Резорбциялау тұрғысынан қарағанда, ең жақсы егу жолдарының бірі – артерия қан тамырына егу (injectio intraarterialis). Өкінішке орай бұл егу жолының техникасы өте күрделі,өйткені артериялар өте тереңде орналасқандықтан оларды табу,егу қиынға түседі. Дұрыс екпесе артерия жарылып, қан кетуі мүмкін.
Артерияға қарағанда, дәрілік заттарды күре тамырына еккен біршама оңайлау келеді.Бұл жолмен еккенде, дәрілік заттардың барлық мөлшері бірден тез арада әсер етеді және әсер ету күшін оңай реттеуге болады. Бірақ күре тамырға егілген дәрілік заттар қанға және жүрекке күшті әсер етеді. Сол себепті бұл әдіс аса қажет болған жағдайда ғана қолданылады