Мысықтарды тексергенде олардың тұмсықтарын таңып, өздерін матаға, не шүберекке орап, немесе қолғап киіп барып тексеру керек. Шүберекке орағанда тексеретін тұсын ашық калдырады.
Бағалы ұлпалы аңдарды арнайы дайындалған қыскыштармен, немесе резина қолғап киіп ұстау керек. Ауыз қуысын ашу үшін ( В,А.Берестов) ауыз ашқышымен ұстаған жөн. Кейде тор ұстағыштарда, наркоз, жансыздаңдыратын дәрілер беріп барып те тексереді.
Құстардың кеуде сүйектеріне кысым түсірмей, аяқтары мен қанаттарының түбінен қысып, қол созым жерде үстайды.
Малдарды клиникалық тексеру үшін жүргізілетін шараларды, өлекселерді союды, олардың терісін сыдыруды, акушерлік және емдік көмек көрсетуді, әсіресе малдар мен адамдарға бірдей індетті ауруларға күдік болғанда, ол үшін арнайы бөлінген жерде, бүтін резина қолғап (бессаусақ) киіп барып тексеруді жүргізу керек.
Сондай-ақ малдәрігері өзімен бірге ауру малды тексеруге кірісетін көмекшілеріне де алда істелетін ісжөнінде, өз бастарының қауіпсіздігі туралы толық мағұлмат беруі қажет.
Тексеру сұрақтары:
Жеке бастың және тексерілетін малдың қауісіздігін сақтау үшін
қолданылатын әдістер туралы не білесіз?
2.Малдар мен кұстардың дене қызуын қалай анықтауға болады?
З. Жылқылар мен бұқаларды тексеру әдістерін айтып беріңіз.
4.Иттер мен мысықтарды қалай бекітіп ұстау керек?
5.Түйені клиникалық тексеруді қалай жүргізеді?
Құнды терілі (мех) аңдарды клиникалық тексеруден өткізудің
ерекшеліктерін айтып беріңіз.
Әр түрлі малдарды ұстауға пайдаланатын кұралдарды атап, айтып
беріңіз.
Пайдаланған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер.
Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары. К.Н. Қожанов. Семей 2005ж.
Ауыл шаруашылық малдарының жұқпайтын ішкі аурулары. Құрбанов С., Мамбетали О.Д., Құрбанова К.С. Шымкент, 2010 ж
Малдың ішкі жұқпалы емес және инвазиялық аурулары. Тулеметова С.Е. Шымкент 2012ж
Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары. М. Қожабаев, Ш.М Қаратаев. Шымкент 2006ж
Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных . Курбанов С., Курбанова К.С. Шымкент 2010г
Внутренные болезни животных. Г.Г. Щербаков Москва. 2006г
Ветеринариялық клиникалық диагностика. Оқу құралы. Құрастырған М.А.Молдагулов. Алматы: Мерсал, 2004 г.
Жануарлар ауруларының клиникалық диагностикасы. М.А.Молдагулов. Алматы,2007
Достарыңызбен бөлісу: |