«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет9/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1
аниме 2, 996495
Пайдаланған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер.

  1. Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары. К.Н. Қожанов. Семей 2005ж.

  2. Ауыл шаруашылық малдарының жұқпайтын ішкі аурулары. Құрбанов С., Мамбетали О.Д., Құрбанова К.С. Шымкент, 2010 ж

  3. Малдың ішкі жұқпалы емес және инвазиялық аурулары. Тулеметова С.Е. Шымкент 2012ж

  4. Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары. М. Қожабаев, Ш.М Қаратаев. Шымкент 2006ж

  5. Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных . Курбанов С., Курбанова К.С. Шымкент 2010г

  6. Внутренные болезни животных. Г.Г. Щербаков Москва. 2006г

  7. Ветеринариялық клиникалық диагностика. Оқу құралы. Құрастырған М.А.Молдагулов. Алматы: Мерсал, 2004 г.

  8. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностикасы. М.А.Молдагулов. Алматы,2007

Қосымша әдебиеттер
1. Внутренние болезни животных. Г.Г.Щербаков, А.В.Коробов. Санкт-Петербург,
2005 г.
2. Внутренние незаразные болезни животных. И.М. Карпутя Минск «Беларусь» 2006г
3. Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных Животных. Под редакцией профессора В.И. Зайцева М. 1971 г.

3 дәрістік сабақ.




Тақырыбы: Малды зерттеу кезінде жеке басты және еңбекті сақтандыру ережелері. Малға жақындау тәсілдері.


Ауру малдарды тексерудің ережелері. Оларды ұстау әдістері және жеке бастың қауіпсіздігі
Сабақтың мақсаты. Ауру малдарға малдәрігерлік көмек көрсеткенде оларды дұрыстап ұстау әдістерімен және жеке адамның қауіпсіздігін сақтауды толық таныстыру.
Сабақ жүргізілетін орын. Кафедра клиникасының манежі, лабораториясы, жақын орналасқан шағын шаруашылықтар.
Керекті кұжаттар, құрал саймандар:мүмкіншілігінше әртүрлі малдар (жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, шошқа, ит, мысық). Малдарды ұстайтын арқан-жіп, тұсау, ноқта, басқұр, ауыздық және т.б. Студенттерге халат, бас киім, жаулық, қолғап, етік. Ірі малдарды жығуға қолданылатын аспаптар, залалсыздандыратын дәрілер.
Сабақты жүргізу әдістемелігі. Сабақты толық топқа (15-20 студент) екі оқытушы жүргізеді. Алдымен студенттерді сабақтың мақсатын және жүргізу барысымен таныстырады. Әртүрлі малдарды қалай ұстап, қалай оларға жақындау керек екенін түсіндіреді. Студенттердің көңілін жеке бастың қауіпсіздігіне көңіл аударады. Студенттер бірнеше топтарға бөлініп, кезек-кезек, әрбір малды ұстау, байлау және т.б. әдістерімен айналысады. Сабақтың барысында студенттер өз жұмыстарына оқытушының қатысуымен қорытынды жасап, бір-бірімен пікір алысады. Сабақ жүргізуші оқытушының сұрақтарына жауап береді.
Еске алатын жай: ауру малды тексергенде тексеруші малдәрігеріне ешқандай кедергі болмауы керек (айғай-шу, мотордың жұмысы, басқа да стресс тудыратын жағдайлар). Әрбір малды ұстамас бұрын кісінің келе жатқанын білдіріп барып жақындау керек. Малдарды жуасыту үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады. Ол әдістерді сөйлей жүріп іске асырған жөн. Мысалы: сиырдың астыңғы жақ сүйектерінің аралығын, жылқылардың жалының астын, жауырын-жанбас тұстарын, иттер мен шошқалардың әр жерлерін сипалау, мысықтардың құлақтарының арасын қасу, арқасын қасу жөне т.б. әдістер.
Ауру малды тексеру барысында, тексергеннен кейін студент өз басынының гигиенасын толық сақтауы керек. Ол үшін су, зарарсыздандыратын ертінділер және т.б. керекті құжаттар кеңінен қолданылады.
Сабақ аяғында студенттерді кафедра бөлімдерімен, лабораториямен, аспиранттардың жұмыстарымен, радиобиология, физио-рентген кабинеттерімен, топтап емдеуге арнайы жасалған бөлмелермен таныстырады. Әрбір студент техника қауіпсіздіг журналына қол қояды. Келесі сабаққа үйге тапсырма беріледі.

Малдарды ноқталап-байлап ұстау және техника қауіпсіздігі.
Жылқылар. Жылқы малының алдыңғы, артқы аяқтарыменен тебуі мен тістеуінен сақ болу керек. Жылқыға жанамалап жақындаған дұрыс. Сол қолмен жүгеннің ауыздық тұсынан ұстап, оң қолмен мойын, жал, арқа, сауырын тұстарын сипалап машықтандырады. Көп малды бірден тексеру керек болғанда ол малдарды бір-бірлеп өткізетін сала жасаған жөн. Малдарға емдік әдістер қолдағанда жылқының дәрігер тұрған жақтағы алдынғы аяғын тізесінен бүктіріп ұстап, жіпті мойнына бекітіп байлап тастау керек, немесе артқы екі аяғына тұсау салып қойған дұрыс.
Асау аттарды тексергенде олардың үстіңгі еріндеріне бұрау салып, бір құлағынан қатты қысып ұстаған тиімді. Мүмкіншілігінше болған жағдайда әртүрлі станоктарды пайдалану керек.
Ірі қара малы. Ірі қара малдың артқы аяғымен тебуінен және мүйізінен сақ болу керек. Ол үшін алдымен мұрын аралық шеміршегін қатты қысып қолмен, арнайы дайындалған қыскыштармен (Грамс, Николаев кысқыштары - 1 сурет), немесе арқан жіптермен күрмелеп байлайды. Малдың артқы аяқтарын тексеріп емдеу үшін артқы аяқтың екінші буынына жіппен тұзақ істеп байлап қойған дүрыс.
Бүқаларды түмсық сақинасы, немесе мойынбау арқылы байлап үстайды. Асау бүқаларды жетектегенде екі метрдей таяқшаны жетек жіпке жалғастырьш үстаған дүрыс. Жалпы асау бүқаларды тексергенде қолайлы станокты пайдалану керек.
Бұзауларды мойын, құлактарынан ұстап, немесе мойынбау тағып қазыкқа, қабырғаға станокқа байлап барып тексеруге болады.
Қой мен ешкіні тексергенде оларды мойнынан, не мүйізінен ұстап тұрады. Керек болған жағдайда арнайы столға, не жерге жатқызып та тексеруге болады.
Түйелерді тексеруге ноқталап әкеледі. Түйелер күшенген жерден басымен соғып, артқы аяқтарымен тебуі мүмкін. Сондай-ақ тістеп, аузынан жағымсыз иісті жын шашады. Сондықтан түйені тексергенде оның қасында өзіне таныс, барып-күтіп жүрген кісінің болғаны жөн. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында түйені шөгеріп, тізерлеп барып тексеруге кіріскен өте дұрыс.
Бұғыларды табыннан құрық арқан немесе арнайы істелген саласы бар қораға қамау арқылы ұстап, жіппен ноқталап, қозғалмайтын діңгекке байлап барып тексеру керек.


Шошқаларды жоғары жақ сүйегінен арнайы қысқьшпен ұстап, немесе карапайым станоктарға қамап, тұрған күйінде тексерген жөн. Ол үшін К.П.Соловъевтың қыскышын қолдануға болады. Торайларға егу, топтап емдеу жұмыстарын жүргізгеңде ені тар, ұзын, екі жағынан кісі жүре алатын арнайы істелген қорашықтарды, станоктарды да пайдалануга болады.
Иттерді тексеруге мұрындық, топса кигізіп барып кіріседі. Ондай арнайы әзірленген мұрындық жоқ болған жағдайда жұмсақ, мықты жіпті жақ сүйектің үстінен жіберіп астынғы жақ сүйектің астынан шалып алып желке тұсынан таңып байлап тастайды. Оны ит иесінің көмегімен орындаған дұрыс. Құтырған итгерге күдік болғанда оларды темір торда ұстау керек. Егер иттерді жатқызып тексеру керек болса, онда ұсақ малдарға арналған станоктар қолданылады. Ондай станоктарда иттердің денесін тексеруге қолайлы жағдайға келтіре отырып қарауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет