«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет15/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Пайдаланған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер.

  1. Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары. К.Н. Қожанов. Семей 2005ж.

  2. Ауыл шаруашылық малдарының жұқпайтын ішкі аурулары. Құрбанов С., Мамбетали О.Д., Құрбанова К.С. Шымкент, 2010 ж

  3. Малдың ішкі жұқпалы емес және инвазиялық аурулары. Тулеметова С.Е. Шымкент 2012ж

  4. Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары. М. Қожабаев, Ш.М Қаратаев. Шымкент 2006ж

  5. Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных . Курбанов С., Курбанова К.С. Шымкент 2010г

  6. Внутренные болезни животных. Г.Г. Щербаков Москва. 2006г

  7. Ветеринариялық клиникалық диагностика. Оқу құралы. Құрастырған М.А.Молдагулов. Алматы: Мерсал, 2004 г.

  8. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностикасы. М.А.Молдагулов. Алматы,2007

Қосымша әдебиеттер
1. Внутренние болезни животных. Г.Г.Щербаков, А.В.Коробов. Санкт-Петербург,
2005 г.
2. Внутренние незаразные болезни животных. И.М. Карпутя Минск «Беларусь» 2006г
3. Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных Животных. Под редакцией профессора В.И. Зайцева М. 1971 г.
6 дәрістік сабақ.


Тақырыбы: Жалпы клиникалық зерттеу әдістері: қарау, сипау (пальпация), перкуссия және аскультация (тыңдау). Оларды қолдану техникасы. Ауруды ұғынуда әрбір әдістің бағалылығы және маңызы.
Ауру малдарды клиннкалық тексерудің ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты. Ауруды анықтау пәнінде берілген ауру малды клиникалық тексерудің негізгі әдістерін жүйелеп тиянақтау. Ауру тарихын, курс жүмыстарын, малдәрігерлік клиникалық құжаттарды білікті түрде толтыруға үйрету.
Сабақтың жүргізілетін орны клиниканың манежі. Мал ұстайтын станогі бар манеж, кафедра клиникасының қолайлы дәрісханасы. Уақыты 1 сағат.
Қажетті кұжаттар: дені сау және ауру малдар (мүмкіншілігінше әртүрлі малдардың болғаны дұрыс). Клиникалық тексеруге қажетті құжаттар (халаттар, термометрлер, фонендоскоптар, плессиметрлер, балгашықтар, маталар, зарарсыздандыратын ертінділер, малды бекітіп ұстайтын аспаптар, арнайы аппараттар - руминограф, фонокардиограф, ауру тарихының бланкасы жәнет.б.).
Сабақты жүргізілетін әдістемелігі. Сабақты толық топқа екі оқытушы жүргізеді. Бірінші оқытушы сабақ материалдарын түсіндіріп тұрғанда екінші оқытушы малдың қасында сол айтылғандарды тәжірибе жүзінде көрсетіп тұрады.
Сабақтың темендегідей тәртіпте өткені дұрыс: ұйымдастыру тәртібі. Студенттердің бар-жоғын тексеру, олардың теория жүзіндегі білімдерін білу үшін лекция материалдарынан сұрау, жүргізілетін сабақтың мақсаты мен сабақ барысында шешілетін мәселелерді түсіндіру.
Клиникалық тексеруді малды тіркеуден бастап, анамнез, әрбір жүйелерді тексерумен жалғастырып, арнайы зерттеулермен аяқтайды. Ауру тарихында малдың жалпы жағдайы, тексеру кезіндегі клиникалық статусы, қосымша зерттеулердің нәтижелері және тексеру қортындысы келтіріледі. Ауру тарихы занды құжат болып табылады. Ол арқылы аурудың даму сатысын қадағалап отыруға толық мүмкіншілік бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет