«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет99/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Тоникалық (тетаникалық) дірілдер. Олар бір немесе топ бұлшық еттердің ұзақ және тым көп сақталатын тырысулары болып байқалады. Таралу дәрежесіне байланысты тоникалық дірілдеулердің бірнеше түрін ажыратады, олардың ішінде юшникалық маңызы барлары мыналар: тетанус - бүкіл қанқаның бұлшық еттеріне таралатын тоникалық дірілдеулер, сіреспе, стрихнинмен уланғанда байқалады; тризм - шайнау бұлшық еттерінің тоникалық жиырылулары, ол ботулизм, сіреспе ауруларында кездеседі; крамп - аяқ бұлшық еттерінің діріл қаға жиырылулары сіреспеде, сонымен қатар малды жыққаңда байқалады; шүйде контрактурасы - бастың артқа шайқалуымен байқалатын шұйде бұлшық еттерінің тоникалық жиырылулары энцефаломиелит, құтыру және басқа ауруларда жиі кездеседі.
Эпилептикалық күлап калулар. Эпилептикальіқ құлап қалулар клоникалық және тоникалық дірілдеулердің жиынтығын құрайды. Олар жиі естен тану, еріксіз зәр және нәжіс шығарумен сипатталады. Бұл бұзау паратифінде, торайлар тетаниясында, ит обасында, аскаридозда кездеседі.
Бұлшық еттердің механикалық қозулары. Бұлшық еттердің механикалық қозуларын нұқу әдісі арқылы анықтайды. Теріге жақын жататын бұлшық еттердің жиырылыуның күшеюі және ауруымен байқалады, олардың қозуының артуының диагностикалық маңызы бар. Бұлшық еттердің механикалық қозуының артуы: жүрек маңайында жұмыршақ пен перикард зақымданғанда, оң жақ қабырға астында-бауыр қабынғанда; жұлын омыртқа жотасы бойында - кетоз аурулары кезінде байқалады. Бұлшық еттердің механикалық қозуларының жойылуы салдану кезінде байқауға болады.
Бұлшық еттердің және жүйке тамырларының электрлік қозулары. Бұлшық еттердің жөне жүйке тамырларының электр тоғына реакциясын әмбебап электроимпульсатор, КЭД-5 құралы көмегімен анықтайды. Электр қозуларды зерттеу шалғай жүйке тамырлардың тітіркендірулерін өткізуін, ал бұлшық еттердің жиырылуын анықтауға мүмкіндік туғызады.
Рефлекстерді, вегетативтік жүйке тамыр жүйесін және ликворды (сары суды) зерттеу
Сабақтың мақсаты: беткі және терең рефлекстерді зерттеу әдістерін меңгеру; вегетативтік жүйке тамыр жүйесін зерттеу әдісін меңгеру; ликворды (сары суды) алу әдісін меңгеру жене оның қасиеттерін зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет