Қандағы сары судың сілтілік қорының организімде атқаратын рөлі мен оны анықтау. Малдың қанында қышқылды-сілтілі тепе-теңдік аниондар мен катиондардың ара қатынасы тұрақты сақталады. Сондықтан ауыл шаруашылық малдардың қанындағы рН -7,30-7,45, немесе шамалы сілтілі болып келеді. Сілтілі тұздар организмге жаз кезінде көк шөппен бірге, ал қышқыл қоспалар малға даярланған жем – шөптермен бірге барады. Одан басқа , қышқыл мен сілті қосындылар организмде әр түрлі ауруларда, патологиялық өзгерістерде болады. Қандағы рН тұрақтылығы, ондағы буферлі қосындылардың, атап айтқанда бикарбонатты, фосфатты, гемоглобин мен белоктардың ара қатынастарымен, бүрек , өкпе, ас қорыту аппараттарының, терінің, желіннің қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
Қандағы қышқыл-сілтілі бұфер тұрақтылығы кейде қышқыл құрамының ұлғаюымен, немесе сілтілердің көлемі тіптем азайғанда ацидоз,ал кейде қанда сілті көбейіп, керісінше қышқыл көрсеткіші азайғандаалколоз процессі орын алады.
Респираторлық ацидозда дем алу процессі өте баяулайды, организмнен Со2 толық шықпайды. Бұл жағдай өкпенің эмфиземасында, өкпенің ісіп қабынуында, бронхиальды астмада (демікпеде), бронхитте, организмнің дем алу орталығының тежелгенде, жүрек, қантамыр жүйелерінің ауруларында орын алады.
Метаболикалық ацидозда қанда органикалық қышқылдардың көлемі тіптем көбейіп, организмнің ұлпаларындағы зат алмасу процесстері, бүректің, ішек қарындардың атқаратын қызметтері бұзылады, денеден қышқыл метаболиттері толығымен шықпай қалады. Метаболикалық ацидоз малға қышқыл, ашыған сүрлем, немесе көп мөлшерде жем бергенде, кейде мардымсыз жем-шөп бергенде орын алады. Осындай жағдай малдардың күн көзін көрмегенде, серуендетпегенде, малдың рахитінде, қора қопсы ауасын ауыстырып тұрмағанда, малдың остеодистрофиясында, қарынның атониясында, бронхопневмонияда, малдың әртүрлі қабынып, температурасы көтерілгенде, қант диабетінде, кетозда, бұзаулағаннан кейінгі парезде, төлдердің диспепсиясында, жүрек, қан тамыр, өкпе аурулрының функцияларының жетіспеушілігінде, малдар сәулемен ауырғанда, бүйрегі, қалқан бездерінің қабынуларында орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |