«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет32/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Жүрек шуылдары: жүрек шуылдарына жүрек саздарына жүрек ырғағына байланысты, қалыпты жүрек саздарының ерекшеленетін жүрек тұсындағы барлық дыбыстың құбылыстары жатады. Шуылдардың ырғағы естілу орнына байланысты. Олар эндокардиальды (органикалық функциональды) және (экстракардиальдыперикардиальды, плевроперикардиальды, кардиопултифиальды) болып бөлінеді.
Эндокардиальдар шуыл жүректің ырғағына байланысты болады, олар ысылдағанда жел үрлегендей, ызылдағандай болып естіледі.
Органикалық эндокардиальды шуылдар қақпақшалардың ішкі құрылысының өзгерісінен пайда болады. Ол кезде қақпақшалар толық жабылмайды да, қақпақшалардың саңылауында ақау пайда болады. Сондықтан ол тарылып, қақпақшалардың дембрендары ұлғаяды.
Жүрек қақпақшаларының мұндай өзгерістерін жүректің ақаулары деп атайды.
Жүректің 4 саңылаулары және 4 қақпақшалары болады. Сондықтан да 8 ақау кездеседі. Жүрек шуылдары систолалық және диастолалық болып екіге бөлінеді. Жүректің органикалық шуылы тұрақты болып келеді. Малды жүгірткен кезде ұлғаяды, дерминдердың естілетін орны қақпақшалардың нақты естілетін орнымен сәйкес келеді. Олар артериялық және венозды тамырларының соғуынан, жүрек шекарасының өзгеруінен пайда болуы мүмкін.
Функционалды эндокардиалды шуылдар-әрқашан систолалық болып келеді, ол шуылдар жай естіледі, жүректің көлемі ұлғайғанда, жүрек бұлшық етінің гипотониясында анемияда кездеседі.
Жай жүрек ақауларының әр түрлері кездесуі мүмкін.
Перикардиальды шуылдар - үйкеліс және шалпыл дыбыс жүрек пен жүрек қалтасында пайда болады, ол жүректің дүрсілімен сәйкес келмейді. Тыңдаған кезде нақты, құлақ түбінен естілетін шуылдар (әсіресе жүректің абсалютті шекарасында). Олардың орны өзгеріп тұрады. Көбінесе олар созылмалы перикардитте кездеседі (фибриналды, ірінді, ірінді-дембронозды).
Үйкеліс дыбыстары неше түрлі болып шығады, ол шуылдар тырсылдағандай, тырналғандай, шалпыл дыбыс жаңа тері қытырлағандай, бұрқылдағандай, гүрілдегендей, ысылдағандай болып естіледі.
Жүректің перикардиалды шуылдары систолада да, диастолада да естіледі, кей кездерде үздіксіз естіле береді. Бұл шуылдардың нақты естілетін жері болмайды. Жүректің ақаулары шуылдарымен салыстырғанда жүректің кез-келген жерінен естіледі.
Үйкеліс шуылдар фибриндер жиналған кезде естіледі, оның айғағы кеудені сипаған кезде ауырсынады және жүректің шекарасы өзгереді.
Плевро - перикардиальды үйкеліс жүрекке жақын жататын шуылдар плевро қабынғанда сезімді перикардиттің үйкелісдыбысына ұқсас. Бірақ бұл шуылдар тыныс алған кезде қатты шығады да, ал дем шығарғанда әлсірейді, ал перикардиальды шуылдар тыныс алған кезде жақсы естіледі.
Кардиапульмональды шуылдар - бұл шуыл тыныс алғанда және жүрек систоламен сәйкес келсе ғана естіледі. Ауа жұтпаған уақытта естілмейді де одан кейін ұлғая түседі. Кардиопульмональды шуылдар жүректің көлемі ұлғайғанда кездеседі. Себебі: үлкейген жүрек жиырылған кезде маңында жатқан өкпені де қозғалысқа келтіреді. Сол уақытта дем шығарған кезде ол систоламен қабаттасып естіледі де, пайда болған шуыл кардиопульмональды шуылдар деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет