Анамнез витеге мына мәліметтер толық зерттеліп жазылады. Атап айтқанда мал ауырмай тұрып қандай қора-қопсыда ұстағаны анықталады. Онда қораның көлемі, қора қандай құрылыс материалдарынан тұрғызылған, оған қанша жыл болған, қораның дарбазалары қандай материалдардан жасалған, төбесі немен жабылған, қораның едені немен жабылған, қорадағы бағулы тұрған малдың түріне, пайдалану бағытына қарай, малдардың жасына қарай қора ішінің температурасы, ылғалдығы, қора ішіндегі ауа ағымының алмасуы, жылдамдығы анықталады (м/ сек); қора ішіндегі жем-шөп қалай беріледі, механизация түрі, малдың қилары, малақтары қалай тазаланады, қора ішінің жарықтығы қандай, керек жағдайда аппаратпен тексеріледі (люкс) , терезелері неден тұрады, қорадан жағымсыз малақ пен зәрдің иістері қалай сыртқа шығарылады, немен шығарылады, керек жағдайда аппаратпен аммияк газының көлемі, анықталып тексеріледі ( мг,%) қанша мал басы тұратыны, қандай мал түрлері тұратыны, малдардың жынысы, жасы, малдарды пайдалану бағыты көрсетіледі.
Анамнез морвиде мына жағдайларды анықтайды:
а) мал қашан ауырды, қалай ауырды, ауырғанда клиникалық өзгерістері қалай болып көрінді;
ә) осы мал ауырған кезде басқа малдар дәл осы сияқты ауру түрімен ауырған жоқ па?
б) мал ауырған кезде малға ветеринариялық көмек көрсетілді ме, егер көмек көрсетілсе көмекті кім көрсетті, немен емдеді, қалай емдеді, емді қашан жүргізіп еді, қанша уақыт ем жүргізді?
в) фермада, мал қорасында мал ауырардың алдында жалпы малдарға қандай ем жүргізіліп еді, ал малдарды жаппай вакцинация жасаса, онда қандай ауру түріне вакцинация жасалып еді, оны кім жасады, қалай жүргізді, жүргізілген жұмыстарға жасалған акт бар ма?
г) аурудан қорада қанша мал ауырып өлді, немесе сойылды, оларды қалай пайдаланды?
д) мал егесінен ауырған малдың ерекше есте қаларлық клиникалық белгілерін, ауруға себеп болған басқа да себептерін, күдігін сұрастырып біледі.
Малды жалпы тексеру
Малды жалпы тексергенде, ең алдымен малдың температурасын тексеріп, оны ауру тарихының құжатына тіркейді. Ауру малдың ауруына қарай, аурудың өту процессіне қарай температураны таңтертең және кешкі температурасын тіркеген жөн. Одан кейін малдың габитусын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |