«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша


Қан сарысуындағы бейорганикалық фосфорды анықтау (Аммон және Гинсберг әдістері бойынша С.А.Ивановскийдің модификациялауымен)



бет24/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1
аниме 2, 996495
Қан сарысуындағы бейорганикалық фосфорды анықтау (Аммон және Гинсберг әдістері бойынша С.А.Ивановскийдің модификациялауымен).Анықтауды екі сатылы жүргізеді.
Бірінші сатысы – белоктарды тумбаға шөктіру. Центрифугалық қондырғыға 3 мл дистильденген су, 1 мл зерттелінетін қан сарысуын және 1 мл 20 %үш хлорлы сірке қышқылын құйып, мұқият араластырады. 5 минут уақыт өткеннен кейін 15 минут аралығында минутына 3000 айналымда айналдырады (немесе күлсіз сүзгі арқылы өткізеді).
Екінші сатысы – түсті реакция. Пробиркаға (тәжірибе) 2,5 мл мөлдір центрифугатты (немесе сүзгіден өткен сұйықтықты), 0,5 мл молибден реактивін, 1 мл 1% аскорбин қышқылын және 6 мл дистильденген су құяды. Бір уақытта басқа пробиркаға (стандарт) 3 мл фосфордың стандартты жұмыс ертіндісін , 0,5 мл молибден реактивін, 1 мл 1% аскорбин қышқылын және 5,5 мл дистильденген су құяды. 10 минут уақыт өткеннен кейін екі пробиркадағы сұйықтарды фотоэлектроколориметрде жасыл түстісүзгімен ені 10 кюветтерде колориметрлейді.
Есептеуді мына формуламен жүргізеді:
Х= ЕХ *0,05*100 / ЕК*0,5 = ЕХ *10/ ЕК
Мұндағы Х – зерттелетін қан сарысуындағы бейорганикалық фосфор мөлшері, 100 мл/мг; Ех – қан сарысуы бар центрифугаттың оптикалық тығыздығы (тәжірибе); Ек – фосфордың стандарт ертіндісі бар сұйықтықтың оптикалық тығыздығы (стандарт) ; 0,05 – тексеруге алынған фосфордың стандартты жұмыс ертіндісіндегі фосфор мөлшері, мг; 0,5 – колориметрлік зерттеуге алынған қан сарысуы мөлшері, 100-100 мл қан сарысуындағы фосфор мөлшерін есептеуге арналған коэффицент.
Қан сарысуындағы бейорганикалық фосфор мөлшерін мына формуламен де анықтайды (ммоль/л):
Х = ЕХ *0,05*100 / ЕХ *0,5*30,9738 = ЕХ * 323 / ЕК

Мұндағы Х – қан сарысуындағы бейорганикалық фосфор мөлшері, ммоль/л; 1000 мл литрге айналдыруға арналған коффицент; 30,9738 – фосфордың салыстырмалы молекулярлық салмағы.


Сау малдардың қан сарысуындағы бейорганикалық фосфор мөлшері мынадай (100 мл/мг) , ірі қарада – 4,5-6,5; қойда – 4,5-7,5; ешкіде – 6-8; жылқыда – 4,2-5,5; шошқада – 4-6; итте – 3-4,5; тауықта – 3,8-5,6.
Сау малдардың қан сарысуындағы бейорганикалық фосфор мөлшері мынадай (ммоль/л), ірі қарада – 1,45-21; қойда – 1,45-2,42; ешкіде – 1,94-2,58; жылқыда – 1,36-1,78; шошқада – 1,29-1,94; итте – 0,97-1,45; тауықта – 1,23-1,81.
Қан сарысуындағы бейорганикалық фосфор мөлшерінің азаюы гипофофатемия деп аталады, ол рахит, остеодистрофия, болғанда кездеседі.
Қан сарысуындағы бейорганикалық фосфор мөлшерінің көбеюі-гиперфофатемия деп аталады, ол гипервитаминоз Д сүек сынықтарының жазылуында, бүйрек ауруларында (нефрит, пиелонефрит, нефросклероз) гипопаратиреоз, бауырдың сары артрофиясында, лейкоз ауруларында кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет