малдың қамсынын (аспабын) сыртынан жауып, қорғап тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |