Дәрілік заттарды венаға, немесе артерияға өте сақтықпен жіберген жөн. Ол үшін дәрігердің өзіндік тәжірибесі болғаны дұрыс. Қан тамырларына толық ерімейтін, майлы, тітіркендіргіш, қанды ұйытатын, эритроциттерді ерітетін дәрілік заттарды жіберуге болмайды. Әдіс арнайы шприцтен мен аппараттар (Жанэ шприці, Бобров аппараты) арқылы орындалады. Жылқыларға, ірі қара малдарына, қой, ешкілерге мойын көк тамыры мен қарын тұсының тері асты венасына; шошқалар мен қояндардың құлақтарының венасына; иттердің жамбас және жіліншік тері асты веналарына жіберуге болады. Дәрілік заттардың әсері бірден білінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |