«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет7/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Себептері:
Малдарда өздігінен болатын басалқы, әpі сирек кездеседі және көбінесе пайда болады. Бұл жағдайда басты, негізгі аурулардың асқынуынан болатын ауруы перикардиттерді жиі анықтауға болады.
Ірі қара малдарда, кей кезде ұсақ малдарда да, жарақатты перикардит кездесіп тұрады. Оның негізгі себебі ірі -қара малдарының тамақ қабылдау ерекшеліктеріне және тілдің түп жағында орналасқан дәмді сезгіш түтікшелерінің құрлысына байланысты. Әсіресе өнімді көп беретін малдардың организміндеминеральды загтардың азаюы салдарынан тәбеттерінің бұзылуы, азықпен бірге алдыңғы қарыншақтарға әртүрлі бөгде заттардың, көбінесе темір тектес, өтіп кетуі. Ондай заттар месқарынды, тақия қарынды, көк етті (диафрагманы) жарақаттап барып жүрекке жетіп оның сыртқы қабын, етін, тіпті ішкі қабындарын жарақаттайды және өзімен бірге нешетүрлі микроорганизмдерді енгізеді. Онда патогеңді түрлері де болуы мүмкін.
Жарақатты перикардит, сирек болса да, басалқы түрде де кездеседі. Ондай жарақаттану жүрек тұсынан тосыннан болған соққыдан, сынған қабырғаның әсерінен, оқтан болуы мүмкін.
ДАМУЬІ. Аурудың даму барысында екі кезеңді ажыратуғы болады. Әсіресе жарақатты перикардитте. Алғашқыда құрғақ болып басталады да, біртіндеп жалқаяқты (эксудатты) түріне айналады. Ауру себептерінің әсерінен қабыну процесі эксудациядан, фибрин талшықтарының шоғырлануынан басталады. Перикардтың ішкі бетіне жинақталған фибрин талшықтары оны бұдырландырып, тітіркендіру туғызады. Эксудация үдей түседі де жүрек қабының серпімділігі нашарлайды. Бұл оның жұмысын қиындатады. Ірі малдардың жүрек қабында 20-25 литрге дейін эксудат жиналады. Эксудат жүректі қысып, серпімділігін әлсіретеді. Қанның систолалық көлемі азайады.Кей кезде жүрек қабаттары бір-біріне жабысып қалуы да мүмкін.Жүректің қанды сору-шығару процесі бұзылады.
Эксудат өте көп жиналғанда жүректі жан-жағынан қысудың салдарынан томпонда құбылысы пайда болып, оның соғыуының тоқтап қалуы мүмкін.
Көкірек көк етіне (диафрагмаға) қысым түсіреді, оның қимылы бәсеңдейді, өкпе мен бауырда вена қаны іркіледі. Вена қан тамырлары мен капиллярларда қанның кысымы жоғарлайды. Шеткергі вена көк қан тамырларының білеуленіп, ісінгені байқалады. Ондай клиникалық белгі әсіресе мойын көк тамырыныңбілеуленуінен жақсы білінеді. Жалпы денеде ісік пайда болады, артерияда қан қысымы төмендейді, қан айналу жылдамдығы бәсеңдейді.
Қабынупроцесін тудырған зиянды заттардың және шоғырланған эксудаттың ыдырауларынан пайда болған улы заттар организмді уландырады. Олар қанға түскенде дене қызуы көтеріледі. Қан мен зәрдің құрамдары өзгереді. Ауру асқына келе жүрек етіненқабынуына апарып соғады. Оргаиизмдегі басқа ағзалар мен жүйелердің де қызметтері бұзылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет