ФКГ – ны жазу әдісі. Алдымен фонокардиографтық қосылғыш үлгі бойынша ЭКГ – ға қосылады. Ол үшін өткізгіштер «ПР»-1ші, «ЛР»-2-ші, «ПН»-3ші клеммаларына жалғастырылады. Содан кейін ЭКГ электр тоғына қосылып, ондағы және фонокардиографтық қосылғыштағы ауыстырып қосқыштар «вкл» жағдайына қойылады. Екі аппараттағыда күшейткіш потенциометрдегі «2» цифрына қойылады. ЭКГ – ны жермен жалғастырады. Жазғыш қаламының дірілдемеуін және оған сияның үнемі келіп тұруын тексереді. Қосылғыш арқылы жалғанған микрофонды жүректің керекті нүктесіне тығыз етіп орналастырап, көмекші дәрігер қимылдатпай ұстап тұрады. Аппараттағы дәрігер ЭКГ – дағы лентаны жылжытатын қосқышты іске қосып, жүректің 8-10 циклін жазады. Әрбір студент осылай жазылған жүрек циклының бесеуіне талдау жасап, орташа көрсеткішін шығарады. Ол деректерді өз дәптерлеріне жазады. Сабақ соңында студенттердің талдаулары тексеріліп, бағаланады.
ФКГ – ны талдау әдісі. ФКГ – ның әрбір элементі неше миллиметр аралықты алатынын анықтайды. ( х); оны 0,02 цифрына көбейтіп және тиісті формулаларды пайдалана отырып төмендегі көрсеткіштерді анықтайды:
-бірінші саз ( 1с) = х · 0,02;
-қысқа үзіліс ( ҚҰ) = х · 0602;
-систола ( С) = 1 с + ҚҰ;
-екінші саз ( 2с) = х · 0,02;
-ұзын үзіліс ( ҰҮ) = х · 0,02;
-диастолы ( Д ) = 2 с + ҰҮ
-жүрек циклі ( ЖЦ ) = С + Д;
-систолалық көрсеткіш ( СК) = С · 100/ ЖЦ;
-жүректің 1 минуттағы соғуы = 60/ЖЦ
-Жүрек соғысының тұрақсыздығы – 5 циклдегі жүрек соғысының тұрақты, не тұрақсыздығын көрсетеді. Оны 1 минуттағы жүрек соғуының ең көбінен ең азын алу арқылы шығарады.
Әрбір студент жүректің 5 циклін талдап, одан арифметикалық орта санын шығарып, оны сау малдардың көрсеткіштерімен салыстырып, қорытынды жасайды.
Малдың жүрегінің соғысын стетофон арқылы тыңдау әдісі. Стетофон ( модель – 081) аппараты дәрісханады жоғарырақ орналастырылған дыбыс үлкейткіш репродукторға қосылады. Ол арқылы естілетін жүрек дыбысын дәрісханада отырған студенттердің барлығы бірдей естіп, әрқайсысы өз қорытындыларын шығарады. Ол үшін аппаратты оның бетінде орналасқан көрсеткіштері арқылы жұмыс бабына келтіреді ( аппараттың нұсқау кітапшасын пайдаланған жөн), микрофонды ақырын үрлеу арқылы оның жұмыс істейтін, не істемейтінін тексереді. Бір студент микрофонды жүректің тиісті нүктесіне тығыздап орналастырып ұстап тұрады. Ал аппаратта отырған студент жүрек дыбысының анықтығын, қаттылығын реттер отырады. Сабақ жүргізуші жүректің әрбір нүктесінде естілетін дыбыстарды түсіндіріп, өзгерген дыбыстарға студенттердің көңілін аударып отырады. Студенттердің сабақты жақсы игерулері үшін сау және ауру малдардың жүректерін тыңдап, салыстырмалы түрде талдау жасаған өте қолайлы.
Сабақтың соңында студенттердің бағалары хабарланып, үйге тапсырма беріледі.
Жүректің функциональды және оның өткізгіштік жүйесінің жағдайы жөнінде құнды мағлұматтарды элекстрокардиография әдісі арқылы алуға болады.
Электрокардиография-бұл жүрек бұлшық етіндегі электірлік құбылыстарды жазып алу әдісі. Бұл әдістің маңыздылығы сол, миокардта қозу процесі кезінде пайда болатын биоэлектрлік тоқтар потенциалының айырмасын жазып алу.
Электрокардиограмманы (ЭКГ) алу үшін жиі төменгі типті электрокардиографтар қолданылады: ЭКПСЧ-3, ЭКПСЧ-4, (М-060), ЭКПСЧТ-4, (М-061), ЭКПСЧТ-4, Элкар, ЭК-873 және т.б.
Электрокардиография әдісі арқылы жүректің барлық аритмиясын, жүректегі органикалық өзгерістерді (миокардиодистрофия, миокардиодегенерофия, миокардиосклероз) жүректің ішкі қан айналуының бұзылуынан болады.
Электрокардиограмма арқылы жүрек қызметінің өткізгіштік қасиетін анықтайды. Автоматтық қызметін, қозғыштық қабілетін, жүректің өткізгіштік қабілетін, жиырылу қабілетінің бұзылуын анықтайды. ЭКГ жазу үшін 5 % ас тұзы ерітіндісіне малынған дәкені орнықтырып, оның қолайлы пластикадан жасалған электродтарды екі алдыңғы оң және артқы аяққа бекітіп, ЭКГ-ға кабель арқылы жалғайды.
Электрокардиограмма алу үшін мал денесінің белгілі бір бөліктеріне арнаулы пластинкалар бекітіп, тоқ тартады. Электрокардиогафияны денеге көбіне үш түрлі әдіспен жалғайды. I - тоқ тарту жолы - тоқ малдың екі блезігінен тартылады. II - тоқ тарту жолы - тоқ малдың оң білезігі мен сол толарсағынан тартылады. III - тоқ тарту жолы - тоқ сол білезік пен сол толарсақтан тартылады. Тоқ тартудың басқа да әдістері қолданылады. Мысалы сагиттальды жүйемен тарту. Бұл әдіс бойынша электродтар төстің алдына, шоқтыққа және кіндік тұсына бекітіледі. Ірі қараның элекгрокардиограммасы жүректің анатомиялық ерекшеліктері мен миокард қызметінің сиперика сәйкес электрокардиографты денеге 8 түрлі әдіспен жалғастырады.
ЭКГ түзу изопотенциалды сызықтан және бес кертештен тұрады. Оның үшеуі изопотенциалды сызықтан жоғары бағытталған (P,R,T), олар оң кертештер деп аталады. Ал екеуі Qжәне Sизопотенциалды сызықтан төмен бағытталған. Олар теріс кертештер деп аталады. Көрсету және түсіндіру арқылы төмендегі көрсеткіштерге сүйене отырып, ЭКГ-ні оқытуға үйрету.
Қалыпты ЭКГ-ның тістері мен ара қашықтықтары
(түсініктемесі мәтінде берілген)
Кертештердің биіктігі (мм) .
Изопотенциалды сызықтан кертештердің бағыттары (оң-
жоғары, теріс-төмен).
Арақашықтықтарының ұзақтығы (сек).
ЭКГ-де eкікезең анықталады. Систолалық период Р кертешінен Т кертешіне дейінгі аралықты анықтайды. Диастолалық период деп Т кертешінен келесі Р кертешіне дейінгі аралықты айтады.
Р кертеші - құлақша еттері қозғандағы потенциалдарының өзгерістері. Р кертешінің биіктеуі симпатикалық жүйе тамыры өзгеруінде, құлақша гипертрофиясында, митральды тесік кішірейгенде т.б., ал кішіреюі мен ұзаруы жүректің өткізгіштік қабілетінің бірдей болмауынан кертештің жоғарғы жағы түседі.
Р кертеші теріс болуы да мүмкін, ондай жағдай құлақшаның синусының өзгеруінен болады.
Р - Q аралығы қарынша мен құлақша арасындағы қозу. Р - Q тістері арасының үлкеюі, жүйке тамыр қызметінің қозуы кезінде миокардиодистрофияда Р - Q аралығының кішіреюі шаршағанда экстросистолада кездеседі.
Q - кертеш жүрек қарынша етінің қозуында Q кертешінің үлкеюі, әсіресе 3-бөлікте инфаркт кезінде байқалады.
R - кертеші екі қарынша еттерінің қозуынан пайда болады. Оның биіктігі еттердің қозуына, электірлік бағытқа байланысты.
R - кертеші неғұрлым биік болса, кішіреюі қарынша қызметінің жақсы екендігін көрсетеді, ал кішіреюі керісінше. Ал бұл тістің жоғарғы жағының түзу сызық болуы, екіленуі қозғыштық қасиетінің бұзылуынан болады. Бұл кезде Q,R,S тістерінің ара қашықтығы ұлғаяды. Сол жақ қарынша еті гипертрофиясында R кертеші 1-бөлікте үлкейеді де, 3-бөлікге кішірейеді. Ал оның оң жақ қарынша етінің гипертрофиясында тісі 3-бөлікте үлкейеді де бірінші бөлікте кішірейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |