«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша


Рентген сәулесінің пайда болуы мен оның негізгі қасиеттері



бет110/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Рентген сәулесінің пайда болуы мен оның негізгі қасиеттері
Рентген сеулесін алу үшін, ең бірінші рентген түтікшесінің катод- сертпесін төмендеткіш трансформатордан келген (5-8 вольт) кернеулі тоқпен жайлап қыздырамыз. Одан сертпе айналасында, кинетикалық күш әлсіз болғандықтан ұзаққа ұша алмайтын, теріс зарядты электрондардікі шоғырланған бұлт қаралады. Бұл құбылысты электрондық эмиссия дейміз. Бұл құбылыстың рентген сәулесін алуда маңызы өте зор. Сертпені қыздырып болған соң рентген түтікшенің катоды мен анодының полюстарына жоғары кернеулі, бірнеше мыңдаған қалыпты электр тогын береміз. Бұл ток жоғарылатқыш трансформатордан келеді.

Рентген сәулесінің пайда болуының схемадағы көрінісі А-электрондар эмиссиясы, 6-рентген сәулесінін пайда болуы


Бір-біріне аттас зарядтар бірін-бірі кері итереді, ал әртүрлі зарядтар бірін-бірі тартады, содан барып сертпенің айналасындағы және одан бөлініп шыққан электрондар катодтан анодқа қарай үлкен жылдамдықпен ұшып, анодтың пластинкасын үздіксіз соққылайды. Жоғары жылдамдықпен катодтан анодқа ұшып шыққан электрондар анод бетіндегі айнаға ұрылып кенеттен тежеледі, бұл кезде электронның кинетикалық күшінің 99 %-ті жылуға, тек 1%-ті ғана электромагнитті импульсқа, яғни рентген сәулесіне айналады. Егер электрондардың анод бетіне ұрғандағы тежелуінің әсерінен жылдамдығы мен күші жеткіліксіз болса, онда электроннын барлық кинетикалық күші атомдардың иондалуы мен қыздырылуына жұмсалып, ақыр соңында барлығы жылуға айналады. Бұл жағдайда рентген сәулесі пайда болмайды. Тәжірибе жүзінде, рентген сәулесі катод пен анодтың арасындағы потенциал айырмашылығы 10-12 киловатган кем болмаған жағдайда пайда болады.
Рентген түтікшесіндегі анод айнасын үздіксіз, жоғары жылдамдықпен соққылаудың салдарынан қызып кетеді, оның қызуы 3400 градусқа дейін жетеді, содан барып ол еріп, істен шығады. Сондықтан оны арнайы салқындату жүйесі арқылы суытып отыру керек.
Рентген сәулесі дегеніміз анодтың қиғаш бетінен шағылысып сынған электрондар емес, ол, электрондардың жоғары жылдамдықпен келіп анодтың вольфрамды айнасының бетіне ұрылып, бірден тежелуінен пайда болған электромагнитті тербеліс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет