Мал дәрігерлік тәжірибеде дәрілік заттарды организмге жіберудің бірнеше жолдары бар. Оларды ас қорыту жүйесінің жолдары арқылы (энтеральді) және одан басқа жолдар арқылы (парентеральді) деп бөлуге болады. Малдарға дәрі жіберудің ең қарапайым, кең тараған, қолайлы түрі ауыз қуысы арқылы жіберу. Бұл жағдайда дәрілғрдің организмге сіңуі асқазаннан басталады да, көбінесе жіберілген дәрілік заттармен түйісетін үстіңгі бетінің көлемі аумақты, қанмен жақсы қамтамасыз етілген ащы ішектерде негізгі бөліктері сіңіп, тарайды.