Қанның сілтілік қорын, қышқылдық сиымдылығын және қан сарысуындағы каротинді анықтау.
Сабақтың мақсаты: Қанның сілтілік қорымен қышқылдық сиымдылығын анықтаудың әдістерін меңгеру, қанның сарысуындағы каротинді анықтау және тексеру қорытындыларына диагностикалық баға беруді үйрену.
Қажетті құрал-жабдықтар: фотоэлектрокалориметрлер, микробюреткалар және бюреткалар ( 0,2; 1,5; 10 мл ), қант және химиялық стакандар, көз түтікшелері, шыны таяқшалар, тұз қышқылының 0,010 ерітіндісі, натрий гидрооксидінің 0,1 % натрий ерітіндісі, натрий хлоридінің 0,5% ерітіндісі, фенолфталейннің 1% ерітіндісі, ализарин қызыл С-ның 1% ерітіндісі, 96% этил спирті , петролинді эфир, авиациялық жанармай, калий бихроматының негізгі стандарт ерітіндісі, қан және қан сарысуы.
Қанның сілтілік қорын анықтау. Қазіргі уақытта қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті анықтайтын жетілдірілген және рН анықтауға мүмкіндік беретін көмір қышқылының парциалдық қысымын, сілтілік қорды, бикарбонаттың өзін, стандартты бикарбонатты, буферлі негіздерді және плазманың жалпы көмір қышқыл газы құрамы анықтау кезінде жетілдірілген болып табылатындары Зиггарды – Андерсон ( 1963), модифицирленген Аструп (1956), әдісі. Бірақ Аструп жүйесі аппараттары қымбат, пайдаланылуы күрделі болғандықтан, көптеген лабораториялардың иелігіне тиімсіз. Осы себептерден мал дәрігерлік тәжірибеде қышқылдық-сілтілік тепе-теңдіктің жағдайын қазіргі кезде қан плазмасының сілтілік қорын немесе қанның қышқылдық сиымдылығын анықтау қорларына қарап бағалайды.
Сау малда қан плазмасының сілтілік қорын ( СО2 көлемдік процентімен) Ван Слайк әдісімен анықтағанда мына аралықтардағыдай болады: ірі қарада- 50-62; қойда – 45-54 ; ешкіде – 48-52; жылқыда – 50-65; шошқада – 48-60 ; итте- 40-60 ; тауықта – 48-52.
Қышқылдық сиымдылықты анықтау. Қанның қышқылдық сиымдылығының Неводов әдісімен, ал қан сарысуының қышқылдық сиымдылығын Зельтман және Климеш әдістерімен анықтайды.
Қанның қышқылдық сиымдылығын Неводов әдісі бойынша анықтау. Стаканға НСІ ( тұз қышқылы ) 0,01 н ерітіндісін 10 мл құйып, оған 0,2 мл қан қосып, мұқият араластырады. Ашық түсті қоңырқай сұйық пайда болады, оны NaOH күйдіргіш натрийдің 0,1 н ерітіндісімен лайланып, ұлпа түзілгенше титрлейді. Тексеру кезінде тұз қышқылы (НСІ) 0,01 н ерітіндісінен 10 мл алады, оған 2 тамшы 1 % фенолфталеин ерітіндісін қосып, күйдіргіш натрийдің 0,01 н ерітіндісімен ашық қызғылт түске боялғанша титрлейді.
Есептеуді мына формуламен жүргізеді:
Х = / а-b / • 4 • 100 / 0.2 = / а-b / • 2000
Мұндағы Х-қанның қышқылдық сиымдылығы, 100 мл / мг; а – тексеру кезінде титрлеуге жұмсалынған күйдіргіш натрийдің 0,1н ерітіндісі мөлшері мл; b – қанның тәжірибедегі күйдіргіш натрий 0,1 н ерітіндісінің титрлеуге кеткен мөлшері мл; 4-1 мл мөлшердегі NaOH күйдіргіш натрийдің 0,1 н ерітіндісінің құрамында NaOH мөлшері, мг; 0,2- зерттеуге алынған қан мөлшері, мл; 100-100 мл қандағы қанның қышқылдық сиымдылығын есептеуге арналған коэффициент.
Қанның қышқылдық сыйымдылығын СИ бірлігімен (халықаралық бірлік) (ммоль/л) мына формула бойынша анықтайды:
Х=(а-b) • 4 • 100 / 0.2 • 40 = ( а-b) • 500
Мұндағы Х-қанның қышқылдық сыйымдылығы, ммоль/л; 1000-1 мл қанның қышқылдық сыйымдылығын 1 л қанға аударуға арналған коэффициент; 40 - NaOH күйдіргіш натрийдің салыстырмалы молекулярлық массасы.
Қан сарысуының қышқылдық сыйымдылығының мөлшерін Вельтман және Климеш, Н.А.Раевский модификациялаған әдістері бойынша анықтайды. Диаметрі жобамен бірдей 2 пробиркаға 2 мл 0,5% NaСІ ерітіндісін құйып, оның әрқайсысына 2 тамшы ализарин С қызылдың 1% ерітіндісін қосқанда сары түске боялған сұйық пайда болады. Сол пробиркалардың біріне 0,2 мл зерттелетін қан сарысуын құйғанда, сұйық шие түсіне ұқсас қызыл түске боялады. Екінші пробирканы бақылау үшін алады, оған НСІ 0,01 н ерітіндісін қосып араластырады.
Бірінші пробиркадағы НСІ 0,01 н ерітіндісімен бақылаудағы пробирка түсіндей болғанша титрлейді.
Есептеуді мына формуламен жүргізеді:
Х= а•4•100 / 0,2 = а • 200
Мұндағы Х-қан сарысуының қышқылдық сыйымдылығы , мг 100 мл; а-титрледі жұмсалынған НСІ 0,01 н ерітіндісінің мөлшері, мл; 0,4-1н НСІ ерітіндісіне эквиваленті NaOH мөлшері мг; 0,2-зерттеуге алынған қан сарысуы мөлшері, мл; 100-100 мл қан сарысуының қышқылдық сыйымдылығын аударуға арналған коэффициент.
Қан сарысуының қышқылдық сыйымдылығын мына формула бойынша анықтайды. (ммоль/л) :
Х = а • 0,4 • 1000 / 0,2 • 40 = а • 50
Мұндағы Х-қан сарысуының қышқылдық сыйымдылығы ммоль/л; 10001 мл қан сарысуының қышқылдық сыйымдылығын 1 л аударуға арналған коэффициент; 40- NaOH салыстырмалы молекулярлық массасы.
Қанның қышқылдық сыйымдылығының орташа көрсеткіштері
(100 мл/мг); ірі қарада -460-580; қойда – 460-520; ешкіде – 380-520; жылқыда – 500-600; шошқада – 500-600; итте – 450-550.
Қанның қышқылдық сыйымдылығы мына ммоль/л аралықтарда болады: ); ірі қарада -115-145; қойда – 115-130; ешкіде – 95-130; жылқыда – 125-150; шошқада – 125-150; итте – 110-135.
Қышқылдылық-сілтілік тепе-теңдік бұзылған кезде ацидоз (қышқылдылықтың көп болуы немесе негіздердің жетіспеушілігі) немесе алкалоз, базеос ( негіздік сілтілік заттардың көптігі) болуы мүмкін. Егер ацидоз немесе алкалоз рН - өзгеруімен болса-компенсирленбеген деп атайды. Ацидоз және алкалоз газды ( тыныстық ) және газсыз ( метаболдық ) болуы мүмкін.
Газды ацидоз организмде өкпенің желденуі азайған кезде ( бронхиялды асма , өкпе эмфиземасы ) көмірқышқылы көбеюінен болады. Газды алкалоз өкпенің шектен тыс көп желденуі кезінде байқалады.
Метаболдық алкалоз организмде сілтілердің шектен тыс жиналуы көп құсқанда ( тұз қышқылының азаюы ), фибринозды пневмонияда , силикозда, қант қызылшасын көп бергенде, ұлтабар түйілгенде пироплазмада және басқа аурулар кеінде болады. Метаболдық алкалоз организмде зат алмасу процестерінің бұзылуы, малға қышқылды және бұзылған азықтарды, құрама азықтарды көп бергенде, нашар азықтандырғанда, мал тұратын жерлердің нашар желденуі, инсоляция (күн сәулесінің) жетіспеушілігі немесе жоқтығы, рахит және остеодистрофия, ұлтабар алды қарындар атониясы, бронхопневмония, қызба, қабынулар кезінде, кетоз, төлдеуден кейінгі парез, төлдер диспепсиясы, жүрек-қан тамыр ақаулары және тыныс алу жетіспеушілігі, сәуле ауруы, нефрит, қант диабеті (сусамыр), эклампсия және т.б. ауруларда кездеседі.
Қан сарысуындағы каротинді анықтау. ( В.Ф.Коромыслов және Л.А.Кудрявцева әдісі бойынша ). Пробиркаға 1 мл қан сарысуы және 3 мл 95% этил спиртін құйып, шыны таяқшамен мұқият араластырады. 6 мл петролейнді эфирді (немесе бензинді ) қосып, 2 минуттай жылдам қозғап, пробирка қабырғасы бойымен ақырын 0,5 мл дистильденген су құяды, оны органикалық және су фазалары анық бөлінгенше қойып күтеді. Содан соң мұқият 4,5-5 мл каротин экстрактын құйып, кюветке ауыстырады.
Фотоэлектрокалориметрде 1 см кюветтегі көгілдір түсті сүзгіштің қарсы жағына петролейінді эфирді (бензинді) қойып, колориметрлейді. Бір уақытта калий бихроматының стандартты жұмыс ерітіндісін ( 5 мл дистильденген суды 5 мл калий бихроматының сілтілі ерітіндісімен араластырады) колориметрлейді.
Есептеуді мына формуламен жүргізеді:
Х= А / Б * 1,248
Мұндағы Х-қан сарысуындағы каротин мөлшері, 100 мл/мг; А- зерттелетін сынаманың оптикалық тығыздығы; 1248-100 мл қан сарысуындағы каротинді мг аударуға арналған коэффициент.
Каротинді анықтауды мына формуламен жүргізеді:
Х= А / Б * 1,248
Мұндағы Х-қан сарысуындағы каротин мөлшері мг/л; 12,48-1 л қан сарысуындағы каротинді мг аударуға арналған коэффициент.
Сау малдардың қан сарысуындағы каротин мөлшері (100 мл/мг) ірі қарада – 0,5-2; қойда – 0-0,02; жылқыда – 0,02-0,175; шошқада – 0,01; итте – 0-0,002; тауықта – 0,03-0,3.
Қандағы каротин мөлшерінің азаюы гипокаротинемия деп аталады. Каротин және А витамині жетіспеуі организмнің төзімділігі төмендеуінің себептерінің бірі, төлдер диспепсиясы, бронхопневмониялар, керато-коньюнктивиттер, өсудің тежелуі; сиырлардың сүт өнімінің төмендеуі, стерильді іш тастаулардың көбеюі, шу түспеулер, жатыр субинволюциясы, жыныс циклының бұзылуы; бұқаларда – спермогенездің бұзылуы; шошқаларда – торайлардың кемістіктерінің пайда болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |