«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет107/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Процедуралық бөлме – ең негізгі бөлме. Бөлменің кіреберісінде 2 м биіктікте қызыл түспен «кіруге болмайды» деген сөз ақ жарық шам бетінде жанып тұруы керек. Бөлменің аумағы 25 м2, ал биіктігі 3,5 м-ден, терезенің еденнен биіктігі 1,5 м кем болмауы тиіс. Қажет болған жағдайда (рентгеноскопия жасау үшін) процедуралық бөлмені караңғылау үшін терезеде арнайы перде болуы керек. Бөлмелердегі ауаның температурасы шамамен 20°С-ка жуық. Жұмыс кезінде жасанды желдеткіштер оқтын-оқтын жұмысқа қосылып тұруы керек. Электр тоғының әсерінен мамандарды, ауру жануарларды және онымен бірге келген адамдарды қорғау үшін еден тақтайдан жасалынып линолеуммен қапталады. Бөлмені тазалап жуып тұру үшін қабырғалары майлы бояумен боялады (бөлмеде қажетіне қарай ауру малдарға салыстырмалы салмағы ауыр қоспалар жіберіп зерттеу тәсілдерін өткізуге болады).
Баскару жүйесі тұратын бөлме. Бұл бөлмеде өлшеу аспаптарымен басқару жүйесі тұрады. Аумағы 10 м2, биіктігі 3,5 метрден кем болмағаны жөн. Еденіне - тақтай, линолеум төселген. Мезгіл-мезгіл ауа тазартылып тұруы керек. Бұл бөлме процедуралық бөлмеден бөлек, сондықтан ауасы йондалмауы тиіс. Ауру малдарды зерттеу қорғасындалған шыны әйнектен қарап тұрып жүргізіледі.
Дәрігер-рентгенологтың бөлмесі басқа бөлмелерден бөлек орналасқан. Бір дерігерге арналған бөлменің аумағы 10 м2. Бөлменің биіктігі 3,5м. Ішінде столдар, орындықтар, рентгенограммаларды, флюоросуреттерді оқитын аспаптар (негатоскоп, флюороскоп) тұрады.
Рентген суретін шығаратын бөлме - аумағы 6 м2, биіктігі 3,5 м. Электр шамы арқылы ғана жарықтандыруға болады. Едені тақтай. Бұл бөлмеде бейне шығарушы (проявитель), бейнені тұрақтандырушы, бекітуші (закрепитель) ертінділер, олардың ұнтақтары, таспалар, рентгенограммаларды кептіретін шкаф тұрады.
Рентген бөлмесінде жұмыс істейтін мамандар сәуленің қолайсыз әсеріне байланысты зияндығы жағынан «А» тобына жатады да оларға өкімет тарапынан төмендегідей жеңілдіктер беріледі: а) жұмыс мерзімі 5 сағат (аптасына алты жұмыс күні болса); б) еңбек ақылары басқа ветеринариялық салада қызмет істейтін мамандарға қарағанда 25 процент жоғары; в) жыл аяғындағы демалыс мерзімі 36 (50 процент жоғары) күн; г) зейнеткерлік демалысқа әйел адамдар 45, ал ерлер 50 жасында шығады.
Аталған жеңілдіктер сәуленің әсер етуіне ұшырауы мүмкін деген ұғыммен сәуле пайда болатын жерде жұмыс істегені үшін ғана беріледі. Бұл адамдар сәуленің теріс әсерінен 100 процент қорғана білсе де, аталған жеңілдіктерді пайдалануға құқы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет