«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет2/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1
аниме 2, 996495
Тақырыбы: Кіріспе.
Ішкі жұқпалы емес аурулар ілімінің негізін қалаған гректің ғалымы гиппиатр Абсирт, оны ветеринария Гиппократы деп атаған.
Патология және жұқпалы емес ішкі ауруларды емдеу жөнінде алғашқы профессорлар Я.К.Кайданов(1749-1855), Г.М.Прозоров (1813-1855) болды.
Ветеринария білімінің дамуына Қазан мектебінің ветеринария терапевтері профессорлар К.М.Гольцман, Н.П.Рухлядев, Г.В.Домрачев және т.б. , ал Қазақстан республикасында Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының алғашқы түлектері профессорлар Н.Р.Семушкин және Я.И.Клейнбук әр түрлі мал ауруларын анықтау мен емдеуде жаңа бағыттар ұсынған:

  • клиникалық зерттеу әдістерін;

  • жалпы арнайы және зертханалық зерттеулер арқылы диагноз қоюды;

  • аурудың тууын, оны жоюға бағытталған жалпы және дербес сақтандыруды;

  • аурудың даму кезеңін және этиотропты, потогенетикалық, симптоматикалық емді жүзеге асыруды;

  • клиникалық белгілерін, емдеу мен сақтандыру шараларын ұйындастыру үшін симптомдар мен синдромдарын.

