Қан сарысуындағы жалпы кальцийді анықтау (Вичев және Каракашов әдісі бойынша). Пробиркаға 1 мл КОН 0,1 н. ерітіндісін және индикатор сұйықтығының бірнеше үгіндісін салғанда, ақшыл-қызыл түсті сұйық пайда болады. Егер жасылдау флюоресценция пайда болса (ерітіндіде кальций қалдықтары болғандықтан), онда трилон Б 0,001 М. ерітіндісімен ақшыл-қызғылт түске дейін титірлейді. 0,1 кальцийдің стандартты жұмыс ерітіндісін қосады, нәтижесінде жасылдау флюоресценция пайда болады. Трилон Б 0,001 М. ерітіндісімен ақшыл-қызғылт түске боялғанға дейін титірлейді. Соңында пробиркаға 0,1мл зерттелінетін қан сары суын құяды. Флюоресценция пайда болғаннан кейін трилон Б 0,001 М. ерітіндісі мен оның түсі жойылғанша титірлейді.
Есептеуді мына формуламен жүргізеді:
X= A*0,01*100 / Б *0,10 = А/Б *10
Мұндағы Х-зерттелінген қан сарысуындағы кальций мөлшері, 100мл/мг; А-қан сарысуын титрлеуге жұмсалынған трилон Б 0,001М ерітіндісі мөлшері, мл; Б-кальцийдің стандартты жұмыс ерітіндісін титрлеуге жұмсалынған трилон Б 0,001 М ерітіндісінің мөлшері,мг; 0,1-зерттеуге алынған қан сарысуының мөлшері, мл; 100-100 мл қан сарысуындағы кальций мөлшерін есептеуге арналған коэффициент.
Калций мөлшерін мына формуламен анықтайды, (ммоль/л):
Х= А*0,01*1000 / Б*0,1*40,08 = А*2,5/Б
Мұндағы Х-қан сарысуындағы кальций мөлшері, ммоль/л; 1000-мл литрге аударуға арналған коэффициент; 40,08 – кальцийдің салыстырмалы молекулярлық салмағы.
Сау малдардың қан сарысуындағы жалпы кальций мөлшері мына аралықтарда болады.(100 мл/мг); ірі қарада – 9,5-13,5; қойда - 9,5-13,5;ешкіде-11-13; жылқыда – 10-14; шошқада -10-14; итте-10-12,5 ; тауықта-15-27.
Қалыпты жағдайда қан сарысуындағы кальций мөлшері мынадай болады; (ммоль/л); ірі қарада -2,38-3,38; тауықта-3,75-6,75; қойда- 2,38-3,38; ешкіде- 2,75-3,25; жылқыда - 2,5-3,5; шошқада- 2,5-3,5; итте-2,5-3,13.
Қан сарысуындағы жалпы кальций мөлшерінің азаюы (гипокальцемия) ашыққанда, рахитте, остеодистрофияда, остеофлюорозда, уремияда, бломерулонефритте және бүйректің басқа созылмалы ауруларында, төлдегеннен кейін парез болғанда, бронгопневмонияда, эксудативті плевритте, қан аздықта, лейкозда, сусамырда, жіті түрде өтетін зілді ауруларды, созылмалы сепсисте, кетанияда, қалқанша маңы безі жетіспеушілгінде, жіті панкреатитте лейшманиозда, жұқпалы плевропневмония және басқа ауруларда байқалады.
Жалпы калций мөлшерінің көбеюінің себептері алиментарлық остеодистрофияда, деформациялық артритте, гипервитаминозда, остеомада, гиперпаратиреозда, дентофлюорозда , жүрек ақауларында, перитонитте, гангренада (шіруде) сарғаюы байқалатын және де тағы басқа ауруларда кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |