Дәрілердің жағымсыз әсерлерін бірнеше түрлерге бөледі. Оларды жіктеу әр түрлі негіздерде болады. Пайда болу сипатына қарай: тікелей(біріншілік) және салдарлық(артынан дамитын) жағымсыз ісер деп бөледі. Тікелей жағымсыз әсерлер дәрілердің жасушалар мен жасуша ішілік құрылымдарға тікелей бүліндіргіш әсерлерінен бірден дамиды. Мәселен, кальций хлоридінің гипертониялық ерітіндісі тері астына енгізілуден шелмайдың бірден өлеттенуі болады. Салдарлық немесе артынан дамитын, жағымсыз әсерлер дәрілердің салдарынан дамитын екіншілік құбылыстардың нәтижесінде артынан байқалады. Мәселен, антибиотиктермен емдеуден ішектерде дисбактериоз дамуы артынан ішек қарын және өт жолдарының қызметтерін бұзады. Антрациклиндік антибиотиктердің әсерлерінен жүрек ет жасушаларының мембраналарында май қышқылдарының асқын тотығуы кардиомиоциттердің қызметтерін бұзады. Ацетилсалицил қышқылы простагландиндердің түзілуін тежеп, асқазанда ойық жара дамытады.