Қысқаша тарихи шолу
Мал емдеуден жазбаша ескерткіш қалдырған ерте заманғы египеттің папирусы - Кахунский (біздің эраға дейінгі 2000 жыл шамасында).
Аристотель (біздің эрамызға дейінгі 384-322 жж.) мал тарихынаарналған YШ-ші кітабында ірі қара малдың өкпесінің қабынуын, жылқыда болатын шаншуларды, сондай-ақ шошқа, есек, ит ауруларын жазған.
Біздің эрамыздың бірінші ғасырында Үндістанда жылқы, піл және басқа да малдарды емдеудің трактаттары басылып шықты.
Осы ғасырда Рим ғалымы Колумелла шаншуды, өкпе гангренасын, ішектердің геморрагиялық қабынуын және басқа да ауруларды бейнелеп жазды. Ол өз еңбектерінде бірінші рет "Ветеринария" деген сөзді қолданды.
Гректің, ветеринария Гиппократы аталған көрнекті ғалымы, гиппиатр (жылқы маманы) Абсирт (ІY ғасыр) малдың жүқпалы емес ішкі ауруларының негізін салушы деп есептелінеді. Ол бүйрек кабынуы, өкпе эмфиземасы, өкпе гангренасы, жылқы шаншуы туралы мәліметтерді жазған.
Россияда бірінші ветеринария мекемесі 1733 жылы Москва маңындағы Хорошевское селосында оташы шеберін және оның көмекшілерін дайындайтын мектеп-пансионат ретінде ашылды. Мектептің бағдарламасында басқа пәндерді игерумен қатар ірі қара мен жылқылардың ішкі мүшелерінің ауруларын анықтауға жәнеемдеуге дағдыландыру енді. Сол жылы жылқыларға арналған дәріхана ашылды. Бұл сол уақыттың өзінде емдеу ісіне үлкенмағына берілгендігін көрсетеді.
ХYІІ жөне XVIII ғасырларда Россияда қолжазба ретінде жәнебаспадан "Қаладағы және ауылдағы оташы", "Жылқыға арналған дәрілер кітабы" деп аталатын оқу нұсқаулары және малды емдеу туралы кітаптар басылып шықты.
1806 жылы Вилен университетінде ветеринария кафедрасы
жұмыс істей бастады.
1808 жылы Петербургтегі медициналық-хирургиялық академияда, 1811 жылы осы академияның Москвадағы бөлімінде ветеринария бөлімшелері ашылды.
1851 жылы Харьковте, 1873 жылы Қазанда, 1876 жылы Дерпте (Тарту) ветеринария институттары ашылды. Әрқайсысы жыл сайын 25-30 -дан ғана малдәрігерлерін дайындады.
Ветеринария бөлімдерінде дәріс беру үшін көптеген көрнекті ғалымдар жұмыс істеді. Малдың дара аурулары мен емдеу пәнін Вилен университетінде Л.Я.Боянус (1776-1827), Петербургтің медициналық-хирургиялық академиясында Я.К.Қайданов (1799-1855) жөне Г.М.Прозоров (1803-1885),Москваның медициналық-хирургиялық академиясында Христофор Бунге (1781-1861) оқыды. Олар ғылыми жұмыстар жүргізіп біраз кітаптар да басып шығарды.
Ветеринария ілімінің қаралып отырған саласын ары қарай дамытуда профессор К.М.Гольцман және Н.П.Рухлядев негізін қалаған Қазан терапевтер мектебінің косқан үлесі зор.
1833 жылы шыққан К.М.Гольцманның "Үй жануарларының ішкі мүшелерінің аурулары және оларды емдеудің қысқаша курсы" деп аталатын кітабы 6 рет баспадан жарық көрді.
Жұқпалы емес ішкі ауруларды ғылыми тұрғыда ары қарай дамытып, бүгінгі деңгейге дейін жетілдіруге көп үлес косқан ғалымдар, профессорлар: Г.В.Домрачев - жүрек ауруларының маманы; С.А.Хрусталев - ішек-асқазан ауруларының маманы; А.Р.Евграфов - жылқылардың шаншу ауруларының маманы; А.В.Синев пен И.А.Симонов - организмдегі "күш корының" қызметтерін зерттеген мамандар; В.Е.Евтихиев - шаншулар мен жүйке ауруларын нәтижелі емдеген маман; И.А.Каарде - зат алмасының бүзылуын зерттеп, одан сақтандыру шараларын ұсынған маман; И.Г.Шарабрин - диспансеризацияның негізін қалаған маман және тағы басқалар.
Қазақстанда бірінші өлкелік малдәрігерлік-бактериологиялык институт 1925 жылы ашылды. Ол институт 1935 жылдан бастап Қазактың ғылыми-зерттеу малдәрігерлік институты болып аталады. Онда 1948 жылы Қазақстан бойынша бірінші аспирантура ашылды.
1930 жылы Алматының зоотехникалық-малдәрігерлік институты ашылды. Бүл институтта негізгі ғылыми бағыт пен орталықтар топтастырыла бастады. Атап айтқанда: академиктер Б.Л.Домбровский, Ф.М.Мұхаметғалиевтар басқарған морфологтар; академик Н.У.Базанова басқарған физиологгар; академик Я.И.Клейнбок баскарған терапевтер; профессор Б.П.Всеволодов басқарған патоморфологтар; профессор М.П.Орлов басқарған паразитологтар топтары өздерінің ғылыми еңбектерімен Қазақстанда ветеринария ғылымының дамуына елеулі үлестерін қосты.
Қазақстанда малдәрігерлік ұйымдарды құруға ат салысып, ерекше еңбектері сіңген мал дәрігерлері: В.Я.Бенкин, Л.П.Петровский, У.Б.Базанов, Т.Есенкулов, Ш.Кесепғалиев және басқалар.Кейінгі кезде Қазакстандағы ветеринария ғылымын дамытуға көп еңбек сіңірген ғалымдар: К.И.Скрябин, М.И.Иванов, Я.И.Клейнбок, А.Р.Әбішев, К.Н.Бучнев, Ч.К.Қожабеков, Т.С.Минкин, Н.Ж.Жанузақов, Т.С.Сайдулдин, В.Ф.Дымко, К.Б.Биашев және т.б.жатады.
1952 жылы ашылған Семейдің зоотехникалық-мәлдәрігерлік институтында "ішкі жүқпалы емес аурулар" кафедрасы әуел баста "клиникалық диагностика" кафедрасымен біргеболды. Кафедраны ұйымдастырушы және 1975 жылға дейін оны басқарған ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Х.Габидуллин болды. Ғылыми еңбектері төлдердің тыныс алу жүйесінің ауруларын анықтау, емдеу және алдын алу шараларын ұйымдастыруға бағытталды.
1975-79 және 1987-96 жылдары кафедраны ветеренария ғылымдарының кандидаты, доцент В.Н. Квятковский басқарды. Ол малдардың өкпе ауруларын оттегімен байытылған ортада кешенді түрде емдеу әдістерін тереңдете зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе 1990 жылы Москваның ветеринариялық академиясында докторлық диссертация қорғады.
1979-87 және 1999-2005 жылдары кафедраны ветеринарияғылымдарыныңкандидаты, доцент К.Н.Қожанов баскарды. Ол бұзаулардың өкпе ауруларын кешенді түрде емдеу әдістерін ары қарай дамыта отырып, 1996 жылы "Бронхопневмониямен ауырған бұзаулардың организмінің резистенттілік қабілеттілігін реттеу" тақырыбына докторлық диссертация қорғады.
Әр жылдары кафедрада көптеген ғалымдар қызмет істеді. Олардың қатарында ішкі жұқпалы емес ауруларды зерттеуге елеулі үлес қосқандар: ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясының академигі Н.А.Уразаев; ғылым кандидаттары, доценттер: В.А.Виноходов, Б.С.Бушманов, Л.А.Замковая, К.А.Сидорова.
Қазір Қазақстан Республикасы бойынша болашақ мал дәрігерлерін дайындау 5 малдәрігерлік факультеттерде іске асырылады.
Малдардың жұқпалы емес ауруларымен күресуде ветеринарлық лабораторияларда ашылған биохимиялық бөлімдер үлкен рөль атқаруда. Мал өнім беретін мал организміндегі зат алмасу процесінің бұзылуын дер кезінде анықтау үшін мал азығының сапалылығын, оның қанындағы болатын өзгерістерді биохимиялық әдістер арқылы зерттеудің маңызы өте зор.
Қазірде жекелеген аймақтардың геобиохимиялық көрсеткіштерін зерттеу арқылы, кейбір минеральды заттардың жетіспеушілігінен немесе артық болуынан пайда болатын аурулардың алдын алу бағытында көптеген ғылыми жұмыстар жүргізілуде.
Малдәрігерлері мен әр саладағы ферма қызметкерлерінің алдында тұрған негізгі мақсат - малдың денсаулығы мен өнімділігіне жағымсыз әсер ететін факторларды дер кезінде жоюға әрекет жасап, олардың өнімділік мүмкіндігін толық пайдалану. Осы мәселелерді шешу үшін және аурудың алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізуді дұрыс ұйымдастыру үшін үлкенді-кішілі барлық шаруашылықтарда диспансеризация уақытында өткізіліп отырылуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет